• Басты
  • Ел президенті Тоқаев елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

Ел президенті Тоқаев елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

18 Маусым, 2020 14:50

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлады Strategy2050.kz.

"Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін", деп жазды Твиттер парақшасына.

Барлық жаңалықтар