• Басты
  • Экология министрі су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын айтты

Экология министрі су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын айтты

23 Ақпан, 2021 14:07

Үкімет отырысында өзен бассейндерінде қалыптасқан гидрометеорологиялық жағдай және 2021 жылы болуы мүмкін су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қаралды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Экология министрінің есебінше, биыл Ақмола облысының Шағалалы өзені алабында қар қоры көпжылдық орташа мәннен 29% жоғары екен. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл өзені, Ақмола облысының Селеті өзені және Қостанай облысының Тоғызақ өзені алаптарында бұл көрсеткіш көпжылдық орташа мәннің шамасында. Еліміздің жазық жерінің басым бөлігінде қардағы ылғал қоры көпжылдық орташа мәннен төмен. Сонымен қатар, еліміздің жазық жерінің басым бөлігінде қардағы ылғал қоры көпжылдық орташа мәннен төмен екендігін атап өтті.

«Ақмола және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш жеті 7 пайыздан 39 пайызға дейін төмен; (Жабай, Колкутан өзендерінде (-30%), Есіл өзені (-10%) Астана су қоймасына; Нұра өзені (-10%) Самарқанд су қоймасына, Шерубайнұра өзені (-20%) Шерубайнұра суқоймасына). Қостанай облысында - 24 пайыздан 52 пайызға дейін төмен (Тобыл өзені -30%). Еліміздің батыс өңірлерінде - 20 пайыздан 78 пайызға дейін төмен көрсеткіш тіркеліп отыр», - деді министрлiк басшысы.

Министр топырақтың күзгi ылғалдануы бойынша көрсеткiштeргe қарағанда Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан ​​облыстарын ескеру қажет деп есептейді.

«Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан ​​облыстарының өзен алаптарында аталған көрсеткіш орташа жылдық мәндерден 9 пайыздан 50 пайызға дейін жоғары. Ал басқа аймақтарда бұл көрсеткіш орташа жылдық мәндерден он төрт 14 пайыздан жетпіс сегіз 78 пайызға дейін төмен», - деді министр.

Топырақтың қату деңгейі осы жылы Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа алғанда 16 сантиметрден 143 сантиметр аралығында жатыр. Қар қорының жинақталу кезеңі наурыз айында әлі де жалғасады. Күн күрт жылынған жағдайда жазық өңірлерде еріген қардан су қалыптасып, кей аймақтарда су басу орын алуы мүмкін.

Министрдің айтуынша, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өзендердің көпшілігінде биылғы жылы су аз болады. Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасы аумағында қар қоры жылдық орташа мәндерден 26%-дан 49%-ға дейін төмен. Ертіс өзенінің сол жақ саласында аталған көрсеткіш орташа көп жылдық мәндердің шегінде.

«Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында қар қоры орташа көп жылдық мәндерден 40%-дан 82%-ға дейін, ал Алматы облысының тауларында – 25%-дан 56%-ға дейін аз», - деп есеп берді Мағзұм Мырзағалиев.

Бас экологтың сөзінше, ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшері наурыз айында нормадан жоғары болуы мүмкін. Қазгидромет наурыз айынан бастап апта сайын негізгі гидрологиялық болжамдарды ұсынады. Онымен қоса, су тасқыны қаупінің пайда болуы туралы алдын-ала 2-3 күн бұрын хабарлап отырмақ.

«Қар жамылғысының аздығына қарамастан, алдағы күндерде еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтілуде. Ол өз кезегінде еріген қардың суымен қосылып, тасқынға алып келуі мүмкін» , - деді министр.

Осы мәселелерді шешу үшін министр қабылданған шаралар туралы айтты. Оның айтуынша, гидротехникалық құрылыстарды тасқын суларға дайындау мақсатында министрлік жанында су тасқынына қарсы комиссиялар құрылған. Мұнымен қоса тасқын суларды апатсыз өткізуге қажетті шаралар қабылданып жатыр. Ведомствоның болжамдарына сүйеніп, тасқын суларды қауіпсіз өткізу үшін су қоймаларының жұмыс режиміне түзетулер енгізілді.

Министірдің айтуынша, өзендердің сулылығы қалыпты деңгейде не одан төмен деп күтілетінін жеткізді. Бүгінгі таңда ірі су қоймаларының орташа толымдылығы 60-75% -ды құрайды. Осы нысандар су жинағыш ретінде емес, су өткізгіш ретінде қолданылып отырғандықтан, су тасқыны кезінде қауіп төндірмейді Бұл ағымдағы кезең үшін қалыпты екенін жеткізді.

«Қазір 41 апаттық су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның 11-і қалпына келтірілді, соның нәтижесінде 14 мыңнан астам тұрғыны бар 15 ауылдық елді мекенде, нақтырақ, Алматы, Ақтөбе, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарында су басу қаупі жойылды», - деп сендірді министр.

Министрлік осы жылы тағы 10 су қоймасын қалпына келтіруді жоспарлаған. Қалған 20 су қоймасына қатысты жұмыстар алдағы 3 жылдың ішінде аяқталатын болады. Республикалық меншік нысандарындағы су шаруашылығы жағдайын Министрлік тұрақты түрде бақылауда ұстайды.

Венера Жоламанқызы

Барлық жаңалықтар