• Басты
  • Елімізде "Елбасы Медалі" жобасы басталды
4 Маусым, 2020 12:31

Елімізде "Елбасы Медалі" жобасы басталды

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Елбасы Академиясы»  Корпоративтік қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин талантты жастарды қолдауға арналған жаңа бағдарламаның басталғаны туралы хабарлады.

Елімізде "Елбасы Медалі" жобасы басталды

«Елбасы Медалі» бағдарламасын “El Úmiti” бастамасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры және «Елбасы Академиясы»  Корпоративтік қоры жүзеге асырады.

Бағдарламаның негізгі символы - жетістіктің 7 жебесіне баланған. Ол - жасөспірімдердің қабілетін дамытуға, жас қазақстандықтардың рухын биік ұстауға, жаңа ұрпақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған 7 бағыт. Бұл  - спорт, дарындылық пен дағдыны дамыту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Мәселен спорт болса, оның түрін қатысушы өзі таңдайды.

Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған. Ол  үш деңгейде болады: қола, күміс және алтын. Қола 14 жастан бастап, күміс 15 жастан бастап, алтын 16 жастан бастап  қатысушыларға белгіленетін болады.  Әр деңгейде қатысушылардың сабақ ұзақтығы мен жиілігіне қойылатын талаптар ұсынылған. Әр деңгейде қатысушылардың сабақтарының ұзақтығы мен жиілігіне талаптар қойылады. Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтынға 18 ай қажет.

Айналасындағы әлемді және өмірін түбегейлі өзгерткісі келетін балалар мен жастар үшін әдістемелік және ұйымдастыру жүйесі Қордың қолдауымен құрылды. Қатысушылар өздерінің жетістіктерін бағалайтын тәлімгерлермен араласады. Бағдарламаның негізгі міндет - 7 бағыт бойынша мақсат қойып, оларға жүйелі түрде қол жеткізу. 

«Елбасы Медалі» жобасына жас ерекшелігі бойынша кез-келген адам, тұрғылықты жеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез-келген жағдайда қатыса алады. Сонымен бірге, қатысушы күн сайын өзінің физикалық жағдайын жақсартып, дағдысын дамыта отырып, айналасындағыларға көмегін тигізе алады», - деді «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин.

Қазіргі жағдайда адамның жетістігі тек қана кәсіби деңгейде ғана емес.  Жұмсақ дағдылардың soft skills (эмоционалды интеллект, көшбасшылық, жауапкершілік, өзін-өзі басқару, бейімделу жылдамдығы, әдептілік және т.б.) болуы маманға деген сұранысты, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.  «Елбасы Медалі» бағдарламасы - қатысушылардың осындай қасиеттерін арттыруға бағытталған. 

Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақыттарын басқаруды, алдына мақсат қоюды және оларға жүйелі түрде қол жеткізуді үйренеді; салауатты өмір салтын ұстанатын болады және өзін-өзі үнемі дамытады.

Көрсетілген нәтижелер негізінде бағдарлама қатысушылары алтын, күміс және қола медальдермен марапатталады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша, егер жинаған баллы өзгелермен тең болған жағдайда,  «Елбасы медалінің» иегерлері білім грантын алуға,  сонымен қатар жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алып жатқандардың құрамына енуге құқылы.  

Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында тіркелу қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін 7170 сall-орталығына хабарласуға балады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды