• Басты
  • Электрондық денсаулық сақтау паспорты іске қосылды
15 Қазан, 2019 14:56

Электрондық денсаулық сақтау паспорты іске қосылды

Электрондық денсаулық сақтау паспорты іске қосылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев электрондық паспорттың ерекшеліктері мен тиімділігі жөнінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
Электрондық денсаулық сақтау паспорты іске қосылды

"Негізі электрондық денсаулық паспортын енгізу денсаулық сақтау экожүйесін құру жобасының қосымша бөлігі. Ол мемлекеттік "Денсаулық" бағдарламасы, "Цифрлық Қазақстан" жобасы және 2018 жылғы елбасының жолдауында көрсетілгендей барлық медициналық ұйымдардағы қағазбастылықтан бас тарту және толыққанды цифрландыру процесіне көшіру барысында іске асырылып отыр. Медицина саласындағы барлық мәліметтерді орталықтандыру арқылы жинақтап, сол арқылы шешім шығару",- деді Олжас Әбішев.

Сондай-ақ, вице-министрдің сөзіне сүйенсек, 2018-2019 жылдар аралығында медициналық ұйымдарда 600 қағаз түріндегі есептік тіркеу жүргізілген. Ал, қазіргі таңда 121 ескптік түіркеу толықтай электронды форматта жүргізілуде.

«Азаматтар емханаларға немесе медициналық ұйымдарға жүгінген кезде барлық қойылған диагноз, берілген дәрілер электронды денсаулық паспортқа жазылатын болады. Азаматтар портал арқылы немесе электронды үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы қай жерде тіркелгенін, мемлекет тарапынан қандай дәрі-дәрмектің ақысыз берілетінін, болатынын, жауапты дәрігердің аты-жөнін, жазылған рецептер, препараттың атауы туралы ақпараттарды біле алады",- деді ол.

Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, ұлттық ЭДП-да әрбір пациент бойынша медико-санитариялық алғашқы көмектің қандай ұйымдарына тіркелгеніне және елдің қандай медициналық мекемелерінде медициналық қызмет алғанына қарамастан барлық жергілікті ЭДП-дан ақпарат шоғырландырылатын болады.

Естеріңізге салайық, электрондық денсаулық паспорты Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық саақтау ұйымдарында медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық жүйеге көшіру барысында құрылған.

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
66.249.70.92, 192.168.88.100