• Басты
  • Екі не одан да көп жерде жұмыс істесең де 42 500 теңгені қалай алуға болады
24 Сәуір, 2020 11:00

Екі не одан да көп жерде жұмыс істесең де 42 500 теңгені қалай алуға болады

Күн сайын 42500.enbek.kz сайтына әлеуметтік төлемдерге өтінім беруден басқа, азаматтардың әлеуметтік төлемді алуға қатысты сұрақтары мыңдаған өтініштер келіп түседі, деп хабарлады Strategy2050.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Екі не одан да көп жерде жұмыс істесең де 42 500 теңгені қалай алуға болады

2020 жылғы 24 сәуір күнгі жағдай бойынша https://42500.enbek.kz сайтына  шамамен 232 мың өтініш түскен. Оның ішінде 23 сәуірде қазақстандықтар 25 мыңнан астам өтініш жолдаған. Бүгінде 20 мыңнан астам өтініш берушіге жауап берілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ қызметкерлері 42500.enbek.kz сайтына келіп түскен әрбір өтінішті жіті қарап, азаматтарға өтінім беру кезінде жіберілген қателіктерді түзетуге көмектеседі.

Орталық мамандары «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ азаматтарға екі не одан да көп табыс көздерінің болуына байланысты 42 500 теңге төлеуден бас тартқан жағдайда қайда және қандай құжаттар жинау керегі туралы айтып берді. 

- Азамат өтінімді жіберген кезде, жүйе оны арнайы база бойынша тексереді де, оның екі не одан да көп ұйымдардан түскен табысы бар екенін бірден көреді. Белгіленген ереже бойынша мұндай азаматтарға жүйе автоматты түрде әлеуметтік төлем төлеуден бас тартады. Егер азамат қос жұмыс орнынан да төленбейтін еңбек демалысына шығып, табысынан айрылған болса, ол мемлекеттік көмек ала алады. Осындай жағдайға тап болған адамға екі жұмыс орнынан да анықтама алып, оларды тіркеп, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш жазу керегін айтамыз, - дейді орталық маманы Жанболат Данияров.

Естеріңізге салсақ, ҚР Үкіметі 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға қатысты азаматтардың өтініштерін (арыздарын) қарастыратын 3 мекемені анықтаған болатын. Олар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның 1414 call-орталығы, онда заңнамалық кеңес ұсынылады, өтініш берген адамның мәртебесі және әлеуметтік төлемдер алу құқығы, сондай-ақ төлемді жүзеге асыру туралы ақпарат айқындалады;

2) 1411 call-орталық, 42500@gfss.kz эл.пошта «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ корпорациясының МӘСҚ-мен тікелей жұмыс істейтін азаматтарға төлем тағайындау, төлемнің кешіктірілу себептері және бас тарту туралы ақпарат беріледі;

3) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігің 42500.enbek.kz сайты, 42500@enbek.kz эл.поштасы, бұл сайт және поштада  азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша барлық мәселелері қарастырылады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды