• Басты
  • Ә.Смайылов: 250 мың жаңа жұмыс орны құрылады
2 Сәуір, 2020 09:22

Ә.Смайылов: 250 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Қазақстанда 250 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ә.Смайылов: 250 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Қаржы министрі экономикалық тұрақтылықты және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін бірқатар шараны жүзеге асыру көзделіп отырғанын айтып өтті.

"Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға 1 трлн теңге бағытталады. Инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады. Сонымен қатар 250 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бизнес жол картасын іске асыру үшін қосымша 84,5 млрд теңге қаржыны бағыттау жоспарланып отыр. Бағдарламада кәсіпкерлер несиелері бойынша субсиядиялау және кепілдендіру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту көзделіп отыр. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын ашуға және 250 млрд теңгеден астам салық көмек береді", - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ оның сөзінше, азаматтардың жекелеген санаттары үшін азық-түлік, тұрмыстық жиынтық беруге 30,8 млрд теңге қаржы жұмсау көзделіп отыр.

"Бұл шаралар жалпы 2 млн-нан астам адамды қамтитын болады. Нақтылау шеңберінде "Еңбек" бағдарламасын іске асыруға сомасы 50 млрд теңге қосымша шығыстар көзделеді. Нәтижесінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік осал халықты қолдау, еңбек делдалдығы мен шеберліктің тиімді моделін жасау жалғасатын болады", - деді министр.

Сонымен қатар оның айтуынша, карантинге тартылған қызметкерлерге 40,5 млрд теңге жұмсау жоспарланған.

"Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ағымдағы жағдайды ескере отырып, мемлекет басшысы карантинге тартылатын медициналық және басқа да қызметкерлерге қосымша ақы төлеуді жүзеге асыруды тапсырды. Аталған мақсаттарға 40,5 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр", - деді Әлихан Смайылов. 

Бұдан бөлек ол макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты қолға алынатын іс-шараларға тоқталды.

"Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап әлеуметтік төлемдерді индиксациялау және шетел валютасының өзгеруіне байланысты шығыстарды өтеу жүзеге асырылатын болады. Оған 315,6 млрд теңге бағытталады.  Азаматтарды және экономиканы қолдауға, оның ішінде мемлекет басшысының бірқатар тапсымасын іске асыруға 293 млрд теңге бағыттау ұсынылады. Осы қаражат шеңберінде өмір сапасын жақсарту және кірістер мен сұранысты ұлғайтумен бірге өндірісті ынталандыруға бағытталған шаралар мен жобаларды іске асыру жоспарланып отыр, - деді министр. 

Сонымен қатар оның айтуынша, бюджет кірістері бойынша шығындарды өтеуге және жоғарыда аталған шараларды іске асыру үшін республикалық бюджет шығыстары 532 млрд теңгеге оңтайландырылған.

"Бюджет тапшылығы 841 млрд теңгеге ұлғайтылды. Нәтижесінде республикалық бюджет параметрлері былай қалыптасты.  Түсімдер - 11,8 трлн теңге, шығыстар - 14,3 трлн теңге, тапшылық - 2,4 трлн теңге немесе ішкі жалпы өнімге 3,5 пайыз. Республикалық бюджетті нақтылау бойынша тиісті жарлықтың жобасы мемлекет басшысының қарауына жіберілетін болады", - деді ол.

Оның сөзінше, осы шешім қабылданған күннен бастап барлық бюджет әкімшілері, жергілікті атқарушы органдар қосымша бөлінген қаражатты уақытылы және тиімді игеру үшін тиісті мемлкеттік сатып алу және басқа рәсімдерді дер кезінде іске асыруы қажет. Сонымен қатар барлық өңірде мәслихаттардың отырысын өткізу керектігін айтты.  

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды