• Басты
  • Екпеден бас тартқандар саны 13 пайызға артты - Л.Ақтаева
19 Маусым, 2020 09:37

Екпеден бас тартқандар саны 13 пайызға артты - Л.Ақтаева

Биыл екпеден бас тартқандар саны 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 13 пайызға артты. Бұл туралы ҚР Денсаулық министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева сенат отырысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Екпеден бас тартқандар саны 13 пайызға артты - Л.Ақтаева

ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының сөзінше, елдегі жалпы коронавирустық инфекцияны қоспағанада басқа жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 

"64 жұқпалы ауруға мониторинг жіргізілуде. 5 айдың қорытындысына сәйкес, 49 инфекция бойынша сырқаттанушылар саны төмендеген. Биыл оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтыру, туляремия, дифтерия, полиомиелит, сіреспе, малярия және басқа да инфекциялық аурулармен тіркелмеген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда монозюзбен, қызылшамен, минингитпен, туберкулезбен ауырғандар саны азайғаны байқалып отыр. Сонымен қатар Қазақстан аумағында аса қауіпті инфекциялар оба, туляремия секілді жұқпалы аурулардың белсенді табиғи ошақтары бар", - деді ол.


Ләззат Ақтаеваның оба және басқа да табиғи ошақтық инфекциялардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 5 айында обаға қарсы күрес ұйымдары зертханалық зерттеу жасай отырып, 223 мың шаршы км-ді және 4 млн эктопаразиттер мен кеміргіштер тексерілдіген.

"Обаның 14 қоздырғышы бөлінді. Бұл қоздырғыштың циркуляциясын көрсетеді. Обаға қарсы күрес станциялары 21 елдімекен айналасында қорғаныш аймағын құрды. Кенттік дизенфекция жүргізді. Обаға қарсы 50 мыңнан астам адам егілді. 2020 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша конга-крым геморагиялық қызба ауруының 3 жағдайы расталды. Оның ішінде екі жағдай Түркістан облысында тіркелсе, бір жағдай Жамбыл облысынан тіркелді. Конга-крым геморагиялық қызбаның алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет осы ауру бойынша қолайсыз қолайсыз 313 елдімекенде санитариялық қорғаныш аймағын құрды. Жергілікті атқарушы органдар конга-крым геморагиялық қызба ауры бойынша қолайсыз аймақта кенеге қарсы 5,8 бас малды, елдімекенде 362 мал қорасын өңдеді. Ал ауданы 19,8 шаршы км буферлік аймақ құрды", - деді министрлік өкілі.


Бұдан бөлек ол вакцина мәселесін де сөз етті. Оның сөзіне сүйенсек, 2020 жылдың 5 айында 1 млн 411 мың 647 адам егілген. 

"ҚР бойынша вакцинамен қамту егуге жататындар санының 92 пайызын құрады. Вакцинациялаумен жеткіліксіз қамту төтенше жағдай кезінде жоспарлы профилактикалық егулер жүргізудің тоқтатылуына байланысты. Қазіргі уақытта жоспарлы вакцинация қайта басталды, оның ішінде төтенше жағдай кезінде екпе алмаған балалар егілуде. 2020 жылдың 1 тоқсанында республикада профилактикалық егулерден 1 423 бас тарту есепке алынды, 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға өскені байқалды. Бұл ретте бас тартқан адамдар арасында егілгендер саны 2 есе төмендеді", - деді Ләззат Ақтаева.


Сонымен қоса министрлік өкілі вакцинадан бас тарту себептеріне тоқталды. Оның сөзінше, бірнеше себебі бар.

"Бас тарту себептері бойынша ең үлкен үлес салмақ жеке сенім бойынша бас тартуға келеді және ол жалпы бас тарту санының 52,9 пайызын құрайды, діни пайымдаулар бойынша – 29, вакцинаға сенімсіздік – 11, БАҚ-тағы теріс ақпарат бойынша – 6 пайыз. Бас тартқандар арасында 309 адам егілді", - деп толықтырды министр міндетін атқарушы.

 
Сонымен бірге Ләззат Ақтаеваның мәліметінше, 2020 жылдың бес айында 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қызылшамен сырқаттанушылық 2,8 есе төмендеген. 

"Қызылшамен ауруды азайту мақсатында 9-10 айлық балаларға қосымша вакцинация жүргізілді. 260 мыңнан астам бала егілді. Бұл, осы жас тобындағы сырқаттанушылықты 2,5 есе төмендетуге мүмкіндік берді. Бұдан басқа, ауырған ересектер арасында 55 пайыздан астамы 20-29 жас аралығындағы топ екенін ескере отырып, осы жас тобына қызылшаға қарсы қосымша вакцина егілді. 1 759 459 адамға екпе салынды", - деді ол.

Оның сөзінше, сондай-ақ елде минингитпен ару көрсткішінің де төмендеуі байқалып отыр.
 

"Қазақстан Республикасы менингококк инфекциясымен сырқаттанушылықтың орташа көп жылдық деңгейінің көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2,1-ді құрайды. Бұл ретте қазіргі уақытта Қазақстанда сырқаттанушылықтың деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 0,15-ті құрайды. Бұл шекті деңгейден 14 есе төмен. Жылдың өткен кезеңінде сырқаттанушылық өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сол деңгейді сақтап отыр. Сонымен бірге Шымкент қаласында ауру санының 2-ден 6 жағдайға дейін ұлғайғаны байқалады", - деп толықтырды министр міндетін атқарушы. 

Барлық жаңалықтар