• Басты
  • Елбасы кітапханасының экскурсияны енді қашықтан тамашалауға болады
21 Мамыр, 2020 11:36

Елбасы кітапханасының экскурсияны енді қашықтан тамашалауға болады

Елбасы кітапханасы карантин тәртібіне сәйкес келушілерін қабылдай алмаса да жұмыстың жаңа үлгісі мен жұртшылықпен байланыстың жаңа түрлерін енгізуде. Осы тұста http://presidentlibrary.kz/kk ресми сайтында виртуалды көрмелер, онлайн-байқаулар жарияланды. Алдағы уақытта ғылыми онлайн-конференциялар мен бейнекөрмелер өткізу жоспарланған. 
Елбасы кітапханасының экскурсияны енді қашықтан тамашалауға болады

Назарбаев орталығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейі ғимаратының экспозиция залдарына шолу жасайтын бейнетурлар – Елбасы кітапханасының арнайы жобасы. Көрермендер Кітапхана ғимараттары сәулетімен, залдар ахуалымен, бірегей музей, кітапхана және архивтік жинақтармен қашықтан танысуға мүмкіндік алады. Барлық экскурсиялар Елбасы кітапханасы сайтындағы «Бейнегалерея» бөлімінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған.

Бейнетурды жүргізген Елбасы кітапханасының экускурсия қызметкерлері ғимараттың тарихына тоқталып, оның төрінен орын алған экспозициялар мен көрмелерге қатысты деректерді келтіреді.

Елбасы кітапханасы бойынша бейнетур

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ғимараты әлемде танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Сырт келбеті аспанға зер салған көздің қарашығын бейнелейтін ғимарат зааманауи Қазақстанның өміршең қуатын білдіреді. Ғимараттың екінші, үшінші қабатында Елбасы кітапханасының музей, архив жинақтарынан жасақталған экспозициялар орналасқан. Елбасы жеке архивінің құжаттары мен фотоматериалдары тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үдерісін, президенттік институттың құрылуын, жаңа мемлекет пен оның астанасының мемлекеттік құрылысын бейнелейді.

Елбасы кітапханасының музейі бойынша бейнетур

Бейнеэкскурсия көрермендерді Тұңғыш Президенттің алғашқы резиденциясы, кейін Елбасы кітапханасының музейіне айналған тарихи кешенмен таныстырады. Нұрсұлтан Назарбаев 1997-2004 жылдары осы ғимаратта жұмыс істеген. Елбасының жұмыс кабинеті бастапқы кейпінде сақталған. Басқа залдарда Қазақстанның жаңа тарихының негізгі кезеңдерін бейнелейтін экспозициялар ұсынылған. Елбасы музейінің жинағы 11 мыңнан астам сақтау бірлігін құрайды.

Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың 30 жылдығына арналған бейнетур

30 жыл бұрын, Қазақстанда алғаш рет Президент қызметі бекітілді. 1990 жылғы 24 сәуірде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Бұл кезең еліміздің тарихында түбегейлі өзгерістердің бастау алуымен тұспа-тұс келді. Бейнеэкскурсияда Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасу тарихының негізгі оқиғаларынан сыр шертетін фото, бейне құжаттар мен музей жәдігерлері ұсынылған.

Батырлар институты: дәстүр, мәртебе және қару-жарақ тарихы

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қару-жарақ топтамасы» Тұңғыш Президент резиденциясы кезінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің залы болған бөлмеде орналасқан. Мұнда сақталған әрбір жәдігер – шетел мемлекет және үкімет басшыларының, қоғамдастық өкілдерінің Елбасыға табыс еткен тартуы. Қару-жарақ топтамасында әлемнің көптеген елдерінің заманауи ең үздік қару-жарақ өнері шеберлерінің баға жетпес туындыларынан құралған.

«Бейне мен пішін үндестігі» топтамасы

Халықаралық музей күніне орай Елбасы кітапханасының ресми сайтында «Бейне мен пішін үндестігі» көрмесінің бейнетуры ұсынылған. Аталған топтамаға Қазақстан халқына, Елбасына өзара сыйластық пен достықтың нышаны ретінде әлемнің түрлі елдерінің лидерлері, халықаралық ұйымдар мен компаниялар жетекшілері тарту еткен дипломатиялық сыйлықтар жинағы енді.  Экспозицияда фарфор, шыны, керамика, металл, тас, ағаш сияқты материалдардан жасалған жәдігерлер мен әлемге белгілі мануфактуралар мен фабрикалардың өнімдері ұсынылған.

Елбасы кітапханасының жаңа бейнетурлары туралы ақпаратты оның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан алуға болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды