• Басты
  • Е.Жылқыбаев: Өткен жылы елімізде 424 мың жаңа жұмыс орны құрылды
5 Ақпан, 2020 13:00

Е.Жылқыбаев: Өткен жылы елімізде 424 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Өткен жылы елімізде 424 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылғы қорытындысы бойынша іске асырылған шаралар нәтижесінде еңбек нарығындағы өзгерістермен таныстырған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан  Жылқыбаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Е.Жылқыбаев: Өткен жылы елімізде 424 мың жаңа жұмыс орны құрылды

Бірінші вице-министрдің айтуынша, еңбек нарығында оң көрсеткішті қамтамасыз ету үшін жыл сайын орта есеппен 370 мың жұмыс орнын құру қажет.

"2019 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 424 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл белгіленген жоспардан пайызға артық екенін атап өткен жөн. Оның ішінде тұрақты құрылған жұмыс орнының саны 280 мыңды құрайды. Бұл  66 пайызды құрайды. Ал ауылдық жерлерде 181 мыңнан астам жұмыс орны ашылған, бұл 43 пайызды құрайды. Экономикалық қызмет түрлері бойынша қарайтын болсақ, жұмыс орындарын құрудың көп саны көтерме-бөлшек сауда саласына – 44 мың, құрылыс саласына – 43 мың  және ауыл, орман және балық шаруашылығына – 39 мың жұмыс орны тиесілі", - деді бірінші вице-министр.

Оның айтуынша, өткен жылы Алматы, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында жұмыс орны көптеп ашылған. Сонымен қатар БҚО және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіштің төмен екенін атап өтті.

"Өңірлер бөлінісінде алсақ, жұмыс орындары көптеп Алматы (48,1 мың), Қарағанды (32,5 мың) және Маңғыстау (32,5 мың) облыстарында және Алматы қаласында (47,4 мың) құрылған. Жұмыс орындары Батыс Қазақстан (12,8 мың) және Солтүстік Қазақстан (13,1 мың) облыстарында ең аз құрылған", - деді Ержан Жылқыбаев.

Сонымен бірге вице-министр "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы еңбек нарығына оң әсер етіп жатқанын айтты.

"Жұмыссыздық деңгейі соңғы жылда 0,1 пайыздық тармаққа (2018 жылғы 4,9 %-дан 4,8 %-ға) азайды, оның ішінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,8%-ға төмендеп отыр. 2018 жылмен салыстарғанда жалдамалы жұмыскерлердің саны 57 мың адамға артып, жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны 188 мың адамға өсті. Ал жұмыссыздардың саны, керісінше, 1 жарым мың адамға қысқарғаны байқалады", - деді вице-министр.

Бұдан басқа Ержан Жылқыбаев баяндамасында аталмыш бағдарламаның құралдарының тиімділігіне, қол жеткізілген көрсеткіштерге тоқталып өтті.

"Бағдарламаны қаржыландыруға 2019 жылы 178 млрд теңге бөлініп, 660 мың адам қамтылды, оның ішінде 261 мыңы немесе 40 пайызы – жұмыссыздар, 36 пайызы – жастар, ал 2 пайызы – аз қамтылған көпбалалы отбасылар. Жыл сайын шамамен қатысушылардың 70 пайызы жұмысқа орналасатынын атап өту керек.  Бұл бағдарламаның тиімді индикаторларының бірі", - деді бірінші вице-министр.

Сондай-ақ вице-министр бағдарлама аясында көрсетілетін маңызды шараның бірі - халықты жұмыспен қамту екенін баса айтты.

"Былтыр осы шараның арқасында 449 мың  адам жұмыс тапты, ал тұрақты жұмыс орындарымен 383 мың адам (85 пайызы) қамтылды. Аталған жұмыс Қарағанды, Жамбыл, Атырау облыстарында дұрыс жолға қойылған. Ал тұрақты жұмысқа орналастыру көрсеткіші өңірлер бөлінісінде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында жақсы. Керісінше, Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында тұрақты жұмысқа орналасқан азаматтардың саны өзге өңірлермен салыстарғанда әлдеқайда төмен. Оның себебіне аталған өңірлерде сапалы жұмыс орындарының  құрудың қарқының төмендігін айтуға болады", - деді вице-министр.

"Еңбек" бағдарламасы қандай бағыттар арқылы жүзеге асырылады?

Сондай-ақ оның айтуынша, бағдарлама бірқатар бағыт бойынша іске асады.

"Оқуға түсе алмай қалған мектеп түлектері үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жұмыс істейді. Мәселен, 2017 жылдан бері 53 мың жас азамат техникалық және кәсіптік білім алуға жіберілді, оның 22 мыңы 2019 жылы оқуға қабылданған. Сонымен қатар қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады. Оның мақсаты - жұмыссыз азаматтардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларын арттыру. Мысалы, қысқа мерзімді курстарға  57 мың адам, оның 50 мыңы оқуды аяқтады. Сонымен бірге оқуы аяқталған азаматардың 75 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты", - деді вице-министр.

Алайда, оның сөзіне сенсек, бұл көрсеткіш Қызылорда, Маңғыстау Түркістан облыстарында өзге өңірлермен салыстырғанда өте төмен. Оның айтуынша, қысқа мерзімді курстарда оқытылатын мамандықтардың еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің сұранысына сай болмауы себеп болып отыр. Сол себепті оқудың тиімділігін арттыру мақсатында былтырдан бастап білім беру ұйымдарына қойылатын талап күшейтілгенін атап өтті.

Сонымен қатар оның айтуы бойынша, елдегі кәсіпкерлікті дамыту да басты бағыттардың бірі.

"Жыл басынан бері "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 75 мың адам қамтылды немесе 100 %, оның ішінде 20 мың жас "Жас кәсіпкер" жобасы бойынша білім алды. Бүгінгі таңда 61 мың адам бизнес жобаларын қорғап шықты. Оның 21 мыңы шағын несиелермен гранттар алды. Қалған 41 мың адамның тиісті қаржыға қол жеткізу мүмкіндігін ұлғайту мақсатында сертификт жарамдылық мерзімі үш жылға ұлғайтылып отыр, яғни осы азаматтар биыл немесе келер жылы қаражат алуға толықтай құқылы", - деді вице-министр.

Сонымен бірге вице-министрдің айтуынша, бағдарлама шеңберінде жеке ісін ашуға ниет білдірген азаматтарға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілмек.

"Өткен жылы барлығы 40 мың 100 адам мемлекеттік грант алды. Атап айтсақ, 23 мың жас қазақстандық, 5 мың табысы аз азаматтар, 7 мың көпбалалы отбасы,1 мың 500 грант еңбекке қабілетті мүгедектерге берілді. Сонымен қатар, 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарына кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға, жеке ісін үйде ашуға қолдау көрсетуге "Менің кәсібім" атты жоба іске асырылуда", - деді вице-министр.

Бұдан басқа Ержан Жылқыбаев президенттің тапсырмасы бойынша "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тетіктері жетілдірілгенін, жаңа жаңашылдықтар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілгенін атап өтті.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды