• Басты
  • Эко-амбассадор: "EcoCamp" лагері - экологтар үшін тәжірибе алмасу алаңы болмақ
5 Маусым, 2020 18:43

Эко-амбассадор: "EcoCamp" лагері - экологтар үшін тәжірибе алмасу алаңы болмақ

Елімізде 1998 жылдан бері елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қоршаған ортаны қорғау қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Экологтар күні тойланып келеді. Мереке қарсаңында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысу үшін эко-амбассадор, "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасовамен сұхбаттастық. Ол биыл қолға алынған "Birgemiz: Taza Alem" жобасының мақсат-міндеттері туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Эко-амбассадор: "EcoCamp" лагері - экологтар үшін тәжірибе алмасу алаңы болмақ
"Биыл "Birgemiz: Taza Alem" жобасын жүзеге асырылуда. Еріктілер жылы аясында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген 7 бағыт бар. Осы орайда "Birgemiz: Taza Alem" жобасы қоршаған ортаны тазалау бойынша еріктілерді дайындайды. Аталмыш жоба аясында 1000 волонтерді көгалдандыру, ағаш отырғызу, жануарларды қорғау, қоқысты сұрыптау, экологиялық білім беру бойынша оқытамыз. Дайындық біткен соң еріктілер алған білімін тәжірибе жүзінде іске асыратын болады", - деді ұйым жетекшісі.


Оның сөзінше, жоба аясында волонтерларды ынталандыру мақсатында бірқатар іс-шараны қолға алынған. 

"Мәселен, шілде айының соңында Павлодар облысында "EcoCamp" лагерін ұйымдастырмақпыз. Лагерьге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден астам жас қатысады. Біз қазір болатын уақытын шілденің соңы деп жоспарлап отырмыз, бірақ елдегі жағдайға байланысты өтпеуі де мүмкін. Лагерьде экобелсендер өзінің тәжірибесімен бөлісіп, дәрістер оқып, практикалық сабақтар жүргізеді. Бұл, біріншіден, тәжірибе алмасу алаңы болмақ. Сонымен бірге  айта кету керек, бізде экобелсенділер өте көп, алайда олар бір-бірін танымайды, әрқайсысы жеке-жеке жұмыс істеп жатыр. Сондықтан осы лагерьде олар бірі-бірмен танысып, ой бөлісіп, болашақта бірігіп жоба жасауға мүмкіндік алады. Осылайша, үлкен экологиялық қозғалыс құруды қолға алмақпыз", - деп толықтырды Динара Сәдуақасова.


Сонымен қатар эко-амбассадордың айтуынша, "Birgemiz: Taza Alem" жобасы аясында экологиялық маңызы бар жобаларға грант тағайындалады. Оның да мақсаты - жастарды қоршаған ортаны, жануарларды қорғауға іс жүзінде көмектесу.

"Аталмыш жоба аясында шағын гранттар байқауы өтті. Экология саласындағы 68 жобаға 300 мың теңге көлемінде грант тағайындаймыз. Бүгінде республика бойынша 300-ден астам өтінім келіп түсті. Маусым айының 10-ы күні комиссияның отырысы өтіп, 68 жоба таңдалынып алынады. Бізге келіп түскен жобалардың басым көпшілігі көгалдандыру мен экологиялық білім беруге байланысты", - деді.


Сонымен бірге ұйым жетекшісі байқау барысында келіп түскен бірқатар жобаларға тоқталып өтті. 

 "Көзім түскен бірнеше жобаны атап өткім келеді. Мәселен полиэтилен пакетінің орнына матаның қалдықтарынан пакетке ұқсатын сөмке тігу туралы жоба бар. Олар ательедегі маталардың қиындысынан тішіледі. Сонымен қоса жануарларды қорғау бойынша да бірнеше жоба бар. Мәселен, жауанрларға арналған сетка қою, оларды тамақтандыру. Біздің грант қызмет көрсетуге не ғимаратты жалға алуға емес, нақты жоғарыда аталған  жобаларға беріледі", - деді ол.


Бұдан бөлек ол жалпыұлттық жобасы аясында  плоггингтер, жануарлар үйіне барып көмек көрсету, құстар ұяшығы фестивалі, ЭкоLife Challenge, "Eco Alem" үстел ойыны, дармарка, биопакет өңдіретін зауыттарға экскурсия, "Мен Эко-Волонтер" байқауы ұйымдастырылатынын атап өтті. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды