- Басты
- Жаңалықтар
- EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды
2021 жылғы 1- 3 шілде аралығында үшінші жыл сайынғы Astana Finance Days аясында EdTech білім беру технологияларының қазақстандық форумы өтеді. Жыл сайын EdTech форумы біздің өңірде білім беру сапасын қалай жақсартуға болатынын бірлесіп шешу үшін өз алаңында студенттерді, мұғалімдерді, ЖОО-ларды, мемлекет пен технологиялық компанияларды біріктіреді, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Биылғы форумның тақырыбы - "Transition to the Future". Оның мақсаты - технологиялар мен инновациялар білім беру саласын жақсартып, диджитализация саласын белсенді түрде дамытуда. Үш күндік форум интерактивті сессияларды қамтиды, атап айтсақ, білім беру технологиялары саласындағы трендтер, баламалы білім беру мәселелері, цифрлық контентті дамыту, креативті экономиканың маңызы, серпінді edtech шешімдер және болашақ маманыдықтар ұсынылады.
"Бұл Қазақстандағы білім беру технологиялар саласына қатысты жан-жақты талқылауларды қамтыйтын үлкен іс-шарасы болып саналады. Форум үш жыл жұмысының ішінде әртүрлі аудиторияларды — мектептерді, университеттерді, мемлекетті, технологиялық компанияларды және цифрлық білім беруді дамытуға тартылған, сонымен қатар өңірдегі білім беруді жақсартуға және бірге жақсы болашаққа келуге көмектесетін нақты іс-әрекеттерді, нақты өнімдерді ұсынуға ұмтылатын серіктістіктерді біріктіретін көпір бола алдық.
Дәстүр бойынша АХҚО бюросы түрлі тақырыптарда ашық талқылаулар ұйымдастырды: болашақтың білім беру саласы, edtech білім беру трендтері, болашақтың дағдылары мен құзыреттері, цифрлық құралдар мен технологиялар, IPO-ға дайындық және т.б. Бағдарламашылар, HR, білім беру компаниялары, мұғалімдер, маркетинг саласындағы мамандар үшін мастер-класстар ұйымдастырылады. Біз іс-шараға білім беру саласында барлық мамандарын қатысуға шақырамыз.Оған қоса, конференцияны өткізудің онлайн-форматының арқасында барлық шекаралар жойылуда, сіз әлемнің кез келген нүктесінен қатыса аласыз", — деп хабарлайды АХҚО Үздіксіз кәсіби дамыту бюросының Бас атқарушы директордың м.а. Эльмира Обри.
Форум жұмысының бірінші күнінде медиа, data science және IT саласындағы жетекші сарапшылардан мастер-кластар сериясы өтеді: мобилография тренд пе, әлде нақты монетизация ма?; Agile және Kanban-дан қандай пайда бар; білім майнингі (деректермен жұмыс істеу); Microsoft Career Coach презентациясы және т.б. Қатысушыларға белгілі бір қызығушылық саласында өз дағдыларын игеруге немесе жетілдіруге көмектесетін практикалық ақпараттың терең және жетілдірілген деңгейін ұсынады.
Форумның екінші күнін "Болашақтың біліміне көшудегі жетіспейтін орта" сессиясы ашады, талқылауға қатысушылар білім беру ландшафтын өзгертетін цифрлық әлемнің трендтерін, сондай-ақ болашақ білім беруге көшу кезінде жетіспейтін ортаны толтыруға арналған дағдылар мен құзыреттерді қарастырады. Талқылауға қатысушылар: АХҚО Бюросының Бас атқарушы директордың м.а. Эльмира Обри, HolonIQ (Австралия) тең құрылтайшысы және басқарушы директоры Мария Спис, заманауи білім беру және зерттеулер институтының негізін қалаушысы Екатерина Царанок, Coursera-ның дағдыларды трансформациялау жөніндегі кеңесшісі (электрондық оқыту) Сораб Баджадж.
Форумның маңызды іс-шараларының бірі IPO: Трансформациялық оқыту ақпараттық сессиясы болады. Бұл АХҚО Бюросының Болашақ университетінің білім беру бағдарламасы, ол компаниялар мен олардың қызметкерлерін IPO-ға дайындауға бағытталған. Ақпараттық сессия оқыту бағдарламасы мен негізгі модульдеріне арналады, сондай-ақ IPO-ны сәтті шығару үшін компания қызметкерлерінің әлеуетін арттырудың маңыздылығын талқылауға арналады.
Форумның үшінші қорытынды күні мектептегі білім беру жүйесінде, мұғалімдер, ата-аналар және білім беру органдарының өкілдерінің арасында диалог орнатуына бағытталатын болады. Бұл күні "The future you choose!" (сен таңдайтын болашақ) ашық диалогқа өтеді. Қатысушылар келесі сұрақтарға жауап беруге тырысады: қазіргі балалар не туралы армандайды, болашақта өздерін кім ретінде көреді, кәсіпті қалай табуға болады және білім берудің қандай жаңа бағыттары маңызды болып саналады.
Форумның іс-шаралары бар бағдарлама келесі сілтеме бойынша қол жетімді. Талқылау нақты уақыт тәріптемесінде қашықтан қатысу форматында өтеді, барлық панельдік пікірталастарға қатысу тегін. Мұнда тіркелуге болады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы
-
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай

