• Басты
  • Елбасы кітапханасында «Абай оқулары» басталды
15 Мамыр, 2020 13:03

Елбасы кітапханасында «Абай оқулары» басталды

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы және ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафета бастады, деп хабарлады Strategy2050.kz кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Елбасы кітапханасында  «Абай оқулары» басталды

«Абай оқулары» жобасының мақсаты:

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы бастамасына ақпараттық-имидждік қолдау көрсету;

– Абайдың әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, қазақстандық жастар арасында оқу мәдениетін және әдеби талғамды жасақтау.

Әдеби эстафетаның шарттары:

1. Абайдың шығармаларының бірін мәнерлеп оқып, бейнематериалға түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде) және эстафетаны одан әрі жалғастыратын адамды белгілеу.

2. Бейнематериалды Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің біріне #ЕлбасыКітапханасыАбай, #АбайдыОқимыз175 немесе #БиблиотекаЕлбасыАбай, #читаемАбая175 хэштегтерімен жүктеу.

3. Эстафета 2020 жылғы 14 мамыр мен 20 тамыз аралығында өтеді.

Әдеби эстафетаның қорытындысы бойынша мәнерлеп оқудан озық шыққан қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды