- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі
Беларусь Республикасының бастамасы бойынша ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Онда мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мәселелері және ЕАЭК-ке мүше елдердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамытуды талқылады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Экономикалық ынтымақтастық
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз басында пандемия кедергілеріне байланысты отырыс онлайн форматта өтіп жатырғанын айтып өтті. Сондай-ақ, отырысқа бақылаушы ретінде Куба мен Өзбекстан елдерінің президенттері де қатысып отырғанын жеткізді.
«Пандемиямен күресте оңтайлы көрсеткіштерге қарамастан, біздің елдеріміз әлі де қиын жағдайда тұр. Жаңа штамдардың пайда болуы мен вакцина алған адамдардың қатары аз. Қазақстан Ресей сияқты өзіндік вакцина жасады. Қазір ол Қазақстанда белсенді қолданылып жатыр, - деді ол.
Пандемия кезіндегі интеграциялық ынтымақтастық
Ол өз сөзінде Қазақстан мен Ресей пандемия кезіндегі интеграциялық ынтымақтастықтың жақсы үлгісі болғанын атап өтті. Осы орайда, «QazVac» вакцинасының дүниежүзілік ұйымдардың мойындауын күтіп отырғанын атап өтті.
«Қазақстан Ресей Федерациясымен қатар өзінің QazVac вакцинасын да жасап үлгерді. Ол Қазақстанда белсенді қолданылуда», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі 4,5 %- ға өскен
Сондай-ақ, ол елдер экономикасы да тұрақтанып келе жатырғанын жеткізді. Оның дерегінше, алғашқы жарты жылда елдердің ЖІӨ-сі 4,5 %-ды құраған. Ал, жалпы ішкі өнімнің жалпы өнімі 900 млрд теңгеге жеткен. Мемлекет басшысы жиында әлемдік нарықтағы баға Қазақстандық нарыққада өз әсерін тигізіп жатырғанын айтып өтті. Мәселен, азық-түлік қауіпсіздігі жаһандық деңгейде өзекті екендігін жеткізді.
«Қазір әлемнің 10-тұрғыны, яғни 700 млн адам азық-түліктің жетіспеуінен зардап шегіп отыр. Әрине, біздің елдердегі жағдай әлдеқайда жақсы. Алайда әлемдік нарықтағы бағаның өсуі біздің нарыққа да әсер етіп жатыр. Бұл жыл өткен сайын күшейе түсуі мүмкін», - деді Тоқаев.
Азық-түлік қауіпсіздігі
Осы орайда, Еуразиялық экономикалық комиссия одақ елдерімен бірлесіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамту бойынша ортақ ұстаным мен тетіктер бойынша бірлескен жоба әзірлегенін айтты. Аталған құжат азық-түлік тауарларының тапшылығын минималды ету және агроөнеркәсіптік кешендегі қолданылатын материалдық-техникалық ресурстарды қолдану және импорт алмасуға бағытталған.
«Бұл құжаттың маңыздылығын ескере отырып, онлайн отырыста мақұлдауды ұсынамын. Құжат жүйелі түрде өзара қарым-қатынас пен әлеуметтік нәтиже алуға бағытталуы керек», - деді ол.
Экономикалық аспектілерді талқылау мәселелері
Жиында Александр Лукашенко ЖЕЭК отырысында қабылданатын ең маңызды құжатты атап өтті. Оның айтуынша, кеңестің басты мақсаттарының бірі - экономикалық аспектілерді талқылау. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттерде өзекті мәселелер көп екендігін жеткізді.
«Бұған дейінгі қыркүйек айларында өткен конференцияларда ішкі саясатқа көңіл бөлген болатынбыз. Бүгін экономикалық аспектілерді талқылайтын тамаша мүмкіндік. Тақырып аясында ең маңызды мәселелерге тоқталамыз деген ойдамын», - дейді Александр Лукашенко.
Беларусь мемлекетінің басшысының сөзінше, одақ талдау барысында мемлекеттер арасында газ жеткізу нарығының қалыптасуы жөнінде келісімдер қозғайды.
«Кең өткізілетін кездесуімізде негізгі құжаттардың бірін қабылдауға тиіспіз. Бұл - мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын құрудың екінші кезеңіне өту. Жоба 2023 жылға дейін іске асырылатын болады», - дейді Беларусь президенті.
ЕАЭО 2024 жылы жаңа халықаралық келісімге келеді
Александр Лукашенко 2024 жылы мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы бойынша жаңа келісімге келетіндерін айтты. Соның ішінде, ЕАЭО-ның газ, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру жөніндегі халықаралық шарттар кезінде одақтағы әрбір мемлекеттердің қызғушылықтарына да мән берілетінін жеткізді.Осы арқылы ЕАЭО-ны тұрақтылықпен мызғымас одаққа айналдырады. Сондай-ақ, ол ЕАЭО-дағы бірліктікті сақтаудың бірден бір жолы бірлескен стратегиялық жобалардың дер кезінде іске асырылуы екенін айтты.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ аясында трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтардың әлеуетін дамытуға шақырды.
«Трансшекаралық көлік артериялары мен логистикалық хабтардың әлеуетін дамыту маңызды. Еуразиялық экономикалық одақтың «Белдеу-Жол» бастамасымен бірігуі және заманауи логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру одақтың әлемдік тауар ағындарына экономикалық әсерін едәуір арттырады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

