• Басты
  • Е.Жамаубаев Қаржы министрі болып тағайындалды

Е.Жамаубаев Қаржы министрі болып тағайындалды

18 Мамыр, 2020 18:15

Президент Қ.Тоқаев Е. Жамаубаевты Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Strategy2050.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

 


«Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын», - делінген жарлықта.

  Сондай-ақ, Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойылып, , бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

 

 

Барлық жаңалықтар