• Басты
  • Елімізде инфрақұрылымдық жобалар аясында 13 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылды
18 Мамыр, 2020 16:03

Елімізде инфрақұрылымдық жобалар аясында 13 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылды

Қазақстанда «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Ол елді мекен, жобалар, кәсіпорындар, экономиканың салалары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша жұмысқа орналасу көрсеткішіне сапалы мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
Елімізде инфрақұрылымдық жобалар аясында 13 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жаңа ақпараттық жүйесі жұмыс орындарын құру серпінін дәл көрсетеді, сондай-ақ 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы мен жұмыс орындарын құру бөлігіндегі басқа да мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін жаңаша бағалауды енгізеді.

Ақпараттық жүйенің ағымдағы жылдың 18 мамырындағы деректеріне сәйкес өңірлерде 3,6 мыңға жуық жоба жүзеге асырылуда. Олардың жартысынан көбі Жұмыспен қамту жол картасына енген жобалар.

Бүгінде 41 мыңға жуық жұмыс орны құрылды (жоспардың 16%), 12,9 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның 4,6 мыңы бұрын жұмыссыз, мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болған. Ал, қалған 7,2 мыңы жұмыс іздеуші тұлғалар.

Жұмыспен қамтылған азаматтардың: 4,1 мыңы жастар (31%), мыңнан астамы – аз қамтылғандар (7,9%) және 300-ден астамы мүмкіндігі шектеулі жандар (2,5%).

Жұмыспен қамту Жол картасы жобаларын белсенді жүзеге асыру бойынша Шығыс Қазақстан (722) және Алматы (715) облысы алдыңғы орында. Сәйкесінше, бұл өңірлер құрылған жұмыс орындарының саны (5 мыңнан астам), сондай-ақ адамдарды жұмысқа орналастыру кейстері (2,5 мыңнан астам адам) бойынша көш бастап тұр.

Жол картасы аясында ең көп жобаларды Алматы облысында (977 жоба), Шығыс Қазақстан (813) және Жамбыл (690) облысында жүзеге асыру жоспарлануда. Ал, ең көп жаңа жұмыс орындарын Алматы қаласында (26 мың), Түркістан облысы (22 мың) және Алматы  облысында (21 мың) ашылады деп күтілуде.

Барлық жаңалықтар
100.24.113.182, 192.168.88.100