• Басты
  • «ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады

«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады

24 Мамыр, 2021 13:09

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәжiлiсiнде «ECO MEKEN» бизнес бағытындағы реалити–шоуға кастинг жарияланғаны белгiлi болды. Жиынға қатысқан жоба жетекшiлерi жобаның мақсат-мiндеттерi, шарты-талаптарымен таныстырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тiлшiсi.

«ECO MEKEN» жобасының продюсерi Динара Адамның сөзiнше, 14 эпизодтан тұратын жобаның алғашқы эфирi қыркүйек айында, ал финалы желтоқсанда «Хабар» арнасынан көрсетiледi.

«ECO MEKEN» атты ғажайып қауымдастықтың құрамына бүгiннен бастап қосылуға болады. Өйткенi бiз https://ecomeken.khabar.kz/ арнайы сайт арқылы өтiнiмдер қабылдауды бастаймыз. Және де «ECO MEKEN» жобасының бастау алғанын әлеуметтiк желiлер Фейсбук, Инстаграм секiлдi ресми парақшалардан бiле аласыздар. Бiздiң басты мақсатымыз ел тұрғындарының көп бөлiгi бұл жоба туралы бiлуi керек, естуi керек», - жоба продюсерi.

Ұйымдастырулардың мәлiметiнше, жобаның мақсаты – азаматтардың экологиялық таным көкжиегiн арттырып, жобаны оны көпшiлiкке дәрiптеу және ең мықты қатысушының суырылып алға шығып өзiнiң экологиялық бағыттағы кәсiбiн бастауға мүмкiндiк берiп қолдау көрсету. Бұл жобаның ең басты сыйлығы – экобизнес кәсiбiн ашу.

Негiзгi таптарына тоқталатын болсақ, жобаға Қазақстан Республикасына тұратын жасы 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Қатысушылар 20 маусымна бастап 15 тамызға дейiн түсiрiлiм алаңында болуы шарт. Бұл жобаның екi мiндетi бар. Бiрi - бiлiм беру, екiншiсi - ақпараттық.

Бiлiм беру:

1.    Тұрғындарға әр-түрлi қоқыс түрлерiнiң утилизация-қайта өңдеу механизмi туралы түсiнiк беру;

2.    Жастарды экологиялық мәселердiң шешемiн табуға назарын аударту;

3.    Қатысушылар арасында болатын тапсырмалар: халық арасында танымдық жобалар ұйымдастырып оның кең таралуына ықпал ету;

4.    Табиғатты қорғау түсiнiгiн қалыптастыру.

Ақпараттық:

1.    Елiмiздегi үлкен қалалардан бастап елдi-мекендердегi экологиялық мәселелерге назар аудару;

2.    Көпшiлiк айта бермейтiн мәселердi қозғау;

3.    Қоғаммен байланыс орнату;

«Жобаға тек 16 адам қатыса алады. Оған қатысу үшiн 2021 жылдың 24 мамырынан бастап 3 маусым сағат 18.00 дейiн Ұйымдастыру Сайтына өтiнiм беру керек», - дедi Динара Адам.

Оның iшiнде: :

      1) Сауалнама толтыру;

      2) Қатысушының jpeg форматтағы фотосуретi;

      3) Жобаға қатысудағы мақсаты туралы 720р сапасындағы 1 минуттан аспайтын бейнежазба.

«ECO MEKEN» бұл реалити-шоу. 16 қатысушы өз эко бизнес-жобасын жүзеге асыру үшiн тартысқа түседi. Әр серияда кәсiптi, бизнестi дұрыс жүргiзудiң қағидаларымен және табиғатты қорғау, экология мәселерiншешудiң жолдарын үйренедi», - дедi жоба продюсерi.

Жобаға, Динара Аламның сөзiнше, 18 жастан асқан елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнде тұратын әр түрлi әлеуметтiк топқа жататын ҚР азаматтары қатысады. Бiрақ оларға ортақ дүние өз экобизнес жобасын бастау. Қатысушылар бiр-бiрiмен өз жеке бизнесiн бастау үшiн10 миллион теңге тұратын келiсiм-шарт үшiн бақ сынасады.

«Реалити-шоудың финалында тек екi қатысушы қалады. Жеңiмпаздың есiмi 14 эпизодта «ECO MEKEN AWARDS 2021» марапаттау салтанаты кезiнде анықталады. Жобада кiм жеңiмпаз атанатыны шоудың эко сарапшы қазылары мен көрермендердiң дауыс беруi арқылы анықталады. Яғни финалистерге дауыс беру 50/50 пайыз көрсеткiшiмен есепке алынады», - дедi ол.

Сонымен қоса, оның сөзiнше, әр серияда қатысушылар елiмiздiң ең көрiктi жерлерiмен қалаларында сайысқа түседi. Екi жағдайда да қатысушылардың мақсаты – табыс табу. Қызықты оқиғалар мен тапсырмалардан бөлек көрермен ҚР тамаша табиғатымен танысады. Және кез-келген адам күнделiктi қоқысты сұрыптау арқылы экологияны сақтай алатынын түсiнетiн болады. Тапсырмаларды орындау кезiнде тиiмдiлiктi арттыру үшiн ойынiшiлiк валюта (ecoim) қолданылады. Әр тапсырманы орындау кезiнде жеңiске жеткен топ табысқа кенеледi.

 «Әр топтың капитаны мен есепшiсi болады. Есепшiнiң планшетiнде банкетрдiкiндей мобильдi қосымша орнатылады. Әр тапсырманы орындаған сайын сол жерге белгiлi бiр сомма түсiп отырады. Егер топ мүшелерi ақшаны шешiп аламыз десе оны жұмсауларына болады. Барлық ақшаны бiрден жоюға болмайды. Ақшаның бәрi жұмсалған жағдайда қатысушы банкрот деп танылып жобадан шығады. Ал ендi қатысшулар әр адам тек өзi үшiн сайысатын кезде әр қатысушыға жеке планшет берiлiп пен жеке шот ашылады. Финалист «ӨКМ Операторы» ұсынатын өзi жинаған сомманы түгелдей эко бизнесiн бастау үшiн жұмсай алады», - дедi ол.

Сонымен қатар, жоба родюсерi осы жобаға қатысуға өтiнiш беруге шақырды. Сондай-ақ, жоба туралы ақпараттарды бiздiң әлеуметтiк желiлерден және «Хабар» арнасының эфирлерiнен көрiп, танысуға болатынын атап өттi. Сонымен бiрге, көрермен дауыс беру арқылы жобаға қатысушының арманын орындап қана қоймай бiздiң жер шарын құтқаруға да үлес қосатынын да еске салып өттi.

«ӨКМ Оператор» ЖШС-нiң басқарма төрағасы Медет Кұмарғалиев бұл жобаның елiмiздегi қалдықтарды жинау, кәдеге жарату секторы үшiн, экологиялық қауымдастық үшiн маңызды оқиға екенiн атап өттi. Оның пiкiрiнше, реалити-шоу көпшiлiк назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелерiне аударып, Қазақстанда кәдеге жарату саласының болашағының зор екенiн көрсетуге мүмкiндiк бермек.

«Халық саны жыл өткен сайын өсiп келе жатыр. Соған сәйкес адамзат жер анаға көрсетiп жатқан қысымы да артып отыр. Яғни, қалдықтарды тұтыну мөлшерi артып келедi. Бүгiнгi таңда адамзат тұтынатын тауар қалдығының 50% қайта өңдеуге болады. Егер қазiргi сұраныс тенденциялары сақталатын болса, онда 2050 жылға қарай адамдардың өндiретiн қалдығы үш планетаның көлемiне жүк болады», - дедi басқарма төрағасы.

Сондықтан, оның сөзiнше, экологиялық бастамалардың өзектiлiгi мен жауапкершiлiкпен түсiну және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелердi шешуге қатысу бұрынғыдан да маңызды.

«Демек, бiз бақылайтын қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу өнеркәсiбi үшiн қазiргi даму кезеңiнiң басым мiндеттерi қатарына қатты қалдықтарды жинаудан бастап оны максималды қайта өңдеудi ұйымдастыруға дейiнгi жүйенi құру, оны бiр форматта қарастыру және бiр уақытта халықпен және бизнеспен толыққанды жұмыс жүргiзу, бiр жағынан бизнестi ынталандырып, оны дамытудың ажырамас инфрақұрылымын құрып, сондай-ақ жаңа бағдарламалардың құрылысын жеңiлдетуге бағытталып отыр», - дедi Медет Құмарғалиев.

Сонымен қоса, басқарма төрағасы ӨКМ Операторының заман ағымына қарай iлгерiлеп келе жатқанын атап өттi. Мәселен, биыл ӨКМ Операторы орауыш қалдықтарын жинауға, қайта өңдеуге және жоюға қатысатын шағын және орта бизнестi қолдаудың цифрлық моделiн iске қосқан. Медет Құмарғалиев берген мәлiметке сәйкес, ендi макулатура, пластмасса, әйнек орауыш қалдықтарын жинауға субсидия алу үшiн құжаттар топтамасын жинаудың қажетi жоқ. Барлығы оңай және қарапайым жүзеге асады.

«Ол үшiн веб-нұсқағаа тiркелiңiз, және тасымалдаушылар қосымшаны жүктеп алуы керек. Бiз қалдықтардың әр тоннасы үшiн ақы төлеймiз: макулатура - 21 мың, пластмасса - 31 мың, шыны - 26,5 мың. Екiншi реттiк шикiзатты тасымалдау да бөлек субсидияланады. Схемасы қарапайым. Бiз 21 мың қайталама шикiзат үшiн жыл басынан берi 250 миллионнан астам теңге төледiк», - дедi басқарма басшысы.

Осылайша, ол «ECO MEKEN» жобасы азаматтардың өзiн жариялауға, салалық бизнесте ақша табуды үйренуге және осы бағытта өздерiн табуға көмектеседiн тамаша мүмкiндiк екенiн атап өттi. Оның сөзiнше, бұл жобаны қайта өңдеушiлерден тұратын мекеме серiктерi тарапынан да қолдау тапқан.

«Қатысушылар iс жүзiнде лайф сынақтардан өтiп, кәсiпкерлербетпе-бет келуi мүмкiн мәселелердi шешуi керек. Бизнес-жобалардың презентациясы, iскери кездесулер қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға баса назар аударту үшiн жасалып жатыр. Көрсетiлiм аясында көрермендер саладағы iрi және орта кәсiпорындардың өндiрiс орындарын көредi. Олар лақтырылған пластмассадан жаңа өнiмдердiң жасалу процесiн көредi. Бұл қызықты, пайдалы және әлеуметтiк маңызы бар жоба юолмақ», - дедiд Медет Құмарғалиев.

Сонымен бiрге, ол жүлде қорының сомасын да атап өттi. Оның мәлiметiнше, жүлде қоры бiрiншi орын - 10 миллион теңге, екiншi орын - 5 миллион теңге, 3 орын - 3 миллион теңге. Бұл қаражат жеңiске жеткендердiң бизенiс бастап, оны әрi дамытуға жұмсалады.

Барлық жаңалықтар