• Басты
  • Елбасы - заманауи Қазақстанның негізін салушы - Т.Жұмырбаев
18 Наурыз, 2020 11:48

Елбасы - заманауи Қазақстанның негізін салушы - Т.Жұмырбаев

Елбасы - заманауи Қазақстанның негізін салушы. Бұл туралы «Жарасым» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Тимур Жұмырбаев Strategy2050.kz тілшісіне айтып берді.

 


Елбасы - заманауи Қазақстанның негізін салушы - Т.Жұмырбаев
«Бір жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты. Бұл шешім біздің елдегі тарихи кезеңнің бастамасы болды. Содан кейін қалыптасқан билік транзиті Елбасының саяси бағытының нақтылығын көрсетті. Оның тәжірибесі мен білімі мемлекет құру үрдісінде өте маңызды. Нұрсұлтан Назарбаевты заманауи Қазақстанның негізін салушы деп айтуға болады», - деді Т.Жұмырбаев.

«Жарасым» республикалық жастар қозғалысының төрағасының айтуынша, Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде Қазақстан қуатты елге айналды.

  «Елбасының бағыты нәтижесінде еліміз Кеңес Одағының құрсауынан шығып, қуатты әрі тәуелсіз мемлекетке айналды. Мемлекет басқару жылдары күрделі болды, еліміз экономикалық және саяси қалыптасуды бастан кешірді. Алайда, бүгін 90-шы жылдары бүтін қалалар жылусыз қалып, мұғалімдер мен дәрігерлер айлар бойы жалақысын алмай, нарықтық экономиканың жоқтығы мен Қазақстанның әлем картасындағы орны шықпай тұрғанына сену қиын. Осындай жағдайда Елбасы табандылық пен саяси рухты көрсетті. Ол енгізген «Алдымен экономика, кейін саясат» формуласы жаңа қазақстандық экономиканың пайда болуын қамтамасыз етті. Біртіндеп ел күш жинап, халықаралық аренада беделін арттыра бастады. Елорда Алматыдан Ақмолаға ауысты. Орталық Азияның ен даласында әлемнің танымал сәулетшілері атсалысқан жаңадан мегаполис салынды. Астана Тәуелсіздік туралы қазақстандық арманның жүзеге асқан көрінісіне айналды. Шетелдік туристердің басқосатын орталығына айналды. 20 жылда тұрғызылған әсем қала Тұңғыш Президенттің атымен аталғанында да мән бар», - деді ол.

  Сонымен қатар, ол бірлікті сақтаудағы басты институт Ассамблеяны құрудағы кемелділік туралы айтып өтті.

«Елбасының тағы бір маңызды шешімі – 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру еді. Биыл ол 25 жылдығын мерекелейді. Қазақстан көпұлтты мемлекет, біздің елде 130-дан астам ұлт өкілдері ұйып өмір сүруде.Тәуелсіздік алған жылдары көпұлттылық талқылау мен пікірталастарға түсіп жүрді. Сол кезде әлемдік сарапшылар қазақстандық қоғамда ұлтаралық түсініспеушіліктер болатынын болжады. Ол қауіпті өзге бұрынғы одақ елдеріндегі жағдай растаған еді. Алайда, Нұрсұлтан Назарбаев халықтың бірлігі мен біртұтастылықты басымдыққа айналдыра алды. Бұл міндетті Ассамблея орындап шықты», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Елбасы жастарды қолдауға да әркез қолдау көрсеткенін атап өтті.

 «Оның бастамасы бойынша қазақстандықтар әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік алды. Нұрсұлтан Әбішұлы жастарға әркез жақын болды. Жас қазақстанықтармен қарым-қатынас орнатуға көп көңіл бөледі. Елбасының шешімімен Жастар жылы жарияланған болатын. 2019 жылы жастарды қолдайтын әлеуметтік жобалар көптеп қосылды. Жастарға деген қолдау арта түсті», - деді ол.

   Аягөз Құрмаш 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды