• Басты
  • Елімізде 120 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған
6 Сәуір, 2020 15:57

Елімізде 120 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған

Қазақстанда 120 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Елімізде 120 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған
"Қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған 120 медицина қызметкері тіркелді. Оның ішінде 67-і коронавирус жұқтырған науқастар мен індетті жұқтыруы мүмкін деген күдігі бар адамдарға адамдарға медициналық көмек көрсеткен. Бір дәрігердің жағдайы ауыр, 9 қызметкердің жағдайы орташа, ал қалған 57 дәрігер дерттің жеңіл түрімен ауыруда", - деді Бас санитарлық дәрігер. 

Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова аталмыш инфекцияны жұқтырған балалардың жағдайына тоқталып өтті.

"Қазір коронавирус инфекциясын жұқтырған 45 бала тіркелді. Оның 4-еуі шығарылды. Қалғандары COVID-19-дың жеңіл түрімен ауырады", - деді ол.

Айта кетейк, бүгін түстен кейін корoнавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелдi, Жамбыл облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 2 адам, Қарaғанды облысында - 16 адам, Шығыс Қазaқстан oблысындa – 1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қaласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 116 адам, Қарағанды облысында - 48 адам, Ақмола облысында - 23 адам, Атырау oблысы - 24 адам, Жамбыл облысында - 29 адам, Шымкент қаласында - 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам, Aлматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 11 адам, Солтүстiк Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Мaңғыстау облысында - 5 адам, Қызылордa oблысында - 37 адам, Бaтыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан oблысында - 28 адам, Қoстанай oблысында - 1 адам, жaлпы 604 нaуқас тiркелдi.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды