• Басты
  • Экологияны жақсарту тек Үкіметтің міндеті емес, әр адамның жауапкершілігі – С.Рахимбекова
11 Ақпан, 2020 15:42

Экологияны жақсарту тек Үкіметтің міндеті емес, әр адамның жауапкершілігі – С.Рахимбекова

Экологияны жақсарту тек Үкіметтің міндеті емес, әр адамның жауапкершілігі. Бұл туралы «Жасыл экономика және «G-Global» дамуы үшін коалициясы» ЗТБ басқармасының төрағасы Салтанат Рахимбекова «Дара» бизнес мектебінде өткен эко-сабақ барысында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Экологияны жақсарту  тек Үкіметтің міндеті емес, әр адамның жауапкершілігі – С.Рахимбекова
«Қосшы ауылында игі шара өтіп жатыр. Бұл мектеп өткен жылдың қыркүйек айында ашылды. Кәсіпкер, меценат бизнес мектепті өз ақшасына тұрғызды. Мектептің өзі жаңа новацияларды қабылдауға дайын... Юрий Гашек және басқа да экологтар экология министрі Мырзағалиевтің мектептерде эко-сабақтар өткізу туралы идеясын қолдады. Міне, сол идеяны іске асыру мақсатында бүгінгі шара ұйымдастырылды. Қыркүйектен бастап тұқымын баклажкаға егіп, балалардың алдына әкеліп берді. Бүгінгі эко-сабақ аясында Юрий Гашек балаларға бұдан әрі ағаштың күтімі, қоршаған ортаға олардың тигезетін үлесі жайлы айтып берді. Оны оқушылар үйіне алып кетіп, жазға дейін өсіреді. Сөйтіп бұл ауданда балалардың өз қолымен отырғызған ағаштарын көре аламыз. Осы шараның аясында біз басқа да экологиялық жобалар жайлы талқыладық», - деді Салатанат Рахимбекова.

Сонымен қатар, ол қоқысты дұрыс сұрыптау, қағаз қалдықтарды арнайы жәшікке салу, электр энергиясын үнемдеу қажет екенін айтты.

«Сондықтан эко-сабақ деген тек ағаш отырғызу емес. Жоғарыда айтылғандармен қатар суды үнемдеуді қосып өткім келеді. Бүгінгі таңда экологияның ахуалы жаһандық проблема болып отырғанын бәріміз білеміз. Күзде Юрий Гашекті тағы шақырамыз. Бүгінгі әзірлікті маман өзі жасаған болса, енді күзде олар Юрий Гашекпен бірге дайындап, елордалық басқа мектеп оқушыларына үйретеді. Сонда бұл мектептің 1-11 сынып аралығындағы балалары кішкентай эковолонтер бола алады. Сонымен қатар, Коалиция БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары арқылы ТДМ көшбасшыларын анықтайды. Бұл балалар да болашақта осы көшбасшылардың қатарынан көрінуіне мүмкіндік бар», - деді ол.

С.Рахимбекова айтып өткендей, бастысы – балалар күнделікті өмірде экологиялық қарапайым міндеттерді орындай отырып, экологияны қорғай алатынын түсінсе.

« Өткен жылы үш мектепте ағаш отырғыздық, ертең бүгінгіден бөлек «Нұр Орда» және №63 мектепте отырғызамыз. Елорданың «Сарыарқа» ауданының әкімдігі бізді қолдады. Яғни, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтын мектептердің қатарына көбейіп келеді.
Биыл Экологиялық кодекс қайта қаралып жатыр. Қазір Парламент қарауында. Сол жерде өте маңызды новеллалар бар. Экологиялық төлемдерді бір қорға жинау көзделген. Сарапшылардың айтуынша, жыл сайын экологиялық төлем 120-160 млрд теңгені құрайды. Бірақ соның 3-5% экологияға жұмсалады. Қалғаны басқа шараларға кетеді. Біз – экологтардың көтеріп отырған маңызды мәселесі – сол бөлінетін қаржыны ұлғайтып, экологияның жақсаруына ақша бөлу. Үлкен мекемелерге ауыртпашылық түсіріп отырмыз», - деді ол.

Сонымен қатар, ол біз оларға экологиялық төлемдерді де төлеу керек және жаңа технологияны қондыру керек деген талап қойылғанын айтты.

« Енді олардың мұны қатар алып жүруге шамасы келмейтін жағдайлар бар. Сондықтан оларға мемлекет тарапынан субсидиялар, гранттар болу керек. Сонда мекемеге ол тиімді әрі қызықты болады. Ол бөлінген қаржыны жаңа технологияларға жұмсап, өзінің қоршаған ортаға келтіріп отырған залалын төмендетеді. Сол мекеменің басшылығы, эколог мамандары тек тескеріс кезінде жақсы жұмыс көрсетіп қоймай, шын көңілімен зардап тигізбейтіндей жағдайға жеткізу керек. Екіншіден, қоршаған ортаны қорғау әр адамның өзіне байланысты. Кем дегенде үйдегі жейтін тамақтан аз қалдық шығару, шыққан қалдықты дұрыс сұрыптау, үнемдеуді үйренсе, күнделікті өмір сүру мәдениетін өзгерткені керек. Сондықтан экологияның жақсаруы тек Үкіметтің міндеті емес, әр адамның жауапкершілігі», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды