• Басты
  • Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысын өткізді
5 Наурыз, 2020 18:20

Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысын өткізді

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті, деп хабарлады elbasy.kz.
 Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысын өткізді

Кездесу барысында 18 наурызда өтетін партияның Саяси кеңесі отырысының күн тәртібі талқыланды.

Бюро отырысын ашқан Елбасы партия жұмысын жандандыру бағдарламасы мен «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» атты әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына оң баға берді.

Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев партияның өңірлердегі жұмысына назар аударды.

«Партия басшылығы, Мәжіліс пен мәслихат депутаттары жергілікті жерлерді аралауға тиіс, соның ішінде, шалғай аудандарға баруы керек. Адамдармен кездесіп, проблемаларды жан-жақты зерделеу, оларды шешу маңызды. Бұл мәселелердің барлығы өңірлік партия бағдарламаларында көрініс табуы қажет», – деді партия Төрағасы.

Сонымен қатар, Бюро отырысында осы жылдың 30 наурызы мен 16 мамыры аралығында елдің барлық өңірлерінде жаңа форматта партияның ішкі іріктеуін – праймериз өткізу туралы шешім қабылданды.

« Бұл партия атынан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шешім деп санаймын», – деді Елбасы.

Отырыстың қорытындысы бойынша Бюроның қаулысы қабылданды. Оған сәйкес іріктеуді жүргізу ережесінің жобасы алдын-ала мақұлданды. Ол 18 наурызда Саяси кеңестің отырысында бекітіледі.

Праймериз нәтижесінде «Nur Otan» партиясынан Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауалды партиялық тізімдеріне кандидаттар анықталады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, партияның 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасы бекітілді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды