• Басты
  • Еліміздегі егіс алқаптарының 25% "Астана-Нан" ЖШС дәрі-дәрмектерімен өңделеді
28 Мамыр, 2020 17:30

Еліміздегі егіс алқаптарының 25% "Астана-Нан" ЖШС дәрі-дәрмектерімен өңделеді

"Астана-Нан" ЖШС 1999 жылы құрылып, 20 жылдан астам уақыт өсімдіктерді қорғауға арналған жоғары сапалы құралдарды (пестицидтер) өндірумен мен сатумен айналысып келеді. Компания өз өндіретін пестицидтер, тұқымдар, өсімдіктердің өсуін реттегіштер, беттік-белсенді заттарды және шетелдік өнімдерді нарыққа ұсынады. Сондай-ақ, кәсіпорын елімізде өндірілетін барлық ауыл шаруашылығы дақылдары үшін өсімдіктерді қорғаудың кешенді тиімді шешімдерін жүзеге асырады. Қазақстандағы егіс алқаптарының 25%-дан астамы "Астана-Нан" ЖШС өндірген дәрі-дәрмектермен өңделеді.
Еліміздегі егіс алқаптарының 25% "Астана-Нан" ЖШС дәрі-дәрмектерімен өңделеді

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын өндіретін "Astana–NanChemicals" ЖШС зауыты ашылды. Бүгінде кәсіпорынның жобалық өндірістік қуаты жылына 50 мың тоннаға дейін дайын өнімді құрайды.

Зауыт Ақмола облысының Степногорск қаласында орналасқан және бұрынғы "Прогресс" өндірістік бірлестігі базасында құрылған. Компания 9 корпусты қайта жаңартып, іске қосты. Онда өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын өндіру бойынша 13 технологиялық желі орнатылды. Жоба дәнді және техникалық дақылдар өнімділігін арттыру үшін қажетті гербицидтерді, тұтас әсер ететін гербицидтерді, фунгицидтерді, инсектицидтерді, тұқым дәрілерін өндіруге бағытталған.

Бүгінгі таңда компанияның пестицидтердің барлық препараттық түрлерін өндіруге мүмкіндігі бар. Кәсіпорын әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Экологиялық, өнеркәсіптік және санитарлық қауіпсіздіктің барлық нормалары мен талаптарын сақтай отырып салынған. Өндіріс пестицидтерді формуляциялаудың жаңа технологияларына сәйкес жүргізіледі. Аккредиттелген химиялық зертханасында үш сатылы сапаны бақылау жүйесі бар - келіп түсетін шикізаттың сапасынан бастап дайын өнімнің сапасына дейін бақыланады. Өндіріс сапасын бақылаумен қатар, зертхана қызметкерлердің денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін өндірістік үрдістің барлық сатыларында күнделікті экологиялық мониторинг жүргізеді.

Зауыт - Қазақстанда пестицидтер өндіретін ең ірі кәсіпорын. Бірнеше жылдан бері зауыт көптеген мультиұлттық компанияларға қызмет көрсетуде. Батыс мамандарының пікірінше, кәсіпорын Орталық Азия мен Ресейдің Қиыр Шығысына дейінгі аймақтардағы жабдықтар мен өндірістер ішінде үздік кәсіпорын саналады. 

2016 жылдың желтоқсанында Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру кезінде Мемлекет басшысына "Глифосат калий тұзын және құрамында глифосат бар гербицидтерді өндіру зауыты" жаңа инновациялық жобасы таныстырылды. Мұндай өндіріс ошағы республикада алғаш рет салынды және бүкіл посткеңестік кеңістіктегі ең ірі жобалардың бірі болды.  

Сонымен қатар, 2016 жылы су диспергацияланатын гранулаларды өндіру бойынша екінші желі және суспензия концентраттарын өндіру бойынша үш желі іске қосылды. Сол жылы мамырда полиэтилен ыдысы өндірісі ашылды. Сондай-ақ, өткен жылдың сәуір айында уақытша сақтау қоймасы пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда өндіріс ошағы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Зауытта арнайы оқытылған мамандар жұмыс істейді. Олар жыл сайын дағдыларын жетілдіріп, отандық және шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мен зертханаларда біліктілігін арттырады.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды