• Басты
  • Елдегі су арналарының 80 пайызы тозған – М.Мырзағалиев
28 Қаңтар, 2020 09:57

Елдегі су арналарының 80 пайызы тозған – М.Мырзағалиев

Елбасының Қауіпсіздік кеңесінде берілген тапсырмасы мен Президенттің 24 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасы әзірленді. Үкімет отырысында Тұжырымдаманы Экология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев таныстырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Елдегі су арналарының 80 пайызы тозған – М.Мырзағалиев

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда су тапшылығы мәселесі бар екені баршасына мәлім екенін айтты.

«Халықаралық сарапшылардың қорытындысына сәйкес, Қазақстанда су тутыну көлемі 2040 жылға 56 пайызға дейін өседі, жыл сайынғы су тапшылығы 12 куб/км құрауы мүмкін. Су тапшылығы негізінен көрші мемлекетерден келетін су көлемінің азаюына байланысты. Елдің жыл сайынғы жер үсті су қоры 100 куб/км-ден аса көлемнен құрайды, оның 46 пайызы Қазақстаннан тыс жерде қалыптасады», - деді министр.

Министр айтқандай, Дүниежүзілік су ресурстары институтының бағалауы бойынша, Орталық Азия елдері жоғары су тапшылығы, Қазақстан орташа жоғары су тапшылығы деңгейіне жатады.

«Сумен қамтамасыз ету проблемаларын негізгі үш топқа бөлуге болады. 1. Ел тұрғындары үшін ауыз сумен қамту, вегетациялық суармалы ссудың жеткіліксіздігі, әсіресе оңтүстік аймақтарда. 2. Қоршаған орта үшін қоршаған экологиялық тепе-теңдікті сақтау, әсіресе Арал, Балқаш, Жайық бассейндерінде экологиялық саясаттың көрші мемлекеттер жүргізетін су саясатына тәуелділігі және су объектілерінің ластануы.3. Елдің экономикасы үшін су шаруашылығы инфрақұрылымының тозуы, тасқын сулардан және су тапшылығынан қорқалмауы, су церкуляциясының төмен көлемі», - деді министр.

Сондай-ақ, ол елдегі барлық каналардардың 18 мың шақырымы жөндеуд қажет ететінін айтты.

«Оның 80 пайызы тозған. Мысалы, ПӘС 0,85 болған, қазір ол 0,65-ті құрап отыр. Жоғарыда айтылған проблемаларды шешу үшін 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама әзірленіп жатыр», - деді ол.

Сондай-ақ, министр бағдарламадағы 10 бағытты айтып өтті.

«Біз бағдарламаның негізгі 10 бағытын анықтады. Халықаралық ынтымақтастық. Көршілес елдерден келетін негізгі су көздері Ертіс, Іле, Сырдария, Талас, Шу өзендері болып табылағандықтан, келесі шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Шекаралас елдермен су энергетикатылқ ынтымақтастықты жетілдіру, келіссөздерді нығайту мақсатында кәсіби келіссөздерді нығайту, құқықтық базаны жаңғырту», - деді М.Мырзағалиев.

Министр институционалық реформалау бойынша «Казводхоз» АҚ қайта жаңғырту көзделіп отырғанын айтты.

«Лабораториялық және сарапшылық қызметін ұйымдастыру, екі орталық салу және су шаруашылығы ресурстарын жетілдіру көзделіп отыр. 26 гидротехникалық құрылымдарын салу елдің су қорын жинақтауға мүмкіндік береді», - деді М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар, министр су нарықтарын зерттеу де көзделіп отырғанын айтты.

«ЖМӘ дамыту қажет. Елдегі су тапшылығы аясында су бар өңірлерден су тапшы орындарға су тарту бойынша жобалар әзірлеу қажет. Сонымен қатар, 182 республикалық, 300 коммуналдық гидротехникалық  құрылымды қайта жөндеу керек.Бассейн инспекцияларының материалдық-техникалық базасын  100 пайызға жақсарту қажет», - деді М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар, министр тұжырымдама  ғалымдар және сарапшылардың көмегімен   әзірленгенін айтып, оны қолауды сұрады.

Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин Елбасы мен Президенттің міндетін жүзеге асыру аясында тұжырымдаманы қолау қажеттігін айтты.

«Құжат стратегиялық мақсаттарымызға сәйкес келеді. Сарапшылар, «Нұр Отан» фракциясы мүшелерімен,  депуттардың қатысуымен талқыланды.  Жалпы, тұжырымдаманы мақұлдаймыз, Экология министрлігіне бағдарламаны сапалы әзірлеуді тапсырамын. Бақылау Р.Склярға жүктеледі», - деді А.Мамин.


Аягөз Құрмаш 

Барлық жаңалықтар
66.249.70.92, 192.168.88.100