• Басты
  • Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері

Экономиканы дамыту шаралары: Жаңа құрылым енгізу, кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы және цифрландыру мәселелері

23 Ақпан, 2021 10:23

Бүгін үкімет отырсында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру, экономиканың сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қолға алынған шаралармен бөлісті. Осы орайда, ол 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім әзірленгенін атап өтіп, оның мақсат-міндеттеріне тоқталды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Ол өз баянында халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруда, экономиканың сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының ең негізгі басымдығы болып қала беретінін атап өтті. Оның пайымынша, бұл ақша-кредит, салық-бюджет және құрылымдық саясаттарды, сондай-ақ қаржы секторын дамыту саясатын үйлестіруді талап етеді.

Макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім

«Осыған байланысты, Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету үшін 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім әзірленді», - деді министр.

Келісімде, оның мәліметінше, тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізу, экономиканы қолдау, сондай-ақ сыртқы және ішкі ортаның өзгерген жағдайларына бейімдеу жөніндегі тараптардың бірлескен қызметінің қағидалары мен негізгі бағыттары белгіленген.

Әсет Ерғалиевтың айтуынша, үкімет экономиканың тұрақты және теңдестірілген өсуін қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты іске асыру кезінде жұмыстың бірқатар басым бағытына бағдарланады.

«Бірінші кезекте, төмен инфляция, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың өсуі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ете отырып, іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін контрциклдік макроэкономикалық саясат іске асырылады», - деді ол.

Жаңа институционалды тірек

Жаңа экономикалық шынайы уақыт кезеңінде экономиканың сапалы және тұрақты дамуы үшін жағдай жасайтын жаңа институционалды тірек қалыптастырылатын болады.

«Қосылған құнның жобалау, өндіру және тауарды сатуға дейінгі барлық кезеңі, өңірлік және жаһандық тізбектеріне кірістіріп, бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға негізделе отыра, экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданады», - деді министр.

Оның сөзінше, экономиканы әртараптандыру агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін ашу, тиімді кәсіпорындардың дамуын ынталандыру үшін бизнесті қолдаудың жанама құралдарына көшуді ескере отырып индустрияландыру, сондай-ақ сапалы цифрландыруды жүргізу арқылы іске асырылмақ.

Жаңа инвестициялық циклді іске қосылмақ

Сонымен қатар, оның мәліметінше, инвестицияларды мақсатты түрде тарту шеңберінде жаңа инвестициялық циклді іске қосу үшін қосылған құн тізбегінің әрбір кезеңінде капитал ұстаушылармен тікелей жұмыс жүзеге асырылатын болады. Төлем балансының теңдестірілгенін қолдауға бағытталған алдын-ала сыртқы сауда саясатын жүргізуге қамтамасыз етпек.

Кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы

Минстрдің дерегінше, үкімет елімізде бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасын әзірлейтін болады.

«Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру үшін шұғыл шаралар пакеті шеңберінде үкімет бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемені азайтуды көздейтін реттеу саясатын түбегейлі оңайлатуды ұйғарып отыр», - деді ол.

Салық-бюджет саясатының мақсаттары:

-        ұлттық қор қаражатын пайдалануды қысқарту

-        мұнайсыз сектордан түсетін кірістердің өсуін ынталандыру

-        бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру есебінен мұнайсыз тапшылықты азайту

Оның пайымынша, жоспарланған барлық шараларды іске асырудың нәтижесі 2023 жылға қарай Nur Otan партиясының «Өзгеру жолы: барлығына лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында көзделген индикаторларға қол жеткізетін жетістігі болады.

Осы келісім, оның сөзінше, үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттіктің экономикалық өсуді қалпына келтіруге, экономиканы ауқымды, терең трансформациялауды жүзеге асыруға және тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізуге бағытталған іс-қимылдарын үйлестіруге мүмкіндік бермек.

«Келісімді сапалы және уақтылы іске асыру мақсатында нақты шаралар мен бекітілген көрсеткіштері бар Жол картасы қалыптастырылды», - деп толықтырды министр.

Оның айтуынша, мониторинг нәтижелерінің негізінде келісім жыл сайын үздіксіз негізде жандандырылатын болады.

Барлық жаңалықтар