- Басты
- Жаңалықтар
- Елімізде 287 волонтерлік ұйым жұмыс істейді
Елімізде 287 волонтерлік ұйым жұмыс істейді
Қазақстанда 287 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Бұл туралы ел астанасында өткен «Волонтер жылы» туралы брифингте Волонтерлікті қолдау орталығының басшысы Валихан Бахретдинов айтты.
"ҚР аумағында 287 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Олардың көпшілігі әлеуметтік салада, іс-шаралар алаңында, жануарлармен жұмыс және этно-волонтерлік қызметпен айналысады. Сондай-ақ волонтерліктің жаңа бағыттары дами бастады, атап айтқанда төтенше жағдайлар, медицина, мәдениет, БАҚ және онлайн волонтерлік салаларында дамуда", - деді ол.
Сонымен бірге Нұр-Сұлтан волонтерлікті қолдау орталығын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
"Нұр-Сұлтан қаласында волонтерлік қызметтің негізгі бағыттары бойынша қызметті жүзеге асыратын еріктілер ұйымдарының құрылған жүйесі бар. Мүдделі ұйымдармен және еріктілермен өзара әрекеттесу үшін Қазақстандағы волонтерлер мен еріктілер ұйымдарының қызметін үйлестіруге және волонтерлік жобалар, бағдарламалары, акцияларына ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін qazvolunteer.kz онлайн-платформа құрылды. Платформаға сәйкес, 2019 жылдың қазан айына 2878 волонтер және 156 волонтерлік ұйым тіркелді",- деді ол.
Сондай-ақ биыл қыркүйекте платформада университет студенттерін әлеуметтік пайдалы қызметке тартуға бағытталған," "Студенттік әлеуметтік несие" модулі енгізілді. Алдын ала болжам бойынша, биыл жыл соңына дейін 8000 студент тіркелмек.
"Студенттердің бұл әлеуметтік пайдалы қызметі 5 әлеуметтік бағытта жүзеге асырылады (балалар үшін инклюзивті білім беру, қарт адамдармен жұмыс, репетиторлық, бос уақытты өткізу және девиантты мінез-құлқы бар балалармен жұмыс). Жалпы жұмыс көлемі 20 немесе 50 сағатқа таңдалған несиеге байланысты",- деді.
Жобада тіркелу және студенттің сайт таңдауы qazvolunteer.kz онлайн платформасы арқылы жүзеге асырылады. Қатысу мен жұмыс уақытын бақылауды сайт жүргізеді және есеп түрінде көрсетеді. Нәтижесінде студент 20 (50) мың теңге көлемінде ақы алады және жоғары оқу орны анықтаған 2 (5) академиялық қарызды беру құқығын пайдалана алады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары