• Басты
  • Экономиканы қалпына келтіру: кешенді қолдау шаралары қандай
19 Мамыр, 2020 09:28

Экономиканы қалпына келтіру: кешенді қолдау шаралары қандай

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылға арналған экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспардың жобасын Үкімет отырысында таныстырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 

Экономиканы қалпына келтіру: кешенді қолдау шаралары қандай
«Үкімет Кешенді жоспарды Ұлттық Банк, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес ассоциацияларымен бірлесіп әзірледі.Кешенді жоспар экономика салаларын қолдау жөніндегі жедел шараларды қамтиды. Бұл салықтық ынталандыру, кредит беруді арттыру, инфрақұрылымды дамыту, ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау, жұмыспен қамтуды сақтау шаралары», - деді Р.Дәленов.

Министр атап өткендей, халықаралық ұйымдардың жаңартылған болжамдарына сәйкес 2020 жылы әлемдік экономика 4%-ке, ал жаһандық сауда – 32%-ке қысқарады.

 «Жыл басынан бері мұнай 50%-ке арзандады, металл бағасы орта есеппен 16%-ке төмендеді.Бұл ретте, әлемдік экономиканың, сауданың және инвестициялардың одан әрі құлдырау қауіпі бар. Жаһандық жеткізу тізбектері бұзылды, сұраныс төмендеуде», - деді ол.

 Ол атағандай, бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Үкімет тарапынан, экономиканы қолдау мақсатында, нақты іс-шаралар іске асырылып жатыр.

«Микро- шағын және орта бизнес, салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылып, төлемдердің мерзімі ұзартылды. Олар қоғамдық тамақтану, агроөнеркәсіп кешені, сауда, сауда орталықтары, қонақ үйлер, туризм,
IT-компаниялар және басқа да қызметтер.Шағын және орта бизнестің жеңілдікпен несиелендіру құралдары едәуір нығайтылды», - деді ол.

  Р.Дәленов кредиттеу көлемі 1 трлн. теңгеге арттырылғанын атап өтті.

  «Бұл «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша 400 млрд. теңге және Ұлттық банк тарапынан жаңадан 600 млрд. теңге.«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында экономика салаларының қамтылуы едәуір артты. Соңғы сыйақы мөлшерлемесі 6% - ті құрайды.Жаңа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда»,- деді ол.

  Ол атағандай, бұл инфрақұрылымды жаңғыртуға және қайта құруға жағдай жасайды. Сондай-ақ жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

 «Шағын және орта бизнестің борыштық салмағының өсуіне жол бермеу үшін олардың кредиттері бойынша негізгі борыш пен сыйақы төлемдерінің мерзімдері 90 күнге ұзартылды. Ұлттық тауар өндірушілер үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеңілдетілді.Экономика салаларын одан әрі қолдау мақсатында салалық мемлекеттік органдар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес ассоциацияларының ұсыныстары қаралды», - деді ол.

  Ол атағандай, кешенді жоспар экономика салалары бойынша барлық келісілген шараларды қамтиды.

  «Олар өндеу өнеркәсібі, агроөнеркәсібі, тау-кен кешені, құрылыс, азаматтық авиация, логистика, туризм, шағын және орта бизнес, қызмет көрсету секторы және  іргелес салалар.Өзекті мәселелерді жедел шешу мақсатында әр сала бойынша жаңа шаралар әзірленді», - деді Р.Дәленов.

  Министр өңдеуші өнеркәсіпті қолдау шаралары туралы да айтып берді.

 «Өңдеуші өнеркәсіпті қолдау шаралары үшін қаржыландыру тетіктері айтарлықтай кеңейтілуде. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі субъектілері мөлшеріне қарамастан Ұлттық Банк бағдарламасы бойынша айналым қаражатын жеңілдікпен қаржыландыру жоспарлануда.Ұзақ мерзімді шарттарды, ұлттық даму институттары, «тұрақты кепіл» ретінде, қабылдайтын болады», - деді ол.

Сондай-ақ, министр өңдеу өнеркәсібі субъектілері «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алатынын айтты.

  «Сонымен қатар, экспорттық кредит берілетін болады. Бірнеше банктің бір қарыз алушыны бірлесіп кредиттеу үшін банктік синдикатталған кредит беру жоспарлануда.Одан басқа, Өнеркәсіпті дамыту қорын құру ұсынылады. Қор арқылы 3 проценттен артық емес мөлшерлеме бойынша өңдеуші кәсіпорындарға несие беру жоспарлануда», - деді ол.

  Министр атағандай, Үкімет отандық өндірушілердің тауарларын өткізу бойынша бірқатар шараларды қолдады.

  «Бұл мемлекеттік сатып алуда, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуында оффтейк-келісімшарттар жасау.Жеңілдетілген қаржыландыруды алушыларға отандық материалдар мен жабдықтарды пайдалану бойынша міндеттемелерді белгілеу. Олар жеке инвесторлармен лицензиялық келісімшартта бекітілетін болады», - деді ол.

  Оған қоса, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидиялар беру тетігі жетілдіріледі.

  «Жоғары экспорттық өнім өндірушілердің тасымалдау шығындарын 80 процентке дейін өтеуді ұлғайту жоспарлануда.Қосылған құн салығын жедел қайтару айналым қаражатын кеңейтуге ықпал ететін болады», - деді ол.

Министр қосылған құн салығын автоматты қайтару шегі  80 процентке дейін ұлғайтылғанын айтты.

  «Бұл жыл соңына дейінгі кезеңде 2020 жылғы 1 мен 3 тоқсан аралығындағы салықты өтеуді жеделдетеді. Аванстық корпоративтік табыс салығының бір бөлігін (2020 жылғы 2 және 3 тоқсандарға 33%-ке дейін) келесі жылдың 10 сәуіріне ауыстыру жоспарлануда.Рентабельділігі төмен кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығын төмендетілген мөлшермен беру жедел қаралатын болады», - деді ол.

 Сондай-ақ, «кедендік аумақта қайта өңдеу» режимі үшін кедендік бақылау рәсімі жеңілдетіледі.

  «Құжаттардың көшірмелерін растаушы ретінде пайдалануға уақытша рұқсат беру жоспарлануда.Форвардтық келісім-шарттарды енгізу, ҚазАгро кредиттері бойынша мерзімін ұзарту және рестуктуризациялау жолымен қаржыландыру тетіктерін кеңейту жоспарлануда», - деді ол.

Р.Дәленов ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілді сатып алу шарты банктерде «тұрақты кепіл» деп танылатынын жеткізді.

 «Субсидияланатын шикізат санатын кеңейту жоспарлануда.Пилоттық режимде «егістіктен сөреге дейін» қаржыландыру тетігі енгізіледі. Бұл аграрлық өнімді тұрақты сатып алу және өткізу жүйесі. Бұл сала кәсіпорындарының қызметін жедел қалпына келтіру шаралары. Обьектілерді жедел жобалау мен салу үшін арнайы нормалар әзірленетін болады. «Жұмыспен қамту жол картасы» объектілерін салу кезінде отандық құрылыс материалдары мен жабдықтарын сатып алу қамтамасыз етіледі», - деді ол.

 Одан басқа, құрылыс-монтаж жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері автоматты түрде ұзартылады.

«Бұл ретте міндеттемелерді осы жылдың соңына дейін орындау қажет.Сенімді жеткізушілер тұрғын үй және инфрақұрылымдық нысандарды салу кезінде банк кепілдігінің баламасы ретінде сақтандыру полисін пайдалана алады. Бұл компаниялардың шығындарын қысқартады.«Нұрлы жер» бағдарламасына сатудың шекті белгіленген бағалары бойынша өзгерістер енгізіледі. Тұрғын үй құрылысы бойынша «5-10-20» жеңілдетілген несие берудің пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда», - деді ол.

Министр атағандай, құрылыс саласының субъектілеріне шағын және орта бизнеске кредит беру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі беріледі.

«Бұл шаралар мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасына  құрылысшылар мен қатысушылар тобын кеңейтеді», - деді ол.

Сонымен қатар, министр осы жылдың соңына дейін ұшу жағдайын қолдау үшін ұшақтарға қосалқы бөлшектерді импорттау үшін уақытша қосылған құн салығынан босату ұсынылатынын айтты.

«Әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады.Одан басқа, авиация саласындағы техникалық қызмет көрсету және басқа да қызметтер резидент емес үшін қосылған құн салығынан босатылады.Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша  жолаушылар автобусының қызметтеріне қосылған құн салығын төлеуден босату көзделеді», - деді ол.

 Р.Дәленов туристік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде басым туристік аумақтарда салық преференциялары берілетінін айтты.

«Бұл корпоративтік табыс салығы, мүлік салығы және жер салығы бойынша жеңілдіктер.Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауға арналған өтінімді орындамағаны үшін сақтау төлемнің 10 еселенген мөлшерін 6 айға алып тастау ұсынылады.Сондай-ақ, транзит кезінде контейнерлік поездарды кедендік тексеруден өткізуді жеңілдету ұсынылады. Ал импорттау кезінде тексеру соңғы станцияда бір рет жүргізілетін болады», - деді ол.

  Министр шектуге шараларын ескере отырып, темір жол тасымалдаушыларын субсидиялау деңгейі сақталатынын айтты.

 «Кемелер қатынасы қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейінің қолданылу мерзімі ұзартылатын болады. Шағын және орта бизнес және қызметтер секторын қолдау шаралары«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына «Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» бойынша жаңа бағыт енгізіледі», - деді ол.

 Сонымен қатар, субсидиялау есебінен қаржыландыру қолжетімді болады.

« Мөлшерлеме 6 проценттен аспайды. Несиелер айналым қаражатын толықтыруға 5 млн. теңгеге дейін және өндірстік мақсаттарға 20 млн. теңгеге дейін берілетін болады. Бұл микробизнес өкілдерінің үлкен тобын қамтуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, микробизнес үшін жаңа формат бойынша оқыту енгізіледі, бұл да қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді», - деді ол.

Оған қоса, кепілдің жетіспеушілігін шешу үшін айналым қаражатын толықтыруға шағын және орта бизнес жобаларын несиелендіру бойынша Ұлттық банк бағдарламасы шеңберінде берілетін қарыздарға Даму Қорының кепілдігін пайдаланатын болады.

 «Банктер мен микроқаржы ұйымдары несиелері бойынша төлемдердің мерзімін ұзартатын салалардың тізбесі кеңейтілді.Арнайы салық режимінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік және салық есептерін жүргізу жеңілдетілетін болады. Жеке кәсіпкерлердің жалдамалы қызметкерлері мен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жүктемені төмендету және міндетті төлемдерді төлеуді оңайлату мәселесі пысықталуда.Салық органдарына салық есептілігін алдын ала декларациялау міндет жүктелетін болады, бұл бизнеске әкімшілік ауыртпалықты азайтады», - деді ол.

Министр еңбек нарығындағы жағдайды жедел жақсарту мақсатында жұмыссыз мәртебесін алу үшін тіркеуді оңайлату шаралары қабылданатынын айтты.

  «Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты тартуға және шағын және орта бизнесті кеңейтуге баса назар аударылатын болады.Білім беруде дистанционды оқыту әдістемесі жетілдірілетін болады. Оқулықтар мен әдістемелік құралдар цифрлық форматта қолжетімді болады.Денсаулық сақтау саласында шаралар азаматтардың денсаулығын сақтауға және қорғауға бағытталған», - деді ол.

Ол атағандай, осы жылдың соңына дейін Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құрылатын болады. Оған беделді ғалымдар мен сарапшыларды тартылады.

 «Ұлттық санитарлық-эпидемиологиялық қызметті күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл материалдық-техникалық базаны нығайту.Аталған ұсыныстар бизнес-асоциациялармен жан-жақты талқыланды.Бұл шаралар экономика салалары үшін кешенді қолдау көрсетуге бағытталған. Жалпы аталған шаралардың құралдары салықтық ынталандыру, реттеуші саясатты жетілдіру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, жеңілдетілген несие беру, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ отандық өндірушілерді одан әрі қолдауды қамтиды», - деді ол.

Министр аталған шаралар сыртқы әсерлерден және іскерлік белсенділіктің төмендеуінен болатын жағымсыз салдарларды азайтуға және жұмыспен қамтуды сақтауға мүмкіндік беретінін айтты.

  «Олар экономика салаларындағы жедел мәселелерді шешуге, ішкі өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бұл шаралар, экономикалық белсенділікті қалпына келтіруге ықпал етеді», - деді ол.

    Премьер-Министр Асқар Мамин аталған жоспардың қабылданатынын жеткізіп, Премьер-Министрдің орынбасарларына жұмысты бақылауда ұстауды тапсырды.

Барлық жаңалықтар
3.94.21.209, 192.168.88.100