• Басты
  • Елбасы идеялары туралы 6 кітап жарыққа шықты
6 Ақпан, 2020 18:00

Елбасы идеялары туралы 6 кітап жарыққа шықты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаз идеялары мен жаhандық бастамаларына арналған кітаптардың тұсауы кесілді,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Елбасы идеялары туралы 6 кітап жарыққа шықты

Жаңа басылымдар Н.Назарбаевтың мемлекеттілікті құру мен жан-жақты нығайтудағы,көпұлтты Қазақстан халқын біріктірудегі тұрақты,гүлденген рухани қоғамды жасақтаудағы,жетекші әлемдік алпауыттармен ынтымақтастық пен серіктестікті дамытудағы көпқырлы саяси қызметі мен бірегей тәжірибесін,сондай-ақ оның бітімгерлік идеяларын көрсетеді.

Тарих ғылымдарының докторы Бүркіт Аяған айтып өткендей, аталған кітаптарда соңғы 2-3 жылдағы саяси оқиғалар,Елбасы жолы,оның замандастарының естеліктері жарияланған.

"Ядролық қарудан бас тартқан саясаты жазылған кітаптар жарық көрді. Кітаптардың маңыздылығы тарихта із қалу керек. Әсіресе, қазіргі заманның тарихын зерттеп жүргендерге таптырмас құрал. Университет пен мектеп оқушыларына қажетті кітаптар. Қазақстан 30 жылда бейбіт өмір сүріп келе жатқан посткеңестік елдердің арасындағы бірде бір ел деп ойлаймын. 1917 жылдан бастап 30 жыл есептесек,Кеңес одағы 50 мың адамынан айырылған екен. Ал Қазақстан Қиын кезеңде бейбіт ел ретінде қалыптасты",-деді Б.Аяған.

Сондай-ақ,академик айтып өткендей, қоғам болғаннан кейін барлығы бірдей көзқараста болмайды.

"Адамның жағдайы әртүрлі болады. АҚШ,Жапония елдерінде де ондай кездеседі. Халықтың жағдайы әртүрлі болуы керек. Алайда,Тәуелсіздікке ұмтылу,елдің бейбітшілігі сынды ортақ мүдде болуы керек. Ата-бабамыздың арманы Тәуелсіздік алу болатын. Біз оны соңғы 30 жылда жүзеге асырып келеміз",-деді ол.

Сондай-ақ, ол кітаптар 2-3 мың тиражбен қазақ,орыс тілдерінде шықты.

"Болашақта оны көп тиражбен шығарып, өзге тілдерге де аудару керек. Себебі,бұл таптырмайтын құрал болмақ",- деді Тарих ғылымдарының докторы.

Сонымен қатар, кітаптарды өзге тілдерге аударылуы керек.

"Мәселен, Путиннің еңбектерін,Уинстон Черчильдің еңбектері барлығына қолжетімді. Сол сияқты Елбасының да кітаптарын өзге әлемдік тілдерге аудару қажет",-деді ол.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов аға ұрпақ көрген тәуелсіздіксіз күнді ендігі ұрпақ көрмеуі қажет екенін айтты.

"Тарихтың тереңдігін біліп, қадірін түсіну үшін осындай шығармаларды кеңінен насихаттау керек. Жастардың мемлекетшіл боп өсуіне,оны қорғау мен қадірін түсінуіне үйретуіміз керек. Мемлекетке қандай жағдайда қауіп төнуі мүмкін деген сұрақтарды сезінуі керек. Рухани бір деңгейде болып,ортақ мүдде үшін бірге күресулері керек",-деді ол.

Жарық көрген кітаптар: "Нұрсұлтан Назарбаев: көшбасшылық стратегиясы", "Біз білетін Елбасы", "Н.Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы,қазіргі жағдайы мен болашағы","Ядролық қарусыз әлемге бетбұрыс:Елбасы бастамалары" және "Мәңгілік ел" идеясы : кеше,бүгін,ертең".

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды