• Басты
  • ЕИИ: Ұлттық кеңес қызметі халық арасында жоғары деңгейде қолдау тапты
17 Ақпан, 2020 16:17

ЕИИ: Ұлттық кеңес қызметі халық арасында жоғары деңгейде қолдау тапты

Елордада Еуразиялық интеграция институтының сарапшылары "Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: талдамалық зерделеу" сараптамалық баяндамасын таныстырды. Институт сарапшылары жүргізген сауалнама сәйкес, Ұлттық кеңес қызметі халық арасында жоғары деңгейде қолдау тапқан, деп хабарлады Stretegy2050.kz тілшісі.

ЕИИ: Ұлттық кеңес қызметі халық арасында жоғары деңгейде қолдау тапты

Ел астанасындағы Еуразиялық интеграция институтының сарапшылары Б.Серікбаев пен К.Майгельдинов 13-17 қаңтар аралығында республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында және ауылдық елді мекендерде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі бойынша ақпараттылық және қолдау деңгейін бағалау үшін халыққа телефондық экспресс-сауалнама жүргізген. Олардың айтуынша, сауалнама нәтижелеріне сәйкес қатысқандардың 70 пайыздан астамы (78,6%) Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысынан хабардар.

"Сауалнама нәтижелеріне сәйкес респонденттердің 70%-дан астамы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысы туралы біледі (78,6%). Бұл ретте ауыл тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда ақпараттанудың жоғары деңгейін көрсетті. Хабардар респонденттердің 40%-дан астамы ҰҚСК жұмысы туралы жаңалықтардан естіген (42,6%), ал респонденттердің бір бөлігі интернет (29,5%) арқылы таныс болған. Қазақстандықтардың төрттен бір бөлігі ҰҚСК туралы ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауынан білген (24,2%)", - деді сарапшылар.

Сонымен қатар олардың зерттеуіне сәйкес, респонденттердің жартысынан көбі Ұлттық кеңестің екінші отырысында ұсынылған реформалармен таныс. Сондай-ақ атап кету керек, реформалардың бірінші пакетінің мазмұнын білу көрсеткіші ауыл тұрғындары арасында жоғары.

"Реформалардың бірінші пакетімен таныс қазақстандық респонденттер арасында саяси бағыттағы реформалар (44,9%) ең жоғары қызығушылық тудырды. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың көпшілігі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметіне қанағаттанушылық білдіреді (78,9%). Бұл ретте респонденттердің жартысына жуығы (45,1%) толық қанағаттанады, респонденттердің үштен бірі – дәлірегі, қанағаттанады. Ауыл тұрғындары Ұлттық кеңестің қызметіне қанағаттанушылықты қалалықтарға қарағанда жиі білдіреді", - деді.

Сонымен бірге сарапшылардың сөзіне сенсек, Ұлттық кеңес қызметі халық арасында жоғары деңгейде қолдау тапқан.

"Ұлттық кеңес қызметі халық арасында жоғары деңгейде қолдау тапты. Осылайша, респонденттердің 85,2% ҰҚСК қызметіне қолдау білдіреді, бұл ретте қазақстандық респонденттердің жартысына жуығы (47,4%) Ұлттық кеңес қызметіне сенімді қолдау білдіреді. Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттер арасында ҰҚСК жұмысынан елде жоғары өзгерістер күтетіні тіркелді. 75,8% респондент елдегі жағдай жақсарады деп болжайды, оның ішінде 37% респондент барлық салаларда жақсы жаңалықтар күтеді, ал 38,8% жекелеген салаларда жағдайдың өзгеруін күтеді", - деді сарапшылар.

Бұдан бөлек Еуразиялық нтеграция институтының сарапшылары Ұлттық сенім кеңесінің рөлі жөнінде тек Қазақстанда ғана зерттеу жүргізбеген. Олардың айтуынша, аталмыш сенім кеңесі алыс-жақын елдердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың басшылары тарапынан да жоғары бағаланған.

Мәселен, БҰҰ Ұлттық қоғамдық сенiм кеңесiн құруды «позитивтi белгi» деп бағалады. Атап айтқанда, БҰҰ Адам құқықтары жөнiндегi Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет былай дедi: "Мен лауазымды адамдар бейбiт жиналыстарға қатысты толеранттық таныта бастағанын және жақында құрылған Ұлттық қoғамдық сенiм кеңесiнe азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарды кеңейтуге шақыратын азаматтық қоғам топтары кіргенін сеземiн".

Сонымен қатар сарапшылар АҚШ Мемлекеттік департаментi Ұлттық кеңес реформасының бiрiншi пакетiн жоғары бағалағанын айтқан. Атап айтқанда, Мемлекеттік хатшының көмекшiсi міндетін атқарушы Алиса Уэллс басқарған Оңтүстік және Орталық Азия iстерi жөніндегі Бюро келесідей мәлімдеме жасаған. "Бiз жала жабу мен қорлауға байланысты қылмыстарды қылмыстық кодекстен алып тастау бойынша, сондай-ақ жария жиналыстар мен саяси пaртияларға шектеулердi жеңiлдету бойынша Тоқаев ұсынған реформаларды қолдаймыз. Бұл дұрыс бағыттағы оң қадам және Қазақстан бұл мiндеттеменi тез iске асырады деп үміттенемiз".

Сондай-ақ олардың айтуынша, өз жұмысының басынан бастап Ұлттық қоғамдық сенiм кеңесi ел iшiнде де ерекше назарға ие болды. Ұлттық кеңестің қызметіне қатысты бірнеше бағалау желісі қалыптасты. Аталған позициялар шеңберінде өз пiкiрлерi мен дәлелдік базасы бар тиiстi топтар қалыптасты. Бұл ретте Ұлттық кеңестiң екiншi отырысы Ұлттық кеңеске және жалпы билiкке қатысты бағалау желiлерiнiң елеулi өзгеруiне алып келдi.

"Скептиктер жалпы алғанда Ұлттық қоғамдық сенiм кеңесiн құру бастамасын оң қабылдады. Олардың пiкiрiнше, билік пен қоғам арасындағы диалогты институттандыру наразылық белсендiлiгiнiң радикалдануына жол бермеуге мүмкiндiк береді. Скептикалық жорамалдар Ұлттық кеңестiң тiкелей жұмысының дамуына тiкелей пропорционалды түрде азайды", - дейді сарапшылар.

Ал "Оптимистер" Ұлттық кеңестiң жұмысын да, осы құрылымның келешегiн де оң бағалайды. Елеуi ескертусiз олар реформалардың бiрiншi пакетiн алға қарай нақты қадам деп санайды. Оптимистер позициясы негiзгi үш "бағытқа" негiзделген. Бiрiншiден, қысқа уақыт iшiнде Ұлттық кеңестің жұмысы ұйымдастырылып қана қоймай, алғашқы нәтижелерге де қол жеткізілді. Eкiншiден, ұсынылған реформалар пакетi Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне ұқсас құрылымдар – ТЖК, ДМҰК жұмысының алдыңғы тәжiрибесiнiң iшiндегi ең терең және жүйелi болып табылады. Yшiншiден, реформалар пакетi билік пен қоғамның бірлескен күш-жiгерiмен нақты тұжырымдалған.

Cондай-ақ сарапшылар Ұлттық кеңестiң екiншi отырысынан кейiн "оптимистeр" саны ұзақ уақыт бойы "тыныштық режимiн" сақтап, Ұлттық кеңеске қатысты өз ұcтанымын қалыптастырудан қалыс қалған "бейтарап" топ есебiнен артты, ал екiншi отырыстан кейін оптимистерге қосылды. Оның үстiне, реформалардың бiрiншi пакетi өз жағына тек бейтарап адамдарды ғана емес, сондай-ақ бұрын Ұлттық кеңестiң келешегiн пессимистiк бағалағандарды да тартуға мүмкiндік бердi дейдi сарапшылар.

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
3.237.66.86, 192.168.88.100