• Басты
  • Елбасы ішкі саясат басымдықтарын айқындай алатын ерекше қабілетке ие - Лидия Пархомчик
19 Наурыз, 2020 17:31

Елбасы ішкі саясат басымдықтарын айқындай алатын ерекше қабілетке ие - Лидия Пархомчик

Елбасы ішкі саясаттың басым бағыттарын нақты айқындай алатын ерекше қабілетке ие. Мұндай пікірді ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Лидия Пархомчик білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Елбасы ішкі саясат басымдықтарын айқындай алатын ерекше қабілетке ие - Лидия Пархомчик

«Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі оның негізгі даму ресурсы – жастардың таланты және шығармашылығымен айқындалатынын бірнеше мәрте айтқан болатын. Тек лайықты кадрлар резервін қалыптастырған кезде ғана мемлекеттің тұрақты дамуына сенімді қарауға болады. Мұндай оймен келіспеуге болмайды. Елбасының ішкі саясаттың басым бағыттарын нақты айқындай алатын ерекше қабілетке ие екені сөзсіз. Оның тәуелсіз Қазақстанды құруға қосқан үлесін бағалау қиын», - дейді Лидия Пархомчик.

  «Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттіктен кету туралы шешімін жас саясаткерлердің ел басқару ісіне қатысуға мүмкіндік беру қажеттілігімен байланыстырады. Әлемдік геосаяси кеңістік жылдам өзгеруде. Бұл, ойлау жүйесінің икемді болуын және жүріп жатқан процестерге жоғары деңгейде қатысуды қажет етеді. Кез келген мемлекеттің саяси жүйесі өзгерістерді қажет етеді», - дейді сарапшы. 

Ол Елбасы «Nur Otan» саяси партиясының басшысы ретінде ұйымның жаңғырып, жасарып тұруы керек екенін айтқан.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті партиялық институттар жұмысының әдеттегідей қалыптасып қалған шаралары өзектілігін тез жоғалтады деп санайды. «Nur Otan» нақты істер партиясының мәртебесін сақтау үшін жаңа және шығармашылық көзқарас қажет. Қоғамның нақты қажеттіліктерін нақты түсінуге қабілетті басқарушылардың жаңа буыны елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тездетуі керек. Жас және белсенді көшбасшылар жоғары басшылық қатарында лайықты орындарын алуы тиіс«, - дейді сарапшы. 



ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды