• Басты
  • Экономика салаларын жандандыруға арналған жаңа шаралар топтамасы қандай
13 Мамыр, 2020 18:11

Экономика салаларын жандандыруға арналған жаңа шаралар топтамасы қандай

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.
Экономика салаларын жандандыруға арналған жаңа шаралар топтамасы қандай

2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезқазған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларына әуе рейстері ашылады.

2020 жылғы 18 мамырдан бастап санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:

- қонақ үйлерге;

- сыйымдылығы 30 адамдық орынға дейінгі қоғамдық тамақтану объектілеріне;

- таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдарына;

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 18 мамырдан бастап жалпы ғимарат көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып санитарлық нормаларды сақтаумен діни құлшылық жасау нысандары жұмысқа кіріседі.   

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.https://primeminister.kz/assets/media/attach1.jpg

Сонымен қатар шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды. 

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды