• Басты
  • Egov.kz-ке 5 мыңнан астам адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелген
3 Маусым, 2020 16:36

Egov.kz-ке 5 мыңнан астам адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелген

5091 адам Электрондық үкімет порталында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу бойынша электрондық қызметті пайдаланды, деп хабарлады Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Egov.kz-ке 5 мыңнан астам адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелген

"Қызметті алу үшін порталдың басты бетінде «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өту, одан әрі «Жұмыс іздеген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау және қызметке онлайн тапсырыс беру қажет. Кез келген ыңғайлы тәсілмен авторизациядан кейін (логин мен пароль, ЭЦҚ, SIM-картадағы ЭЦҚ, бір реттік пароль, Digital-ID, QR-код) өзі туралы ақпаратты толтыру және сұрауға ЭЦҚ арқылы қол қою қажет", - делінген хабарламада. 

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері лайықты бос жұмыс орнын іздеуді жүзеге асыратын болады. Егер жұмыс табылмаса, өтініш берушіге қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі. Егер бұл ретте жұмыссыз азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, ол жұмысты жоғалту бойынша төлемге үміткер бола алады, ол SMS арқылы проактивті түрде тағайындалады.

«Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу қызметін» халықты жұмыспен қамту орталықтарында да алуға болады. Алайда коронавирус пандемиясы көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн алуға болатынын дәлелдеді. Мысалы, egov.kz немесе SMS арқылы. Бұл өте ыңғайлы, өйткені бір жерге барудың, құжаттарды жинаудың, оған уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Цифрлық технологиялар көптеген процестерді онлайн өзара іс-қимылға ауыстырады, осылайша адам факторының әсерін төмендетіп, жемқорлық тәуекелдерін азайтады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыспен қамтуды цифрландыру аясында онлайн түрде жұмыс табуға мүмкіндік беретін «Электрондық еңбек биржасы» және барлық мәліметтер жүйеде сақталатындықтан, азаматтардың жұмысқа орналасуына жұмсайтын уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» жобалары жүзеге асырылуда.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды