• Басты
  • Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектептен басталады

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектептен басталады

28 Қыркүйек, 2020 13:37

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы экологиялық білім» туралы сараптамалық баспасөз мәслихаты өтті. Спикерлер экологиялық тәрбие берудегі шетелдік тәжірибені талқылап, еліміздегі пилоттық жобалармен таныстырып, жас жеткіншекті табиғатты аялауға шақыру шараларымен таныстырып, адамдардың жануарларға көрсететін қастандығын тоқтату шараларын нақтылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі

Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты даму және урбанизация бағдарламасының үйлестірушісі Фируз Ибрагимов экологиялық бағытқа арналған жаңа жобалармен таныстырды. Оның айтуынша, БҰҰДБ бағдарламасы аясында Қазақстанның 17 аймағында бірнеше экологиялық орталықтың пилоттық нұсқасы жасалады.

Қазір біз министрлікпен бірігіп, эколог мамандарды тартып, сонымен қатар қоғамдық қорлар, жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы – бәріміз қосылып экологиялық білім беру жобасын әзірлеп жатырмыз. АҚШ пен Германияның тәжірибесін есепке алып, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламалары іске асырылатын 177 елдің оң және теріс практикаларын да қолданып жатырмыз. Осылайша, бүкіләлемдік тәжірибені зерттеп, экологиялық тәрбие бағдарламаларын енгізуді жоспарладық, - деді ол.

 АҚШ, Германия және ЕУРАЗИЯЛЫҚ Одақ елдерінің тәжрибесінде олар ғылымды теориямен ұтымды байланыстыра алады және осы жетістіктерді білім беру жүйесіне енгізе алған.

 Табиғатты қорғау, айналаны мәдениеті көрші мемлекеттерде де жолға қойылған. Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан мұндай жобаларды 2000 жылдардың басында-ақ іске асырған. Экологиялық тәрбие туралы жоба мектеп жасына дейінгі балалардан бастап ересек ұрпаққа дейін қамтиды. Бұл бәрінің бір деңгейде болын қамтамасыз етеді. Егер Отанымыздың табиғатына бей-жай қарамайтын белсенді азамат болсаңыз, ынтымақтастыққа шақырамын,- деді сарапшы.

 Мектеп бағдарламасындағы экологиялық тәрбие сағаттары заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Курстардың бір бөлігі алгебра мен географиямен қатар жүреді.

 Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы негізінде соңғы 5 жылда 42 Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Климаттық қобдишалар» енгізілді. Бұдан кейін басқа да оқу орындарының бағдарламасына қостық. Біз оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға, Жер ресурстарын, су, орман және жайылым ресурстарын тұрақты пайдалануға, білім мен ғылымды мектеп қабырғасынан бастап тәрбиелеуге тәрбиелейміз,- деді ол.

«Серпін» Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов қоқыстарды сұрыптау арқылы экологиялық тәрбие беруді алға тартты.

Егер өндірістік компаниялар қоқысты жәй төкпей, сұрыптаса, ол қайта өңделсе, қоқыстың зиянынан балаларға осындай іспен көрсетсе, балаларды қоқысты сұрыптауға үйрете отырып білім саласындағы проблеманы шешуге болады. Сондай-ақ, бұл іс үлкен экологиялық тәрбие болады. Экология министрлігі экологиялық тәрбиеге қатысты бірнеше жобаны қолға алды. Ұлттық табиғи парктер ірі компанияларға берілді. Мысалы, Іле Алатауында келушілерге арналған арнайы демалатын орындар бар. Осы орталық өкілдері балаларды жергілікті табиғат ерекшеліктерімен таныстырады. Яғни балалар демалады және білім алады. ЭКСПО кезінде қоқысты қайта өңдеу, одан энергия алу сияқты халықаралық деңгейдегі технологиялар көрсетілді. Еліміздегі бір ұйым балаларды қоқысты сұрыптап, оны дұрыс пайдалануды үйретеді. Балаларды қоқысты сұрыптауға үйрете отырып, компания оны қайта өңдеу арқылы пайда көреді. Бұл адамдар үшін де, мемлекет үшін де және табиғатымыз үшін де жан-жақты тиімді, - деді М.Әбенов.

 Оның ойынша, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, осы бағытта балаларға дұрыс тәрбие беру үшін бірнеше сала бірігіп бір мақсатта жұмыс жасау қажет:

 Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мәдениент саласы қолға алады, экологиялық өндіріс – өндірістік сала, экологиялық білімді қалыптастыру білім беру саласының құзырында. Ауыл шаруашылығы саласы өз міндетін атқару керек, - деді спикер.

Мұрат Әбенов жануарларға қастандық жасаған адамдарға қатаң жаза қолдану керектігін айтты. Ол «Көксерек» фильмін мысалға келтірді.

«Көксерек» фильмінде басты кейіпкер-жас бала қасқырдың бөлтірігін бауырына басып, өсірді. Бірақ аң жыртқыштығын жасады. Бұл – табиғаттың заңы. Кейде табиғаттың заңына қайшы әрекет жасап, өз ырқымызға көндіргіміз келеді. Бірақ заңдылық бар, оны өзгерте алмайсың. Балалар өздерін табиғаттың бір бөлігі ретінде сезінуі керек, соны түсінуі керек,- деді ол.

ҚР Президенті өзінің Жолдауында Үкімет азаматтық сектормен бірлесіп «Жануарларды қорғау туралы» заң әзірлеуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев жануарларға деген көзқарас кез келген мемлекеттің өркениеттілігінің өлшемі екендігін атап өтті.

Қазақстан NUR ALEM павильонының жетекшісі Әсем Омар кологиялық мәселенің алдын алу үшін үгіт және түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Экологиялық проблемалар туындамау үшін алдын ала шара қолдану қажет. Түрлі бейнероликтер әзірлеп, көшеге ескертпелер көбірек іліну керек. Мәселен, түкіруге, қоқыс тастауға болмайды, шылым шекпеңіз деген сияқты ескертулер қадам сайын тұру қажет. Орманға бардың ба, от жақпа, қоқысты алып кет деген сияқты үгіт жұмыстарын үздіксіз жүргізу керек, - деді Әсем Омар.

Оның айтуынша, әр отбасы балаларына табиғатты аялау керектігін санасына сіңіріп өсіру керек.

Ата-бабамыздың бізге қалдырған ұлан-байтақ жерін ұқыпты ұстау - әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Ертең тастаған қоқыс өзімізге ауру болып жабысатынын түсінуіміз керек. Менің тұрғылықты жерім, мен осы ауамен демалам, осы суды ішем деп ойланып, осы жерді бүлдірмей таза ұстауы керек,- деді ол.

 Әсем Омардың пікірінше, экологиялық мәдениет адам туылғаннан бастап қалыптасады. Табиғатқа жанашырлықпен қарау үшін эколог болу шарт емес, артық ақылдың да қажеті жоқ. Бірақ қазіргі кезде жануарларға көрсетіліп жатқан қастандыққа қарап, кейбір адамдарға экомәдениетті үйретіп, сауаттандыруды қолға алу керек.

 

 

Барлық жаңалықтар