• Басты
  • Egemen Qazaqstan 100 жылдық мерейтойын атап өтті
21 Қараша, 2019 12:14

Egemen Qazaqstan 100 жылдық мерейтойын атап өтті

"Egemen Qazaqstan" республикалық газетінің 100 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Egemen Qazaqstan 100 жылдық мерейтойын атап өтті
ҚР Мемлекеттік хатшысы  Қырымбек Көшербаев бүгін-қазақ журналистикасының тарихындағы ерекше күн екенін атап өтті.

"Бұл руханиятымыз үшін толағай белес,торқалы мереке. Осыдан бір ғасыр бұрын Ахмет Байтұрсынов "Газет-халықтың көзі,hәм тілі" деген сөзі ақпарат заманында да өзектілігін жоймай келеді.1919 жылы Орынбор қаласында жарыққа шыққан газет бүгінде еліміздің ғасырлық жылнамасына айналды. Басылым беттерін парақтағанда ұлтымыздың ғасыр ішінде бастан өткерген кезеңдері көз алдымызға келіпи, 20-шы жүзжылдықтағы ұжымдастыру,30 жылдардағы ашаршылық пен репрессиялар, Ұлты Отан соғысы жылдары, тың игеру және басқа да тарихи оқиғалар өрбіп, азаттықтың арайлы таңындағы ақжолтай жаңалықтармен арнасын жалғасытрады. Замана үніне айналған бас газет әр жылдары республикамыздың астаналары болған, Қызылорда, Алматы қалаларында жұмысын жалғастырып, ел өміріндегі өркениетті істерді оқырмандарға дер кезінде жеткізіп отырды. Газет журналистері қай кезде дехалықтың қоғамдық-саяси, әлеуметтік экономикалы, мәдени-рухани тақырыптардағы қадау-қадау проблемаларды қаузап, игілікті іске жанашырлықпен үн қосты.   Бас басылымның мерейтойына орай,Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөздерін оқып беруге рұқсат етіңіздер",-деген Мемлекеттік хатшы құттықтауларды оқып берді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір ғасыр бұрын "Ұшқын" деген атаумен шыға бастап,уақыт өте басты ұлттық басылымға  айналған Тәуелсіз Қазақстанның аға газеті тарих тағылымын, кеше мен бүгінді жалғап келе жатқанын айтты.

"Жаңалықты жұртшылыққа жедел әрі шынайы түрде жеткізіп,егемен еліміздің мемлекеттік саясатын қалың оқырман арасында байыпты насихаттап,ел шежіресінің қағазға хаттаған басылымның беделі әрдайым биік. Ұлт мүддесі жолында еңбек еткен талай тұғырлы тұлғалар басшылық жасап,негізін салған дәстүрді  абыроймен жалғастырып   "Egemen Qaxaqstsn” бүгінде толық жаңғырып, 100 жылдығын жаңа жетістіктері мен толағай табыстарымен қарсы алып отыр. Басылым алдағы уақытта халқымыз бен қоғам дамуына лайықты үлесін қоса береді деген үміттемін",-деген Н.Назарбаев өз құттықтауында. 

Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газеттің ғасырлық тойы ұжымға ғана емес, ел үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті.

"Егемен Қазақстан" әуел бастан елдің мұраты,рухани құндылықтарымызды дәріптеп,қазақтың қара шаңырағына айналды. Қазақстанның шежіресі, бас басылымның тарихымен қатар өрбіді. Тәуелсіздік таңы атқалы Елбасынвң барлық сапарлары мен маңвзды шешімдері толық баяндалды. Осы үрдіс жаңғыру кезеңінде жалғасын тауып,егемендіктер, Тәуелсіздігіміздің баянды болу жолында еңбек ете береді деген үміттемін",-деді Қ.Тоқаев. 

Сонымен қатар Қ.Көшербаев Мемлекет басшысының алғыс хаттарын ұжымның бірқатар қызметкеріне табыстады. 

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақтың талантты, көрнекті ақындары мен ғалымдары, қайраткерлері жұмыс жасағанын айтты.

«Қанша қиындықтарға қарамастан, осы баспасөздің дамуына, өшпеуіне әрі қарай дамуына, еліміздің еңбегіне  еңбек етті. Біз, қазіргі ұрпақ әр уақытта олардың алдында басымызды иеміз», - деген Б.Сапарбаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің құттықтау сөзін оқып берді.

«Бұл газетті біз ұлттық рухтың ұшқынынан бастау алып, бүгінгі егемен Қазқастанға дейінгі бір дәуірдің айнасы, бір ғасырдың шежіресі деп білеміз. Ел басына күн туған, әр ер тағдыры сынға түскен уақыттың өзінде де  басылым ұлттық өнім жеткізуге, жақсылықтың жаршысы болуға ұмтылды. Қазақ халқының  Кеңестік кезеңдегі тағдырлы тарихы жарқын жетістігі – «Egemen Qazaqstan-ның» тарих парақтарында сақтаулы. Ұлт зиялыларының елдік үшін егескен, мемлекет үшін күреске түскен кезеңдегі мақалалары да осы басылымда жарық көрді. Азаттық үшін арпалысқан тұлғалардың еңбегінің өтеуіндей болған Тәуелсіздік қарсаңында Социалистік Қазақстанның ең бірінші болып, социализммен ең бірінші қош айтысып, «Egemen Qazaqstan» атауының өзі елдің еңсесін биіктетті. Азаттық алған күнді жақындатып, халықтың көкірегіне сенім ұялытты.Рухын көтерді. Осылайша, елдіктің ұранын асқақтатқан газет бүгінде Тәуелсіздіктің жолын нығайту жолында қызмет етіп келеді. Бүгінгі мереке «Egemen Qazaqstan» газетінің ғана емес, барша елдің тойы. Тәуелсіз елге тірек болған, бас газеттің бұдан кейін де мәңгілік елдің мұратындай, мәнін жоғалтпай, ғасырлар бойы жалғасуына тілектеспін», - деді ҚР Премьер-Министрі.

Оған қоса, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та айтылған тілектерге қосылып, өзінің ұжымының атынан құттықтауды жеткізді.

«Мен енді ешкімнің құттықтауын алып келген жоқпын. Өзімнің ұжымымның құттықтауын айтайын. Биыл тарихы, терең мәртебесі зор, беделі үлкен «Egemen» газетіміздің мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл «қара шаңырақ»  деп жатырмыз. Неге ол «қара шаңырақ» болады? Бір ғана бапсасөз. Бұл газетте жұмыс істеген азаматтар мен тұлғалардың арқасында. Сондықтан мен газет ұжымына «қара шаңырақ» брендін,стандартын қалыптастыруды жалғастыру, қарапайым журналистерден тұлға шығаруға тілектеспін. Интернет болсын, интернет-телевизия шығып жатыр. Соған қарамастан, әрқашан да жаңа белестерге, жаңа шыңдарға жете берулеріңізге шын жүректен тілектеспін», - деді Д.Абаев. 

Сонымен қатар, Сенат және Мәжіліс Спикерлерінің атынан да құттықтау қағаздары тапсырылды. Шараға Парламен,Үкімет мүшелері мен   мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қазақ баспасөзінің ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Сондай-ақ «Egemen Qazaqstan» газеті туралы шағын фильм көрсетіліп, жиын барысы дәстүрлі ән-жырмен, театрландырылған көріністермен  өрнектелді. 

Сонымен қатар, «Жүз жылдық жылнама» атты кешенді көрме жұртшылық назарына ұсынылады. Көрмеде «Ұшқыннан» «Egemen Qazaqstan» газетіне дейінгі уақыт сабақтастығын көрсететін заманауи көрнекі экспозициялар, сирек суреттер,  «Егемен Қазақстан кітапханасы» сериясымен жарық көрген кітаптар,  газет өндірісі тарихынан хабар беретін жәдігерлер қойылған.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды