• Басты
  • Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірленеді – Қ.Тоқаев
27 Сәуір, 2020 12:07

Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірленеді – Қ.Тоқаев

Үкімет пен Ұлттық банк 11 мамырға дейін Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды дайындайды.Онда дағдарыстан зардап шеккен салаларға қолдау көрсету шаралары қамтылады.Бүгінде еліміз дамудың жаңа деңгейіне қадам басып отыр, деді Президент Қ.Тоқаев коронавирус індетіне қатысты жасаған мәлімдемесінде, деп хабарлады Strategy2050.kz.
 Экономикалық дамуды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірленеді – Қ.Тоқаев

«Шын мәнінде, біз енді мүлде жаңа жағдайда өмір сүретін боламыз.Сондықтан экономикаға және мемлекеттік басқару жүйесіне ауқымды әрі маңызды өзгерістер қажет.Індетпен күрестің алдыңғы шебіндегі азаматтарды тағы да ерекше атап өткім келеді.Халықтың қауіпсіздігі үшін жанкештілік танытып жүрген дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге алғыс айтамын.Қауіп-қатерге қарамай мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге де ризашылық білдіремін», - деді Қ.Тоқаев.

Сондай-ақ,Президент халыққа жедел және шынайы ақпарат таратып жүрген журналистер қауымына алғыс айтты.

«Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға атсалысқан мемлекеттік аппараттың қызметкерлері де құрметке лайық.Қазақстан халықаралық қоғамдастықтан еш нәрсені жасырмай, барлық мәліметті ашық жариялап отыр.Сондықтан кейбір азаматтарды бос сөз бен жалған мәліметке жол бермеуге шақырамын.Әрине, мемлекеттік органдардың жұмысында олқылықтар бар, бірақ, мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі жұмысын адал атқаруда.Кемшіліктерді біз көріп отырмыз. Одан тиісті сабақ алып, қажетті шараларды қабылдаймыз.Бұл дағдарыс бірлігі бекем, елін сүйетін отаншыл жұрт екенімізді көрсетті.Қашанда осылай ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсатымызға қол жеткіземіз. Оған ешқандай күмән жоқ.Елдің қамы үшін бастаған ісіміз қайырлы болады деп сенемін!Халқымыз  «Береке басы – бірлікте» дейд», - деді Президент.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды