• Басты
  • Елбасы саясатының сабақтастығы Тоқаев тұсында жүйелене береді – cарапшы
18 Наурыз, 2020 16:08

Елбасы саясатының сабақтастығы Тоқаев тұсында жүйелене береді – cарапшы

ҚР Президенті жанындағы Қазастан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Жасұланбек Майлыбай билік транизтінің бір жылдығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 


Елбасы саясатының сабақтастығы Тоқаев тұсында жүйелене береді – cарапшы

Оның айтуынша, Тоқаев президенттігінің алғашқы жылы саяси сабақтастықтың сақталып, дамуымен, әлеуметтік-экономикалық шаралар мен саяси реформалық қадамдардың жасалуымен есте қалмақ.

  «Елбасымен бірге жеткен нәтижелерді негіз ете отырып, одан әрі даму маңызды болды. Әсіресе, Тұңғыш Президент айқындаған ішкі және сыртқы саясатта стратегиялық бағдар сабақтастығын сақтау – аса қажет қадам. Бұл еліміз бен шетелдік әріптестеріміз үшін де ерекше маңызды. Сабақтастық осыған дейін жүргізілген саясатты таған ретінде ұстанып, оны жетілдіріп, дамытуға, оған жаңаша сипат беруге жол ашады», - дейді сарапшы.

 Оның айтуынша, қазір әлем күрделене түскен сайын мәселелерге оңай шешім ұсыну жағдайы көбейіп кетті. Дамыған елдердің өзінде популистік идеялар қатты белең алып отыр. Осындай кезде байыпты саясат жүргізу аса өзекті және біздің еліміз оған қол жеткізе алды.

 «Баршаға мәлім, Елбасы тұсында мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін жүзеге асыру әрдайым назарда болатын. Тоқаев тұсында аталған саясат одан әрі жүйеленіп, күшейе түсті. Әлеуметтік көмек түрлері он бірге дейін өсті. Қазіргі уақытта ел бюджетінің жартысына жуығы әлеуметтік салаға жұмсалады. Әлеуметтік-экономикалық бағыт саяси реформалармен бекемделе бермек. Мемлекеттің ашықтығына әрі есептілігіне баса мән беріле бастады.

   Қ. Тоқаевтың интерактивті басшы екенін көрсетуі мемлекеттік аппарат жұмысына оң ықпалын тигізіп келеді. Қоғамдағы мәселелердің ашық талқылануында, олардың назарға алынуында, екшеліп, қаралуында, нәтижеге жетуінде ілгерілеу байқалады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі митингілер, сайлау, саяси партиялар туралы заңдарға өзгеріс енгізу бастамасын көтерді. Бұл ретте қазіргі мемлекеттік саясат бағдары мен қоғам талабы сабақтас болып тұр», - деді Ж. Майлыбай.



 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды