Елімізде жол апаты саны азайды

7 Қазан, 2020 15:02

Бүгін елордада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған баспасөз мәжілісі өтті. Жиынға қатысқан ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Қазақстанда жол апаты саны азайғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Cерік Түсіповтың сөзінше, еліміздегі жолдардағы апаттардың жайы тұрақты. Апат саны соңғы 6 жылда, 2014-2019 жылдары 29 пайызға төмендеді. Мысалы, 2013 жылы 23 359 апат тіркелсе, 2019 жылы 16 614-ке азайған. Апат салдарынан болатын өлім саны 21 пайызға, яғни 3 037-ден 2 405-ке төмендеген. Ал жарақаттану 26 пайызға, 29 872-ден 22 180-ге дейін азайып отыр.

Комитет төрағасы орынбасарының сөзінше, 2020 жылдың 9 айында 8933 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 1265 адам қайтыс болып, 11780 адам жарақат алған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда апат саны 22 пайызға, яғни, 11484-тен 8933-ке дейін, оларда қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 19 пайызға, жаралылар саны 23 пайызға азайды.

Ішкі істер министрлігінің апаттық жағдайын жүйелі түрде тұрақтандыру мақсатында шаралар кешені жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытталған

«Бірінші кезекте жолды бақылау күшейтілді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 3 миллионнан астам жол ережесін бұзушылықты анықтады, оның ішінде 119 мың жаяу жүргінші, 12,9 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 15,2 мың жүргізушіні көлік жүргізу құқығынан айырса, 12,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды», - деді Серік Түсіпов.

Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын түзетудің автоматты жүйелерін енгізу жол қозғалысы қатысушыларының тәртібін нығайтуға ықпал етеді. Комтеттің мәліметінше, қазіргі уақытта республика жолдарында жалпы саны 11 мыңға жуық осындай жүйелер жұмыс істейді. Техникалық бақылау құралдарының көмегімен республикада жыл сайын 1,2 миллионға жуық бұзушылықтар анықталады, бұл барлық анықталған жол қозғалысы ережелерінің 40 пайызын құрайды, бюджетке 7 миллиардтан астам теңге түседі.

Олар жол қозғалысын бақылауда және оған қатысушылардың тәртібін жоғарылатуда тиімді екендіктерін дәлелдеді.

Сондай-ақ елдімекендерде 2,1 мыңға жуық маршруттар әзірленді, ал қала маңындағы жолдарда 211 патрульдік маршруттар бар. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жедел-профилактикалық іс-шаралар кешені тұрақты түрде жүзеге асырылады.

«Жол қауіпсіздігі деңгейіне әсер ететін көптеген маңызды факторлардың бірі - бұл көлік құралдарының техникалық жағдайы. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қыс мезгілі басталысымен автокөлік құралдарының жолда жүруі ерекше назар аударуды қажет ететіндігін еске саламыз. Бұл бөліктің де өзіндік ережелері мен талаптары бар», - деді ол.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көлікті жүргізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар ол қауіпсіздік мақсатында азаматтарды ауа-райының жағдайын ескере отырып, ұзақ сапарларды алдын-ала жоспарлауға шақырды. Құтқару қызметінің ескерту хабарламаларына назар аудару керегін еске салды.

Барлық жаңалықтар