- Басты
- Елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу процесі жеңілдетілді
Елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу процесі жеңілдетілді
29 Маусым, 2020 12:26
Елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу процесі жеңілдетілді. Бұл туралы ҚР президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Министр шетелдегі қазақтар мен елге оралған қандастар мәселесіне тоқталды. Оның сөзінше, бұл бағыттағы барлық сұрақтарды шешу үшін қазір "Отандастар" қорымен бірлесе отырып, бірқатар жобаларды қолған.
"Өздеріңіз білесіздер, Үкімет тарапынан бекітілген "2018-2022 жылдарға арналған этникалық қазақтарды қолдау жоспары" бар. Оның аясында шетелдегі қазақтардың қатысуымен көптеген мәдени-гуманитарлық іс-шаралар өткізіліп келеді. Ал енді, елге оралған қандастарымызға құжат рәсімін анағұрлым жеңілдетіп, "бір терезе" принципін енгізіп отырмыз. Осының арқасында қазір қандастар 5-6 мемлекеттік мекемені аралап табан тоздырмай, барлық шаруасын бір жерден шешетін болады. Оларға қажет құжаттардың саны да екі есеге ықшамдалып, рәсімдеу уақыты 6 айдан 3 айға қысқарады", - деді министр.
Сондай-ақ оның сөзінше, қандастардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау мәселесі де жылдан жылға шешіліп келеді.
"Қазір олар елімізде іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға енгізілетін болады. Азаматтық алғысы келетін қандастарымызға арналған "Отандастарды ақпараттық қолдау орталығы" құрылып, оған былтырдың өзінде 5 мыңға жуық өтініш түсті. Өз кезегінде, "Отандастар" қорымен бірлесіп қазақтар көп шоғырланған шет елдерде Қазақ мәдени-іскерлік үйлері ашылатын болады. Бұл ең алдымен Қытай, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Германия мен Түркия сияқты елдерге қатысты. Тіл оқыту мәселесіне келсек, қазірдің өзінде 12 елдің 23 қаласында 31 қазақ сыныптары онлайн режимде ашылды. Осы жылы бұл елдерде 2,5 мыңнан аса балалар ана тілін оқитын болады", - деді Аида Балаева.
автор:
Назерке Сүйіндік
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Қазақстан халқы сайлауға белсенді қатысып жатыр - Эстониядан келген бақылаушылар
-
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
-
6 мыңға жуық кәсіподақ бақылаушысы сайлау процесін қадағаламақ
-
Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау процесі қалай өтеді, қанша қаржы бөлінді
-
Қазақстандықтар 11 елге бара алады: олардың талаптары қандай
-
Азаматтарды күзгі әскерге шақыру процесі қалай жүзеге асады
-
COVID-19: Қашықтан оқыту процесі қашанға дейін жалғасады/ Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайын ба
-
2020 жылы «Болашақ» стипендиаты атанғысы келетін үміткерлер нені білуі тиіс
-
Карантин кезінде қазақстандық туристерге қойылатын талап күшейді ме
-
Қазақстан дәрігерлері: науқастардың көптігінен күйзелген кездер артта қалды
-
Коронавирус: Кез келген препараттың кері және жанама әсері болады
-
Вице-министр Ажар Ғиният коронавирус жұқтырғандар көп тіргелген аймақтарды атады

