- Басты
- Жаңалықтар
- ВИДЕО: Экология министрлігі Бурабай мен Зерендідегі стихиялық қоқыстарға рейд жүргізді
ВИДЕО: Экология министрлігі Бурабай мен Зерендідегі стихиялық қоқыстарға рейд жүргізді
Көбейтұздағы, Каспийдегі итбалықтарға қатысты болған соңғы шулы оқиғалар ел азаматтарының демалу мәдениеті мен экологиялық сауатының төмен екенін бір дәлелі. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай заңбұзушылықтарға қатысты жауапкершілікті күшейтуді тапсырды. Сондықтан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ҚР ІІМ, ұлттық парк инспекторлары, қоғам белсенділері және журналистердің қатысуымен әр сенбі-жексенбі күндері табиғи демалыс орындарында рейдтер өткізуді қолға алды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Министрлік мамандарымен бірге журналистер мен блогерлер рұқсат етілмеген қоқыстарды анықтап, суретке түсіріп, бейнетүсірілім жасады.
Бұған дейін Экология министрлігі елдегі стихиялық қоқыс проблемалары және рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастайтын ел азаматтары мен компаниялардың санадан тыс әрекеті туралы хабарлады. Жақында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та халықтың экологиялық мәдениеті мен мектептерде тиісті пән енгізу қажеттілігі туралы айтқан болатын.
Тағы бір үлкен проблема - Щучинск, Бурабай және басқа да елдімекендердің, ірі демалыс орындарының жанында рұқсат етілген полигондардың болмауы. ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасовтың айтуынша, қолданыстағы полигондар көбінесе заңсыз, санитарлық нормаларға сәйкес келмейді, жол бойында жиі орналасады, өртеніп жатады. Сонымен қатар, халықтан қоқыс шығару үшін жиналған ақшаның қайда кететіні белгісіз, деді Комитет басшысы. 2015 жылы Экология министрлігі үлкен айыппұл сала отырып, Бурабай маңындағы рұқсат етілмеген полигонның қызметін тоқтатты.
«Жергілікті әкімдік басқа ауылдық округте жаңа полигон салуға уәде берді. Бірақ бұл мәселенің шешімі кешеуілдеуде», - деді З. Жолдасов.
Сондай-ақ оның айтуынша, кейбір елдімекендер мен демалыс базаларында тазарту қондырғылары жоқ болғандықтан, экологиялық жағдай нашарлауда. Соның бірі – Қазақстандағы ең көрікті жердің бірі – Бурабай.
«Бурабай, Зеренді және Щучинск ауылдарында тазарту қондырғысы салынғанмен, пайдалануға берілмеген. Жалпы, бұл стихиялық қоқыстардың пайда болуына әкеліп соғады. Халық қалдықтарды далаға тастауға мәжбүр», - деді Комитет басшысы.
Экология министрлігі бұл мәселені жергілікті әкімдіктердің алдына қойып, қабылданған стандарттарға сәйкес келетін жаңа полигондар мен тазарту нысандарын салу туралы оң шешім іздеуде.
Видео: Кенжетай Ақсейітов
Монтажер: Мақсат Рысбеков

-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады

