- Басты
- Елбасы Қоры мен британдық ғалымдар бірлескен жобаларды жүзеге асырады
Елбасы Қоры мен британдық ғалымдар бірлескен жобаларды жүзеге асырады
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының делегациясы Ұлыбританиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Лондонда Қор бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде ынтымақтастық бойынша бірқатар кездесулер өткізді.

Британ Кеңесінің, Кембридж университеті ғылыми және білім беру орталықтарының, Қазақстан-Британ қоғамының басшылығымен, Лордтар палатасының мүшелерімен, сондай-ақ қазақстандық докторантар және студенттермен келіссөз жүргізілді.
Әсет Исекешев британдықтарға Нұрсұлтан Назарбаевтың екі жаңа бастамасы туралы баяндап берді. Біріншісі – «Ел үміті», бұл талантты балалар мен жастарды қолдау бойынша жаңа жүйе. Екіншісі – «Қамқорлық», мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға бағытталған бастама.
Кездесулер аясында Кембридж университетімен меморандумға қол қойылып, білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру, сондай-ақ Тұңғыш Президент – Елбасы Қорының жеңімпаздары мен лауреаттарының стартап-жобаларын қолдау туралы келісімге қол жеткізілді. Мысалы, мықты ғалымдарымен танымал Кавендиш орталығы, робототехника мен инженерия орталықтары қазақстандық жастарға практикалық жұмыстар жасау үшін өз зертханаларын ұсынуға әзір. Дәл осы жерден 34 Нобель лауреаты шыққан.
Сондай-ақ Қор делегациясы ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық және әлеуметтік оңалту, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелері бойынша кездесулер өткізді.
Тағы бір басқосу «Chatham House» талдау орталығының қабырғасында ұйымдастырылды. Ол Пенсильвания университетінің жаһандық ондығына кіретін (Global Go To Think Tank Index Report) өте беделді «ми орталықтарының» бірі. Тараптар «Chatham House» және Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Халықаралық экономика және саясат институтымен (ХЭСИ) ынтымақтастық орнатудың әлеуетін талқылады.
Айта кету керек, Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры халықаралық әріптестікті дамыта отырып, соның ішінде ғылыми-зерттеу қызметімен айналысу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. 2018 жылдан бері ЮНИСЕФ, Испания Үкіметі жанындағы Азия Үйі, Korea Foundation, Жапонияның Гои бейбітшілік қоры, Герман академиялық алмасулар қызметі сияқты ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
«Қызыл» аймаққа кірген өңірлер мен блок-бекеттер саны артты
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді

