- Басты
- Жаңалықтар
- ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді
Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) пайдаланушыларға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша бос орындар қолжетімді болды: «Ұрпақтар келісімшарты» (кейіннен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналаса отырып, бастапқы тәжірибе алу үшін) және «Бірінші жұмыс орны» (білімі және жұмыс тәжірибесі жоқ жастар үшін), деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, ЭЕБ-тегі жеке кабинетте қазақстандықтар жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер алуға өтінім береді, сондай-ақ мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (жастар практикасы, қоғамдық жұмыстар және әлеуметтік жұмыс орындары) бос орындарды өз бетінше таңдауына болады.
Жыл басынан бері Электрондық еңбек биржасы арқылы мемлекеттік қызметтерді 102 мыңнан астам азамат пайдаланды, оның ішінде 88 мыңы жұмыссыз мәртебесін алды. Жалпы, 47,8 мың азамат жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 24,4 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналастырылды. 12,2 мың қазақстандыққа жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер тағайындалды.
"Бұдан басқа, ЭЕБ-те ерікті түрде қоныс аудару бойынша консультациялық қызмет алу сервисі жұмыс істейді. Азаматтар интерактивті картада әлеуетті қоныс аудару өңірінің ақпаратын көре алады, сондай-ақ нақты ауылда/ауылдық округте инфрақұрылыммен, қабылдау квотасымен және бос жұмыс орындарымен таныса алады. Консультацияға өтінім берген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері өтініш берушімен телефон арқылы хабарласады және әлеуетті қоныс аударушыны қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап береді", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, осы жылдың шілде айынан бастап электрондық еңбек биржасында «Enbek Skills» платформасында қазақстандықтар қажетті дағдылар бойынша қысқа мерзімді оқытудан өтіп, түйіндемеде автоматты түрде тіркелетін дағдыны иелену туралы сертификат ала алады. Қазіргі таңда 100-ден астам автор өздерінің оқу курстарын сайтқа орналастырды. Бүгінде 3,6 мыңнан астам адам оқудан өтіп, сертификат алды.
Қазан айында ЭЕБ-те жұмыс берушілер үшін халықты жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын ашу бойынша функционалды іске асыру жоспарлануда.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері
-
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді
-
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері
-
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту
-
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
-
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері
-
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес»
-
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары
-
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері
-
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы
-
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
-
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар

