• Басты
  • Экологиялық мәдениетті арттыру бойынша эко-сабақ өтті
11 Ақпан, 2020 12:12

Экологиялық мәдениетті арттыру бойынша эко-сабақ өтті

Қосшы ауылында орналасқан "Дара" бизнес мектебінде оқушыларға арналған эко-сабақ өтті,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Экологиялық мәдениетті арттыру бойынша эко-сабақ өтті
"Бүгінгі шара "Ағаш отырғызу" акциясы деп аталады. Оның аясында мектептерде "Жердің болашағы сенің қолыңда" деген атаумен эко-сабақтар өткіземіз. Мұндай көмекті біз баладардан сұрап отырғанымыз біртүрлі болып көрінуі мүмкін. Бірақ менің жасымдағылар енді Жерге ешқандай көмек көрсете алмайды. Кеш қалдық. Тек балалар өз болашақтары үшін алаңдап, жерді қастерлеуді, оны көгалдандыруды үйрене алады. Олар бұл мәселенің бар екенін біліп өсу керек. Әрине, мұны балаға ана сүтімен беру керек еді. Өкінішке қарай, бұл сәтті біздің қоғам өткізіп алды. Енді мектептен қолға алсақ та игі болар еді. Сондықтан эко-сабақта жер - біздің анамыз, бізге берген жақсылығына біз де жақсылықпен жауап қайтаруымыз керек екенін түсіндіріміз. Сондықтан шынайы түрде жерге көмектесуге кіріскенін қалаймыз. Ал, оған ағаш отырғызу арқылы үлкен көмек көрсете аламыз. Міне, балалар да эко-сабақ ағаш отырғызып, оны өздері өсіреді. Барлық материалды береміз",-деді Ю.Гашек.
юрий.jpg
Сондай-ақ ол тұқымдарын салып,егетіндерін айтты.
экосабақ.jpg

"Кейін оны бала қайда отырғызамын десе де, өз еркі. Үй ауласына, мектепке, көшеге отырғызса да, қалауы біледі. Міне, содан кейін ағаштар жердің өмірін жақсарта алады.Біздің мақсатымыз - ағаш отырғызып кету емес. Оны әрі қарай күтіп, биік ағаш болғанда баптау керек. Қазір балалар тұқымын отырғызады. Бұған дейінгі  күтімін мен әзірлеп әкелдім. Енді осылай күтіп жүрсе, маусым айының ортасында жерге отырғызуға болады. Күн жылы кезде жерге отырғызып, әрі қарай 3 жыл ішінде ағаш бекиді. Содан соң ағаш кез келген топырақта өзі күресіп, өзі өсе алады.Қазір енді ең алдымен ағашқа ешқандай физикалық соққы болмау керек. Басып кетпеу керек. Екіншіден, махаббатымызды беру керек. Үшінші, аптасына бір рет  су құйып отыру маңызды. Сонда бұл ағаштарға аптасына бір рет су құйып, махаббатымызбен ән айтып отырсақ, ағаш биік болып өседі. Экологиялық "Туған жер"  ауылының тұрғынымын. Ол Павлодардан 40 шақырым жерде орналасқан. Оның негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғау. Қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Біз бұл іспен 15 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеміз. Жасылдандырумен айналысып жүргеннің өзінде адамдардың экологиялық мәдениеті жеткіліксіз екенін көрдік. Адамдар бұл біздің қоршаған ортамыз,оған қамқорлықпен қарау керегін түсінулері керек. Экологиялық мәдениетсіз жалаң экологиялық  әдістерді қолдану жақсы,алайда тиімсіз",-деді ол.  
обща.jpg

Сондай-ақ, Ю.Гашек оқушылармен бірігіп,5 мыңдай көшет отырғызғанын айтты.

"Ал экологиялық аймақта 20 мыңға жуық көшет отырғызылды. Бұл жерді қабылдап,өмірін жалғастырып жатыр. Қазір адамдар біз қаншалықты қиын экологиялық ортада тұрып жатқанымызды түсіне бермейді. Әр адам жердің тұтынушысы ретінде өз үлесін қосып, пайдасын тигізуге үлес қосуы керек. Кез келген адам өзінің айналасында экологиялық шаралармен айналысуы керек. Сондықтан да, біздің басты проблемамыз-экологиялық мәдениеттің төмендігі. Бізде жасылданған аймақтар аз. Оның қатарын көбейтіп, Жер Анаға жақсылығын қайтаруымыз керек. Себебі, қазір инфрақұрылым мен индустрияның әсері де бар. Мысалы, жол салу үшін оның айналасындағы көшеттерді кессе,оның орнын басқа жерде қалай толтыру қажеттігін де ойлау керек. Экологиялық сабаққа дайын еменнің тұқымы әкелінді. Оны егуге дайындап,жарты жылдай,маусымға дейін күту керек. Кейін ыңғайлы жер тауып,оны отырғызғаннан кейін тағы 3 жыл үнемі қадағалап отыру керек",-деді Павлодар облысы жасыл технологиялар орталығының жетекшісі  Юрий Гашек.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды