• Басты
  • Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады

Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады

18 Тамыз, 2021 13:24

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Асхат Жапсарбай коммуналдық саладағы табиғи монополия субъектілерін реттеу туралы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баян етті. Оның дерегінше, халыққа арналған тарифтердің өсуін тежеу бойынша жүргізіліп жатқан тұрақты жұмыстың арқасында барлық өңірде инфляцияға 0,11% деңгейінде үлес қамтамасыз етілген.Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Тарифтердің өсуін тежеу жұмыстары

ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Асхат Жапсарбайдың айтуыша, комитет тұрақты негізде халық үшін тарифтердің өсуін тежеу жөнінде жұмыс жүргізуде.Ол 2021 жылдың басынан бастап 106 табиғи монополия субъектісінің қызметтеріне халыққа арналған тарифтердің 63%-ға өсуі болжанғанын жеткізді. Халыққа қызмет көрсететін 40 ТМС-да уақытша өтемдік тарифтер мерзімінің аяқталуына немесе шекті тарифтің жаңа деңгейіне көшуге байланысты жоспарлы өсім бұрын қабылданған шешімдер шеңберінде салынған. Нақтырақ айтар болсақ, жылумен жабдықтау 32,34%-ға дейін, сумен жабдықтау 59,16%-ға дейін, су бұру 56,19%-ға дейін тарифтердің жоспарлы өсуі күтілген.

Сондай-ақ, шекті тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты халыққа шекті тарифтерді бекітуге өтінімдермен ТМРК 66 ТМС өтініш білдірген. Алайда, табиғи монополияларды реттеу комитеті 2021 жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін келесі шараларды қабылдай отырып, бұл өсімге жол бермеген.

- уақытша өтемдік тарифтерді енгізу, яғни оларды уақытша төмендету;

- монополистердің инвестициялық бағдарламаларына енгізілген басым емес іс-шараларды қысқарту;

- тарифті саралау арқылы халықтың жүктемесін азайту және басқа да шаралар.

«Бұл шаралар 2021 жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін халыққа арналған тарифтерді бір деңгейде сақтауға мүмкіндік берді», - деді Асхат Жапсарбай.

Осылайша, 2021 жылдың басына тарифтердің өсуі тежелген. 2020 жылғы қаңтар мен 2021 жылғы қаңтарды салыстырғанда

Орташа тарифтер -0,4%-ға төмендеген.Оның ішінде жылумен жабдықтау -3,75%-ға, сумен жабдықтау -0,34%-ға, су бұру -1,37%-ға, электрмен жабдықтау 3,92%-ға тежелген.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған шаралар 2020 жылдан 2021 жылға көшу кезінде халық үшін тарифтердің көтерілусіз сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ 2021 жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін халық үшін тарифтердің бір деңгейін сақтауға мүмкіндік берген.

Асхат Жапсарбай ТМРК халыққа арналған тарифтердің өсуін тежеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілетінін және тарифтерді төмендету және сақтау шеңберінде жүргізілген жұмыс нәтижесінде барлық өңірлерде инфляцияға 0,11% деңгейінде үлес қамтамасыз етілгенін жеткізді.

«Ағымдағы жылы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерден түсетін салым да инфляцияның белгіленген дәлізінен төмен болады деп болжануда»,- деді Асхат Жапсарбай.

Жол картасын іске асыру бойынша

Асхат Жапсарбай президенттің 2019 жылғы 19 маусымдағы тапсырмаларын орындау аясында Қазақстан Республикасы Президентінің № 27 Жарлығы, 84-тармақ 2019 жылғы 30 желтоқсанда Тариф белгілдеудің ашықтығын, ТКШ саласындағы табиғи монополиялар субъектілері тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ коммуналдық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға ынталандыру мен жол картасы форматында халықтың тұтынатын ресурстарға үнеммен қарау қатынасын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені қабылданын атап өтті.

Оның айтуынша, жол картасын іске асыру қорытындысы бойынша 2020 жылы мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілген:

1. ТМС қызметіне бақылауды күшейту: мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен 21 Меморандум жасалған; «ТМС жөндеу картасы» әзірленді; техникалық ысыраптардың 33 нормативін, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын, персоналдың нормативтік санын өзектендіруге ұсынылған.

2. ТМС сатып алуға талдау жүргізу: ТМС сатып алатын қызметтер мен тауарлар бойынша өнім берушілердің өндірушілер мен импорттаушылардың тізілімі бекітілген; сатып алуды жүзеге асыру рәсімдерін толығымен электрондық форматқа көшіруді көздейтін «Табиғи монополиялар туралы» Заңға түзетулер әзірленген.

3. Тариф белгілеудің ашықтығын және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету: табиғи монополия салаларында тарифтік реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар құрылған; тұтынушылар үшін ай сайынғы негізде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы ұйымдастырылған; «Монополист» базасының функционалдылығы кеңейтілген.

4. ТКШ коммуналдық қызметтеріне негізделген тарифтер қамтамасыз етілген: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халық үшін коммуналдық қызметтер тарифтерінің теңгерімді өзгеруін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілген, тұтынушылардың үнемдеуі шамамен 27 млрд теңгені құраған; ТМС-ның шетел валютасындағы ағымдағы қарыздары талданған; стратегиялық тауарлар өндірушілердің қызметіне талдау жүргізілген.

5. ТМС қызметінің тиімділігі арттырылған: әлемдік практика негізінде ТМС-ны сенімгерлік басқаруға берудің үлгілік шарттарын енгізу бойынша ұсыныстар қалыптасқан; ҚР-дан тыс жерлерге экспорттау мақсатында танкерлердің кемеге кіру қызметі қайта реттелген;

2021-2025 жылдарға арналған инвестициялар

Асхат Жапсарбай 2021-2025 жылдары ТКШ саласына бағытталатын инвестициялар туралы айта келіп, алдымен 2015 жылдан бастап табиғи монополия шеңберінде бірінші кезекте тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған 5 және одан да көп жылға арналған шекті ұзақмерзімдік тарифтерді қабылдау бойынша тарифтік саясат қолданылатынын еске салды.

Оның дерегінше, 2021-2025 жылдарға ТКШ саласының субъектілеріне жалпы сомасы 966,6 млрд.теңгеге инвестициялық бағдарламалар бекітілген.

«Жылу энергетикасы - 171,4 млрд. теңге, сумен жабдықтау - 80,9 миллиард теңге, су бұру - 23,8 миллиард теңге, электр энергетикасы - 636,3 миллиард теңге, тауарлық газды тасымалдау - 54,2 миллиард теңге»,- деді Асхат Жапсарбай.

 

Сондай-ақ, ол жоғарыда көрсетілген салымдар нәтижесінде қол жеткізілуі тиіс негізгі индикаторларды атады.

 

Салынған инвестиция нәтижесінде мыналар күтілуде:

- апаттар санының 11%-ға төмендеуі;

- әрбір сала бойынша негізгі жабдықтың тозу көрсеткіштерін орта есеппен 6%-ға дейін төмендеуі;

- әр сала бойынша нормативтік-техникалық шығындарды 1,5%-ға дейін төмендеуі;

- әкімшілік-басқару және өндірістік персоналдың жалақысын 20%-ға өсуі.

ТМС-ның қызметін бақылау жұмыстары

Асхат Жапсарбай 2020 жылы Табиғи монополияларды реттеу комитеті монополист субъектілерге қатысты әкімшілік істер бойынша 412 қаулы шығарылғанын және 1,006 млрд.теңге мөлшерінде айыппұл салынғанын, оның 631,2 млн. теңгесі мемлекет кірісіне өндіріліп, ал 2021 жылғы 1-жартыжылдықта субъектілерге 332,8 млн. теңге сомасында айыппұл салынғанын, оның 173,7 млн. теңгесі мемлекет кірісіне өндірілгенін мәлімдеді.

Сондай - ақ, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 390 нұсқама енгізілді, оның ішінде 244-і орындалғанын жеткізді.

«2021 жылдың 1- жартыжылдығында табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларының бұзылуын жою туралы 270 ұйғарым енгізілді, оның ішінде 162 ұйғарым орындалды»,- деді ол.

Жылу үшін қаражатты қайтару

Оның айтуынша, инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауға ерекше көңіл бөлінген. Сондай-ақ, жыл сайын субъектінің инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың іс-шараларын орындауына мониторинг жүргізілетінін атап өтті.

Ол комитетке және оның аумақтық департаменттеріне 1203 ТМС-дан 2020 жылға инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметала іс-шараларының орындалуы туралы 2341 есеп келгенін, оның ішінде бүгінгі күні 798 ТМС-ның 1389 есебі қаралғанын атап өтті. Нәтижесінде, ТМС міндеттемелерінің орындалмауы анықталған.

Осыған байланысты елдің барлық өңірлерінде жалпы сомасы 10,2 млрд.теңгеге 266 ТМС-ға уақытша өтемдік тарифтері бекітілген.

«Бұл қайтарудың алғашқы сомасы, өйткені қалған есептер әлі де қарастырылуда, ал қайтару және тарифтерді төмендету әлі де болады»,- деді Асхат Жапсарбай.

 

Сонымен қатар, тұтынушыларға жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жыл сайын жылу үшін артық төленген ақша қайтарылатынын жеткізді.

«2020-2021 жылғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 415 млнтеңгеден астам ақшалай сома қайтарылды»,- деді ол.

 

Электр энергиясына тариф қымбаттайды

Асхат Жапсарбай биыл 1 сәуірден бастап Энергетика министрлігі орташа 15% өсіммен 37 энергия өндіруші ұйымға тарифтерді бекіткенін атап өтті. Бұл соңғы тұтынушы үшін электрмен жабдықтау бағасына және жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау тарифтеріне мультипликативтік әсер етеді.

Осы себепті электрмен жабдықтау бағасының өсуі ел бойынша орта есеппен 12,5%-ды құраған. Бұл ретте, халық үшін бағаның өсуі орта есеппен 10%-ды құрады. Айта кету керек, бұл өсім 2020 жылға қарағанда жоғары болып отыр.

Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануды қолдауға үстемеақы енгізген.

«ЖЭК үстемесін ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдар тарифтерінің өсуі орта есеппен 7,2%-ды, соңғы тұтынушы үшін электр энергиясы бағасының болжамды өсуі – 3,5%-ды құраған. Бұл әзірге болжам»,- деді Асхат Жапсарбай.

 

Сондай-ақ, ол 1 шілдеден бастап тауарлық газға көтерме бағалардың ел бойынша орта есеппен 10%-ға ұлғаюына және жекелеген өңірлерде тауарлық газды тасымалдау тарифтерінің өзгеруіне байланысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап түпкілікті тұтынушылар үшін тауарлық газ бағасының өсуі шамамен 6% - ды құрағанын атап өтті.

Тариф белгілеудің ашықтығы

2021 жылдың 1-жартыжылдығында 2021 жылдың жарты жылдығының қорытындылары бойынша ТМС-ның барлық облыстарда тұтынушылар алдында 52 жария есебі және 2020 жылдың қорытындылары бойынша 322 жария есебі, 19 сөз сөйлеу, 108 қоғамдық қабылдау бөлмесі, 284 жария тыңдау өткізілгенін хабарлады. Сондай-ақ БАҚ-та 1700-ге жуық жарияланым (интернет-порталдар, теледидар, баспасөз басылымдары) орналасқан болса, 2020 жылға 869 жылдық есеп және ТМС-ның 2021 жылғы 118 жартыжылдық есебі интернет-ресурстарда жарияланған екен.

Сонымен қатар, үшінші тұлғаларға қол жетімді «Монополист» ақпараттық базасы арқылы 9 мың құжат берілген.

Ашықтықты арттыру және жұртшылықты тариф белгілеу процесіне тарту мақсатында Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын тарифтік саясат жөніндегі кеңес институты жұмыс істейтінін атап өтті. Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, қоғамдық бірлестіктердің, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, ТМС өкілдері, сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар кіреді.

«Кеңес жанындағы өңірлік комиссиялар және олардың дербес құрамдары Комитет департаменттері жанынан құрылды.Бүгінгі күні ТСК-ның 1 отырысы, өңірлік комиссияның 43 отырысы өткізілді»,- деді Асхат Жапсарбай.

Қысқа мерзімді кезеңге арналған міндеттер

Ол 2021 жылы тұтынушылар мен ТМС арасындағы мүдделер теңгерімін сақтау, сондай-ақ іске асырылатын тарифтік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асыру жоспарланып отырған міндетттер туралы айтып өтті.

ТМРК өз алдына қоятын міндеттер:

 

- 2021 жылдың соңына дейін коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу және инфляцияға үлес дәлізін сақтау;

- салалық МО және ЖАО-мен бірлесіп тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын талдау;

- «Табиғи монополиялар туралы» Заңға және тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру.

- коммуналдық салада бюджет қаражаты есебінен салынған иесіз желілер мен объектілерді ТМС сенімгерлік басқаруға беру мониторингі;

- тұтынушылардың әртүрлі топтары үшін сараланған тариф белгілеудің жаңа тәсілдерін, сондай-ақ халықтың неғұрлым әлеуметтік осал топтары үшін атаулы көмек тетіктерін әзірлеу;

- пилоттық режимде тариф белгілеудің ынталандырушы әдісін жетілдіру және іс жүзінде енгізу;

- Газ саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамытудың (кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау) тұжырымдамаларын, сондай-ақ Электр энергетикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

Барлық жаңалықтар