• Басты
  • Ел өңірлерінде көтерме-тарату орталықтарының желісін құру жоспарлануда – министр
28 Сәуір, 2020 09:35

Ел өңірлерінде көтерме-тарату орталықтарының желісін құру жоспарлануда – министр

Ел өңірлерінде көтерме-тарату орталықтарының желісін құру жоспарлануда. Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бұл желілер өндірушіден сөреге дейінгі қызметті атқаратынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Ел өңірлерінде көтерме-тарату орталықтарының желісін құру жоспарлануда – министр
«Қазір елімізде 750 сауда базары жұмыс істейді. Оның 51 пайызы стационарлық емес болып табылады. Базарлардың бірде-бірі қазіргі заман талаптарына сай емес екенін атап өткен жөн. Заманауи жүк түсіру мен температуралық қоймалардың жеткіліксіздігі тауардың бағасына әсер етеді.Әрине, базарларда тауар ағымдарын бақылау бойынша ақпараттық жүйе жоқ. Бұл ретте өндірушілердің сөрелерге қол жеткізулердің тетігі бұрмаланған баға негізін, әділетсіз сауда үстемесін және белгілі кезеңдерде бағаның негізсіз өсуін құрайда. Қалаларда карантин енгізілуі осы проблемаларды тағы бір айқындап берді. Аталған проблемаларды жедел әрі жүйелі шеші үшін көтерме тарату орталықтарының бірыңғай кешенінен құрайтын Ұлттық тауар өткізу желісін құру ұсынылады. Бұл экожүйе өндіруші мен тұтынушыны жақындататын экономикалық кластер», - деді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, министр бұл бірыңғай тетікті құрай отырып, республиканың сауда инфрақұрылымына қосылатынын айтты.

«Сауда мен тарату қызметі бойынша көтерме-тарату орталықтары жүйенің негізі болып табылады. Көтерме тарату орталықтарының қызметі өнімді сақтау мен қайта өңдеу, тарату мен өткізуге дейінгі мамандандырылған қызметті ұсынатын болады. Бұл инфрақұрылым өнімді жеткізудің тиімді көліктік-логистикалық бағыттарын құруға мүмкіндік береді. ЕАЭО мен Орталық Азия және Қытайға экспорттық және импорттық операцияларды жүзеге асырып, өткізу нарығын кеңейтеді», - деді министр.

Сонымен қатар, ол атағандай, көтерме тауар орталықтарының желісі мен тауар өткізу негізгі қатысушылары арасындағы буын болады.

«Өндірушілер мен жеткізушілердің, сатушылардың кластеріне біріктіріледі. Ұсынылып отырған жүйе жаһандық трендерге толық сәйкес келеді. Тауар өткізетін жүйе моделіне өңірлік сарапшылардың кеңестеріне сүйене отырып, ұсынылатын тауар желісінің спиаттамаларын толық анықтадық. Көтерме тарату орталықтары бірыңғай жүйенің элементтері болып табылады. Түрі мен функционалы бойынша бөлу неғұрлым тиімді. Біз барлық аймақтарда көтерме тарату орталықтарының желісін құруды жоспарлаудамыз. Ол өндірушіден сөреге дейінгі тауар тізбегін қамтиды», - деді министр.

Министр тауар өткізу жүйесін үш кезеңде жүзеге асыру ұсынылып отырғанын жеткізді.

«Бірінші кезеңде, ауылшаруашылық тауарларын сақтауға бағдарланған бес көтерме сауда орталығы Павлодар, Түркістан, Алматы облыстарында салу жоспарлануда. Онда 600 мың тоннаны құрайтын күзгі өнім нысандарында орналастырғымыз келеді. Бұл бюджеттік тетікті қолдануға себеп болды. Келесі 2 кезеңде республикалық бюджеттің шектеулі мүмкіндігін ескере отырып тауарды инвестиция тартудың тиімді тетігі МЖӘ-ні қолданатын боламыз. Тауар өткізу жүйесін құру 10,5 мың, оның ішінде құрылыс кезінде 4,2 мың, пайдалану кезінде 6,3 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. 2022 жылға қарай көлемі жылына 4,8 млн тонна қуатты құрайтын тетікті әзірлеуді ұсынамыз. Бұл қуат елдің қажеттілігін толық қамтиды. Әкімдіктермен алғашқы екі кезең үшін алғашқы жер телімдерін бөлуді пысықтадық. Қалған 15 нысан бойынша қысқамерзімді жұмыс жүргізілетін болады», - деді Б.Сұлтанов.

Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин көтерме-тарату орталықтарының  іске қосылуы өнім бағасы 25%-ға дейін төмендететіні болжанып отырғанын айтты.

«Көтерме-тарату орталықтарын іске қосқанда бірінші кезеңнің өзінде баға белгілеудің ашықтығы мен жаңа тиімді сауда механизмдерінің арқасында біз аграрлық өнім бағасы 25%-ға дейін төмендейді деп болжап отырмыз», — деді А. Мамин.


Аягөз Құрмаш
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды