• Басты
  • Елімізде StartUp жобалар кәсіпке айнала бастады
25 Қазан, 2019 18:34

Елімізде StartUp жобалар кәсіпке айнала бастады

Елордада өтіп жатқан Digital Bridge 2019 халықаралық форумы аясында қазақстандық стартаптардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ұйымдастырған жас қазақстандық бағдарламалаушылар мен стартаптарға бағытталған  Smart Zholy бағдарламасының жеңімпаздары да болды. Форум барысында сондай бірқатар стартап жобалардың авторларымен, жетекшілерімен сұхбат құрудың сәті түсті,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Елімізде StartUp жобалар кәсіпке айнала бастады

Соның бірі Tastamat терминалдар желісінің негізін қалаушы Данияр Асанов құрылғының қалай жұмыс істейтінін, тұрғындарға қандай қызмет көрсететіні жөнінде айтып берді. 

"Tastamat технологиясының негізін қалаған өзім. Жобасын жасаудан бастап, бағдарламасын жасақтау, қызмет көрсетуін ұйымдастыру, жәшіктеріне дейін өзім ойластырдым. Tastamat пошта сәлемдемелерін, онлайн тапсырыстарды алуға болатын құрылғылар. Аталған құрылғы тәулік бойына жұмыс істейді, сондықтан клиент өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта өзінің тапсырысын жақын жерде орналасқан құрылғыдан алуға мүмкіндігі бар", - деді ол.

photo5303070788833881236.jpgСондай-ақ, жоба авторының айтуы бойынша, бұл құрылғы азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Себебі кезекке тұрудың қажеті жоқ.

"Адамдарға пошта бөлімшелерін іздеп, кезекке тұру қажет емес. Қызметті пайдалану үшін жеке басын куәландыратын құжаттар да қажет емес. Пошта тауардың құрылғыға келіп түскендігі жөнінде ұялы телефон нөміріне хабарлама жібереді. Мәселен, онлайн тапсырыс берген жағдайда курьер тауарыңызды осы жәшіктің біріне салып кетеді. Сізге де, курьерге де арнайы код жіберіледі. Сол кодты сканерден өткізген кезде бос жәшік ашылады.  Кейін қолыңыз босағанда, келіп арнайы кодты сканерден өткізу арқылы тауарыңызды ала аласыз", - деп құрылғының қалай жұмыс істейтіндігіне тоқталды.  

Сонымен қатар, Данияр Асановтың айтуынша, қазіргі таңда елордада 60-қа жуық осындай құрылғы бар. Олар ойын-сауық орталықтарында емес, кересінше, азаматтарға ыңғайлы болуы үшін тұрғылықты үйлердің айналасында, кішкентай дүкендерде орналасқан. 

Бұдан бөлек, оқушыларға, студенттерге, ересек адамдарға мамандық таңдау, жұмыс табу, оқу орнын оңай табуға мүміндік беретін "Bagdar" кәсіби бағдарлау бағдарламасын атап өтуге болады. 

"Qazproftec" компаниясының  зерттеушісі Ирина Корчакованың айтуынша, кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналасу, білім беру сияқты үш түрлі бағытта халыққа қызмет көрсететін бағдарламаның мобильді қосымшасымен қатар сайты да жұмыс істеп тұр. 

"Bagdar" кәсіби бағдарлау бағдарламасының кәсіптік бағдарлау бөлімінде азаматтарға өздеріне бейімді мамандықтарды анықтау үшін арнайы психологиялық тестілеуден өтуге, мамандықтардың талаптары мен кәсіби ерекшеліктерімен танысуға, ЖОО немесе колледждерден арнайы курс таңдауға, қандай мамандарға сұраныс барын білуге мүмкіндік береді"- дейді Ирина Корчакова. 
Сондай-ақ, зерттеушінің айтуы бойынша, тек мамандық таңдауда ғана емес, түлектер мен талапкерлердің білімін тексеруге арналған арнайы тесттік жүйе де бар.

Бұдан бөлек, жұмыс іздеп жүрген азаматтар үшін арнайы бос орындар бөлімі, түйіндеме орналастыруға арналған бөлімдері барын атап өтті.

"Бағдарламада түлектер мен талапкерлердің, және 9 бен 11 сынып оқушыларына арналған тесттік жүйе бар. Ол белгілі бір мамандықты таңдауда медициналық көрсеткіштерінің сәйкес келуін ескере отырып, жоғарғы сынып оқушыларының, түлектердің және талапкерлердің кәсіби бағдарлануын кешенді диагностикалауға арналған. Сонымен қатар, жұмыссыз жүрген адамдарға арналған бос жұмыс орындар бөлімі, азаматтарға түйіндеме орналастыруға арналған бөлімдер бар", - деді ол.

Айта кетейік, еліміздің астанасында "Digital Bridge" халықаралық технологиялық форумы өтіп жатыр. Digital Bridge – бұл интернет-компаниялар, технологиялық кәсіпкерлер, венчурлік инвесторлар, бизнес періштелер, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, корпорациялар, IT-мамандар, блогерлер және сандық БАҚ үшін жыл сайынғы өткізілетін форум. Аталған форум IT-технологиялар, инновация, медиа саласында дамыту бойынша тәжірибе және ұсыныстар алмасатын, сондай-ақ Орталық Азия мен басқа әлем арасында Цифрлық көпір құратын алаң болып саналады.

Сондай-ақ, айта кету керек, биылғы жылы Digital Bridge форумы еліміздің жас IT-мамандарын қолдау мақсатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізілуде.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды