- Басты
- Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталды
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталды
Бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда халықты вакцинациялау басталды. Алғаш болып вакцина алғандардың қатарында Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрлері бар, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда «Спутник V» екпесімен еркіті түрде вакцинациялау науқаны басталды.
Бұған дейін жасалған келісім негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясын жеткізді.
Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаны жеткізетін болады.
Сондай-ақ, сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасы салынады деп жоспарлануда, ай сайын оның көлемі 500 мың дозаға көбейеді.
Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары, яғни атап айтқанда, медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т. б. вакцинацияланады.
Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді.
Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егу жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды.
Айта кету керек, тек вакцинация коронавирустың одан әрі таралуына жол бермейді және қатаң локдаунның жалғыз баламасы.
Бүгін вакцина алғандардың қатарында денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният бар.
-
COVID-19-ға қарсы қабылданған шаралардың нәтижелері
-
ДДҰ: Әлем халқының 10%-дан азында коронавирусқа қарсы антидене бар
-
Елордада мұғалімдер мен полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады
-
ДСМ: «Биологиялық қауіпсіздік» заңы, медқызметтер тарифі және елдегі вакцинациялау мәселелері
-
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
-
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша
-
Елордада 1980 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды
-
COVID-19 қарсы вакцина: 14 000 адамға салынды, асқыну болған жоқ
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары қандай
-
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі
-
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды
-
COVID-19: КВИ мен шизофрения байланысы, Швециядағы ковид-төлқұжат және вакцинациялаудың шекті жасы
-
ҚР-дағы вакцинациялау: Вакцина алатын азаматтар нені білуі тиіс
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады
-
Қазақстанда халықты вакцинациялаудың бipiншi күнi қалай өттi

