• Басты
  • Ел үшін қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе – Н.Торғаева
5 Наурыз, 2020 14:36

Ел үшін қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе – Н.Торғаева

Ақмола облысының тумасы Назгүл Торғаеваның ішкі істер саласында істеп жүргеніне биыл 10 жыл толады. Жас болса да, қабілеттігімен көзге түскен оның иығында 4 жұлдызша бар, яғни ол –капитан. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Н. Сүлейменқызы Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің  тілшісіне өзінің еңбек жолы туралы айтып берді.
Ел үшін қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе – Н.Торғаева

Н.Торғаева айтып өткендей, Ақмола облысының Біржан сал ауданында қарапайым, адал еңбекпен күнелткен отбасында кенже бала болып дүниеге келген.

«1993 жылы мамыр айында Ақмола облысында дүниеге келдім. Отбасымызда 3 баламыз, адамның ала жібін аттамаған, көңілдері таза жандардың отбасында өстім. Орта мектепті де сол жерден тәмамдадым», - деді Н.Торғаева.

Оның айтуынша, орта білімнен кейін 2010 жылы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Павлодар заң колледжіне оқуға түскен.

«Бала кезгі арманымды орындау мақсатында бағымды сынап, Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының ведомстволық оқу орындарына құжат тапсырған болатынмын. Соның нәтижесінде құқық қорғау саласында еңбек жолым жалғасты.Қиындығы басым қызметте ер азаматтармен қатар иықтаса, елге адал қызмет етіп жүрген нәзік жандар саны жыл сайын артуда. Елге қызмет етіп жүрген адал қыздарымыз көп», - дейді ол.

Жас қызметкер айтқандай, қазір ол Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы лауазымына келер алдында, осы кадр бөлімде аға инспекторы лауазымында, оның алдында ЕЦ-166/22 мекемесінде кадр жұмысы бөлімінде қызмет еттім. Оқу бітіріп келгеннен бастап кадр бөлімінде істеймін. 10 жыл білімімді шыңдап, теорияны тәжірибемен ұштастырып тәжірибе жинақтап, тәлімгерлерімнен өмірлік тәжірибе алдым. Қазіргі таңда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің және оған қарасты мекемелерде 180 әйел қызметкер, оның ішінде 121 аттестатталған құрам, 59 ерікті жалдамалы құрам қызмет атқарады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, департаментте ішкі істер саласында бұрын қызмет істеген 63 әйел ардагер бар.

«Ол ардагерлер де ешқашан назардан тыс қалмаған. Біз оларды 8 наурызға орай құттықтап тұрамыз. Оның ішінде бір ардагер Ұлы Отан соғысының ардагері мәртебесіне теңестірілген. Тыл ардагерлерінің саны -23», - деді Н.Торғаева.

Сонымен қатар, Назгүл Сүлейменқызы келе жатқан мерекемен барша қыз-келіншектерді құттықтады.

«Отбасының да, қызметтің де ауыр жүгін арқалап жүрген барша нәзік жандыларды келе жатқан көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймын. Мен әлі тұрмыс құрмасам да, органдағы қыз-келіншектер отбасы мен мансаптың тұтқасын тең ұстап, екіжаққа да үлгеріп жүргеніне куәмін. Бұл қажырлы еңбекті, шыдамдылықты, үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан да ешқашан шаршамаңыздар, талмаңыздар дегім келеді. Отан үшін қызметімізді адал түрде жалғастыра берейік», - деп түйіндеді Н.Торғаева.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды