- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды
Елбасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа «ЭКСПО-2017» көрмесінің мұралары және АХҚО құқықтық жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, Елбасына АХҚО Соты, Ағылшын құқығы академиясы, Халықаралық төрелік орталығы және АХҚО Ахуалдық орталығының қызметі туралы мәлімет берілді.
Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаржы орталығы Биржасының негізгі акционерлері және қатысушыларымен кездесті.
Спикерлердің баяндамасын тыңдаған соң Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығының АХҚО қызметін толық қолдайтындығын атап өтті.
«Жекешелендіру жоспарын АХҚО Биржасы арқылы іске асыруды жалғастыру қажет. Әрине, әлемдік нарық ахуалын ескерген жөн. Сонымен қатар, әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімін күшейту керек. Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурстарының мөлшері осыған байланысты», - деді Елбасы.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қамтамасыз етудің және елдің стратегиялық даму жоспарларына қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
«Алда орталықты ауқымды жұмыс күтіп тұр. Барлық серіктестермен қалыптасқан іс-қимылды жалғастыру маңызды. Мен АХҚО жұмысын ұдайы қолдайтын боламын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылы 7 желтоқсанда қол қойылды.
Бүгінгі таңда АХҚО GFCI қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 102 орынның 51-де тұр. Сонымен бірге, АХҚО «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» өңір рейтингісінде 1 орын алды. АХҚО аумағында тіркелген компаниялар саны 258-ге жетті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”
-
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары
-
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары

