• Басты
  • Экологиялық сауатсыздықты жою -халық арасында жүргізілетін маңызды мәселеге айналуы тиіс
27 Шілде, 2020 17:19

Экологиялық сауатсыздықты жою -халық арасында жүргізілетін маңызды мәселеге айналуы тиіс

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі АидаБалаеваның төрағалығымен онлайн форматта «Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Конференция барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, халықты экология саласы бойынша ақпараттандыру жөнінде ұсыныстар айтылды, деп Strategy2050.kz хабарлады тілшісі.

Экологиялық сауатсыздықты жою -халық арасында жүргізілетін маңызды мәселеге айналуы тиіс

Жақында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жағдайларға байланысты экология саласындағы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырма берген болатын. Осы орайда өткен дөңгелек үстелді ұйымдасытырып, қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева соңғы оқиғаларға қатысты пікір білдіріп, азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру керегін атап өтті.

«Қазіргі таңда қоршаған ортаның халықтың денсаулығына әсері туралы айтпаса да түсінікті. Арулардың көптеген түрі қоршаған қоршаған ортадағы келеңсіз өзгерістермен тікелей немесе жанама түрде байланысты екені анықталған. Бірақ халықтың науқастануының экологиялық факторлары мен себеп-салдарларына байланысты әзірге елімізде жеткілікті деңгейде назар аударылмай отыр. Экологиялық сауатсыздықты жою – біздің халық арасында жүргізілетін маңызды мәселеге айналуы тиіс. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолын түсіндіру, жалпыхалықтық экологиялық сауат ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешілмек. Біз соңғы апталарда табиғи демалыс орындардағы қатыгез жағдайлар оқиғалардың куәсі болдық», - деді министр.

Оның сөзінше, азаматтардың бейғамдығынан зарар келген кейбір табиғи демалыс орындарын енді қайта қалпына келтіру қиын. Осы орайда ол жас ұрпақты тәрбиелеу керегін баса айтты.

«Сол себепті халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, экологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында онлайн конференцияны ұйымдастырып отырмыз. Еліміздегі табиғи демалыс орындары адамдардың дұрыс пайдаланбауы салдарынан енді қайта қалпына келмейді. Сондықтан мемлекет барлық қажетті шараларды қолға алып, табиғи байлықтарымызды келешек ұрпақ сақтап қалуға күш салуы тиіс. Ал жас ұрпақты қоршаған ортаны аялауға, сақтауға, ластамауға баулуымыз керек», - деді Аида Балаева.

 

Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысқан қоғам қайраткері Арман Хайруллин өзбек халқымен салыстырғанда қазақ халқы санының аздығын экологиялық проблемалармен байланыстыр.

«Экология Қазақстанның ұлттық идеясына айналуы керек. Себебі 2018 жылы елдегі жоғары оқу орындарының зерттеуіне сүйенсек, экологиялық тазалық бойынша бүкіл әлемде 101 –орынға жайғасыппыз. Алайда шынайы картина бұдан да нашар. Көрсеткіштер күннен күнге нашарлап барады. Салыстырмалы түрде қарасақ, көрші Өзбекстанда 1959 жылғы санақ бойынша халық саны 8,1 млн болған, ал қазақстанда - 9,2 млн. Ал бүгінгі санақты салыстыруға да келмейді. Біз неге өзбек бауырлардан қалып отырмыз?! Мұның бәрі экологиялық мәселеге тіреліп отыр», - деді Арман Хайруллин.


Сонымен қатар ол елдегі экологиялық проблемаларды шешу үшін 2021 жылды «Экология жылы» деп жариялауды ұсынып, қазақстандықтарды өзін қолдауға шақырды.

Атырауда бүгін экологиялық апокалипсис жағдайы орын алып отыр. 90-шы жылдардан бүгінге дейін ауа бассейніне 4 млн тонна уытты зияндылар шығарылған екен. Осының барлығы біздің денсаулығымызға үлкен зиян келтіріп отыр. Шақалақтардың шетінеуі және де түрлі потологиялар бойынша алдамыз. Менің ұсынысым біздің экология министрлігін құрып берген президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылды, яғни 2021 жылды «Экология жылы» деп жарияласа екен. 20 жылда бірде-бір экология жылы жарияланған емес. Осы орайда қазақстандықтарды осы ұсынысымды қолдауға шақырамын, - деді ол.

 

Бұдан бөлек онлайн өткен дөңгелек үстелде бірқатар ұсыныс айтылды. Соның бірі белгілі блогер Яков Федоровтың айтуынша, азаматтардың уақытын үнемдеу мақсатында, сонымен қатар өтініш беруді қолжетімді ету үшін мемлекеттік органдар «жедел» желі ұйымдастыруы тиіс. Сонымен қатар ол өзінің Мен оптимист екенін атап өтіп, алайда біздің азаматтардың экологиялық мәдениетіне келгенде күмән келтіретінін тілге тиек етті. Оның пайымынша, біздегі білім беру бағдарламалары да өзінің жұмысын ойдағыдай атқара алмай отыр.

 

«Кез келген мемлекет үлкен территорияны ылғи бақылауда ұстай алмайды, сол себепті қоғамдық бақылауды күшейту керек. Қазіргі таңда заңнамалық механизм бар, оның жұмысы жақсы жолға қойылған. Мәселен, азаматтардың мемлекеттік органдарға электронды форматта өтініш жасай алуы. Алайда бұл формат қолжетімсіз. Мысалы, аймақтағы азаматтар үшін ЭЦП кілтін алу секілді мәселелер оңай емес. Сонымен қатар ол уақытты алады. Сондықтан азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініш жасау жолын барынша жеңілдету қажет. Мүмкін мобильді бағдарламаларды жасап, қолдану керек шығар. Я болмаса, белгілі бір мемлекеттік «жедел» желі ұйымдастырып, азаматтардың өтінішін қабылдауы тиіс. Бұл «жедел» желі азаматтар өтінішінің қағазға жазылған нұсқасы секілді қаралуы тиіс. Ал әлеусеттік желідегі жазбаларға мемлекет жауап беруге міндетті емес», деді блогер.

 

Бұдан бөлек оның сөзінше, көп қаражат бөлінетін эколгия саласындағы гранттық бағдарламалар ауқымды аудиторияны қамти алмайды.

 

«Сондай-ақ айта кету керек бір мәселе, қандай да бір гранттық бағдарламалар, оның бюджеті қомақты болса да көп адамды қамти алмайды. Ал менім ойымша, көп қаражатты қажет етпейтін қарапайым механизмдер көп адамды қамтып, оның ішінде азаматтық қоғамның тартылуына себеп болады», - деді Яков Федоров.

 

Айта кетейік, дөңгелек үстелге биология ғылымдарының докторы, профессор, «Эко – Көкше» ҚҚ жетекшісі А. Т. Хусаинов, экотренер, экология саласындағы PhD кандидаты В.Дашкова (Қазақстан), Назарбаев Университетінің «National Conservation Initiative» корпоративтік қоры директорының міндетін атқарушы А.Байбакшиева, азаматтық белсенді, ECO Network жобасының негізін қалаушы Е. Мұхамеджанов, экотренер, танымал экоблогер Р.Саблин (Ресей) және тағы басқа экологтар, сарапшылар мен журналистер қатысты.

Барлық жаңалықтар