- Басты
- Жаңалықтар
- Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті, деп хабарлады Strategy2050.kz ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң шеңберінде аумақтық сайлау комиссиялары қабылданған шешімдерге сәйкес, 47 учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірде - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелері ашылуға кірісті, яғни Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 8.00-де басталды.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді.

Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залының ғимаратында орналасқан №138 сайлау учаскесінде өтті.
Сонымен бірге, 12 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 12 сайлау учаскесінде де дауыс беру басталды.
Республикада барлығы 10 060 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде 66 сайлау учаскесі - 53 елде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанында жұмыс істеп жатыр.

СІМ берген мәлімет бойынша, Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала -Лумпур, Джакарта, Бангкок, Ұлан-Батыр қалаларындағы сайлау учаскелері жұмысын бастады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар