• Басты
  • ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары

ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары

5 Тамыз, 2021 15:13

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың барлық органына төрағалық етуді өз мойнына алды. Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, алты жыл ішінде Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорт көлемі 25%-ға өскен. ЕАЭО мүше болғаннан бері бюджетке қанша пайда түсті, көлік қозғалысында қандай кедергілер жойылды, экономикалық интеграцияны дамыту, шағын және орта кәсіптің нәтижелері, сондай-ақ аграрлық өнеркәсіп саласы туралы Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан оқи аласыз.

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты

ЕАЭО құру қарсаңында 2014 жыл қайта өңдеу экспорты шетелге сатылған жалпы көлемнің 23,2% - ын иеленген. Қазіргі таңда пандемияға байланысты тауар айналымының жалпы құлдырауының өзінде Қазақстанның шикізаттық емес экспорты экспорттың жалпы көлемінің 35% - ынан асқан. Бұған көбіне ЕАЭО ұсынатын мүмкіндіктер - әріптес елдердің инфрақұрылымына қолжетімділік, теміржол көлігімен тасымалдау кезінде ішкі тарифтер ұсыну ықпал еткен.

Сонымен қатар, Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова осыған байланысты Мемлекет басшысы төрағалық ету кезеңінде көріп отырған 5 басымдықты атап өтті. Олар өнеркәсіптік кооперацияны күшейту, тауарлар үшін кедергісіз қозғалыс орнату, транслогистік бағыттарды дамыту, процестерді цифрландыру, үшінші елдермен ынтымақтастық.

Оның дерегінше, ЕАЭО- ға мүше мемлекеттерге экспорт 2015-2020 жылдары 25% — ға немесе 5,1 — ден 6,4 млрд долларға дейін, ал Ресейге — 25% - ға, Беларуське-2 есе, Қырғызстанға-20% - ға, Арменияға-6 есе өскен.

«ЕАЭО -да өзара сауда көлемін ұлғайту кедендік декларацияны жою арқылы сәйкестік сертификаттарын, ветеринарлық -санитарлық құжаттарды өзара мойындау арқылы экспорт кезінде құжаттық жүктемені азайту сияқты бизнес үшін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», - деді Жанель Кушукова.

Айта кету керек, экспорттық тауарлардың ассортименті өзгерді және тұтастай алғанда кеңейген. Вице-министрдің сөзінше, тәуелсіздік алған алғашқы жылдары посткеңестік кеңістіктегі қалыптасқан дәстүр бойынша шикізат тауарларын - көмір, астық, металдарды жеткізуші ретінде қарастырған болса, ЕАЭО жұмыс істей бастағалы өңделген өнімді елдер нарығына ұсынуға мүмкіндік болған.

Шикізаттық емес тауарлар экспорты

ҚР сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша, 2015-2020 жылдары ЕАЭО елдеріне шикізаттық емес тауарлар экспортының өсуі 35% - ды 2,8-ден 3,7 млрд АҚШ долларына дейін құраған. Жалпы, қазақстандық экспорттың шамамен 10%-ы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге жіберіледі. Мәселен, тек ресейлік сауда желілеріне өткен жылы жеміс – көкөніс өнімдерін жеткізу 1 трлн теңгеден асты-бұл 2,3 млрд АҚШ долларынан астам. Бұл ретте, азық-түлік өнеркәсібі өнімдерінің жыл сайынғы жеткізілімін арттыру әлеуеті тек Ресей нарығына 100 млрд теңгеден асады екен.

«ЕАЭО нарығына жеткізушілер шағын және орта бизнес кәсіпорындары болып табылады», - деді вице-министр.

Аграрлық өнеркәсіп

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Манатаев Аграрлық өнеркәсіп нәтижелермен бөлісті. ЕАЭО – пен жасалған келісімшарт бойынша, оған одақтас мемлекеттер арасындағы әділ бәсекелесті дамыту, ресурстық әлеуетті тиімді жүзеге асыру, ортақ аграрлық нарыққа шығудың тең талаптары жатады.

Оның дерегінше, ауылшаруашылық саясаты жеті басым бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Олар: болжау, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау, ортақ аграрлық нарықты реттеу, өндіру саласында біркелкі талаптар орнату, экспортты дамыту, ғылыми-инновациялық даму, ақпараттық қамтамасыз ету

«Әр бағыт бойынша арнайы жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенді болжау жүйесі әзірленду», - деді Руслан Манатаев.

Соның ішінде салалық келісім құжаты және 6 техникалық регламент қабылданған.

- ТР ТС 015/2011 «Бидай қауіпсіздігі»;

- ТР ТС 023/2011 «Көкөніс пен жемістерден жасалатын шырын өнімдерінің техникалық регламенті»;

- ТР ТС 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;

- ТР ТС 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;

- ТР ЕАЭС 039/016 «Минералды тыңайтқыштардың қауіпсіздігі туралы»;

- ТР ЕАЭС 040/016 «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;

Вице-министрдің айтуынша, бұл техникалық регламенттер азық-түлік өнімлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Соынменн қатар, оң нәтижелері көріне бастаған. Мәселен, 2020 жылы Қазақстан экономикасы баяу дамыса да, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 5,6 %-ға өскен.

«Бұл уақытта ЕАЭО өзге елдерінде өнім өндіру көрсеткіші 2,3 пайызды ғана құраған», - деді Руслан Манатаев.

Оның мәлімдеуінше, 2016 жылмен салыстырғанда агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортталуы 1,5 есе өскен. Қаржы 2,7 млрд АҚШ долларға өскен.

«5 жылдың ішінде Қазақстан одақтас елдерге шығаратын көкөніс экспортын 4 есеге өсірді, бұл 9,1 млн АҚШ долларын құрады. Жеміс-жидек экспорты 2 есеге, сүт өнімдерінің экспорты 2,9 есе өсті», - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Одаққа қатысушы елдердің арасындағы сауда айналымын өсіруге әкелген факторлар:

-         кедендік декларациялау,

-         сәйкестік сертификаттары,

-         ветеринариялық және санитариялық құжаттарды өзара тануды алып тастау.

«Осының нәтижесінде бизнес үшін экспорт кезінде құжаттық жүктемені төмендету сияқты артық шығындар біршама азайды. Жалпы экспорттық тауарлардың ассортименті өзгерді және кеңейді», - деді Жанель Кушукова.

Бірлескен кәсіпорындар

Жанель Кушукова Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы 2050 жылға қарай ЖІӨ -дегі ШОБ үлесін 50%-ға жеткізу стратегиялық мақсат қойғанын еске салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке алдағы бес жылда ЖІӨ-де ШОБ үлесін 35 пайызға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын.

Оның айтуынша, ЕАЭО-ның таяудағы жылдарға арналған даму стратегиясын талқылау кезінде Қазақстан бірлескен өнеркәсіптік кәсіпорындар құру және мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік субъектілері арасындағы байланыстарды нығайту ЕАЭО нарығындағы кедергілерді жою және өзара сауда көлемін ұлғайту үшін қосымша серпін беретінін бірнеше рет атап өткенін жеткізді.

Вице-министрдың дерегінше, ЕАЭО жұмыс істеген 6 жыл ішінде Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындар саны 2015 жылдан бастап 6272-ден 13 503-ке дейін өскен. Сонымен қатар, Қазақстан ЕАЭО-ны 2025 жылға дейін дамытудың орталық элементі ретінде өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді санайды.

«Еуразиялық экономикалық одақтың барлық қатысушылары өнеркәсіптік ынтымақтастықты тауарлардың экспорттық желісін сапалы жақсарту құралдарының бірі ретінде бағалайды», - деді ол.

Тауарлардың экспорттық желісі

Сондай-ақ, ол Еуразиялық одақтағы қазақстандық тауарлар жолындағы кедергілерді анықтау және жою бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Тосқауылдарды жоюдың рекордтық оң динамикасын атап өтуге болады: 2016 жылдан бастап – ЕАЭО ішкі нарығында бұрыннан бар тосқауылдардың 83%-ы жойылды. Оның ішінде, 66 тосқауыл анықталып, 54 тосқауыл жойылды», - деді Жанель Кушукова.

Жалпы, сауда министрлігі құрылғаннан бері жойылған кедергілер шамамен 100 млн АҚШ долларына бағаланады.

Ол ЕАЭО-ның барлық қатысушылары өнеркәсіптік ынтымақтастықты тауарлардың экспорттық желісін сапалы жақсарту құралдарының бірі ретінде бағалайтынын атап өтті.

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамыту

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев Еуразиялық экономикалық одақ өз дамуының елеулі кезеңінен өтіп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді деп есептейді.

«Соңғы жылдары ЕАЭО-да кедендік әкелу баждарының қарқынды өсуі байқалуда. Дәл солай 2020 жылы болды. Өткен жылы 322,4 млрд теңге алынды, оң сальдо 77,3 млрд теңгені құрады. теңге", - деді Сұлтанғазиев.

Қаржы министрлігінің өкілі айтқандай, Қазақстан осы Одақ аясында атқарған жұмысы нәтижесінде бюджетке қосымша 390 млрд теңге қаражат құйған.

Ол 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі нәтижелерінің бірі Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын бекіту болғанын айтты.

Сонымен қатар, ол кейбір көңілге қонымсыз мәселелерді атап өтті. Мәселен, Одақ елдерімен шекарадағы жұмысқа мониторинг жүргізу нәтижесінде кедендік бақылаудың күшін жоюға әкелген. Одаққа мүше елдердің ішінде тауарлардың еркін қозғалысы көлеңкелі экономика мен режимсіз саудаға әкеп соққан. Бұдан бөлек, салық төлеуден жалтару деген мәселе қосылған. Сондай-ақ, жалған транзит, Қазақстан Республикасының жалған резиденттерінің атына тауар-көлік жүкқұжаттарын (ТКЖ) ресімдеу, тауар-көлік жүкқұжаттарында мәліметтерді дұрыс бермеу және т.б. ел экономикасына кері әсерін тигізетін схемалар анықталған.

Оның мәліметінше, жоспар 523 шарадан тұрады және 49 халықаралық шарттар мен ЕАЭО органдарының 219 актілерін әзірлеуді көздейді. Барлық шаралар кедергілерді жоюға, еркін нарықтың қалыптасу жолындағы барлық бюрократиялық және әкімшілік кідірістерден арылуға бағытталған. Бұл тауарларға ғана емес, жұмыс күшінің қозғалысына да қатысты болады.

«Ағымдағы жылдың 18 мамыры Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі барысында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап шешімге қол қойылады. бізде шекарасыз жұмыс сияқты ақпараттық ресурс болады, оның аясында жұмыс берушілер азаматтығына қарамастан жұмысшыларды іздей алады», - деді сауда вице -министрі.

Көлік қозғалысындағы кедергілер жойылуда

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Динара Щеглованың айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ ең жас аймақтық интеграциялық бірлестіктердің бірі болып саналады. Ол одаққа қатысушы мемлекеттер әлі талай кедергілерден өтуі тиіс деп есептейді. Десе де, қазірдің өзінде ортақ қызмет көрсету нарығы қалыптасып үлгерген.

Динара Щеглова әр сала бойынша нәтижелерге шолу жасады. Мәселен, көлік саласында бірыңғай транспорттық кеңістік пен көлік қызметтерінің ортақ нарығын жасау үшін негізгі бақыттар мен мемлекеттің көлік саясатының жүзеге асу кезеңдерін үйлестіру мақсатында 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалған. Олар транспорттың барлық түрлері қамтылған: әуе, су, темір жол және автокөлік.

«Осы Жоспар аясында азаматтық авиация саласында ЕАЭО мүше елдерінің әуе кеңістігі арқылы кедергісіз ұшуына бағытталған. Нәтижесінде қатысушы елдер арасында тауар тасымалы үшін артық төлемдер алынып тасталады. Бұл сатып алуды жоспарлауға, әуе кемеле парктерін жаңартуға, әуежай қызметтеріне қаржы бөлуге мүмкіндік береді», - деді Динара Щеглова.

Теңіз көлігі саласында Ақтау мен Құрық теңіз пункттерінде электронды құжат айналымы енгізіледі. Одан кейін Одаққа мүше елдердің теңіз пункттері арасында осындай жүйе арқылы интеграциялау жоспарда бар.

Динара Щеглова айтқандай, Ресей мен Белорусиямен ортақ әріптестіктің арқасында Біріккен көлік-логистикалық компания құрылды. Сол компанияның жұмысы нәтижесінде Қытай мен Еуролпадан келетін контейнерлер 12-15 күнде жеткізіледі. Соңғы 5 жылда тасымалданатын контейнерлер 15 есе өскен.

 

Барлық жаңалықтар