• Басты
  • Елбасының мемлекеттік стипендиясының иегерлері мәлім болды
29 Қаңтар, 2020 16:47

Елбасының мемлекеттік стипендиясының иегерлері мәлім болды

Қырымбек Көшербаев мәдениет саласы бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы мемлекеттік стипендиясын табыстады.

 


Елбасының мемлекеттік стипендиясының иегерлері мәлім болды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2019 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті.

Мемлекеттік стипендия Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы 75 қайраткеріне берілді.

Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне, жас дарындарға жасаған қолдауы мен қамқорлығының айғағы, сондай-ақ, олардың Қазақстанның мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан үлестеріне көрсетілген құрмет.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының стипендиясы Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қайрат Байбосынов, Жүрсін Ерманов, Меруерт Өтекешева, Александр Гаркавец, Гульвира Разиева және басқа да қазақ әдебиеті мен өнерінің майталмандарына табысталды.

Сонымен қатар Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, актриса Айнұр Рахиповаға, балет әртісі Бақтияр Адамжанға, ақын Қанат Омаровқа, дәстүрлі музыка өнерінің орындаушысы Медығат Манаповқа, кино режиссері Фархат Шәріповке және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды